"Keruen" scientific journal №4, 81 vol, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066 №4, 81 vol, 2023 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 239
Ал енді шежірелік дастанның шыңжаңдық нұсқасында Оғыз хан пайғамбарымыздан
қанша жыл бұрын өмір сүрген деп жазылған, соған назар аударайық:
Жазады талай елдің тарихшысы, Адамнан өзгеше еді қылған ісі. Үш жүз қырық жыл бұрын пайғамбардан, Атағы жер жүзіне шыққан кісі (Бабалар сөзі, 32-т., 2006: 60).
Көріп тұрғанымыздай, бұл нұсқада да қателік орын алған. Біздің ойымызша,
Шәкәрім шығармасын көшірушілердің кейбірі шежірелік дастандағы санмен
берілген «3400 жылдың» бір нөлін жаңылыс оқыған болуы мүмкін. Өйткені араб
тілінде «нөл» саны – ноқат «٠» белгісімен жазылатынын ескерсек, қолжазбадағы
екі нөлдің (3400) бірінің өшіп қалуы ғажап емес. Бұл мәселелер жуырда шығатын
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының академиялық толық жинағында өз
шешімін табады деген үміттеміз.
Сондай-ақ Шәкәрім шежіресін ғылыми тұрғыдан зерттеген тарихшы-ғалым
Ж.Артықбаев «Қазақ ауызша дәстүрі оғыз тарихының кілті» атты мақаласында: «Оқырман бірден осы жырдағы «пайғамбардан 3400 жыл бұрын» деген мәліметке назар аударуы керек, яғни ғылыми хронологияға салсақ Оғыз қағанның өмір сүрген уақыты қазіргі жыл санауымызға дейінгі 2800-ші жылдар» (e-history.kz, 2018), –
деп өз пікірін білдірген.
Демек, Шәкәрім қажының шежіре кітабы мен шежірелік дастанында келген
деректер бойынша Оғыз хан осыдан 4823 жыл бұрын өмір сүрген болып шығады
(2800 + 2023 = 4823). Бірақ орта ғасырлық тарихи деректерде Оғаз хан дәуірі
басқаша көрініс тапқан. Ендеше, осы мәселе төңірегінде Шәкәрімге дейінгі ұлы
тарихшылардың не дегеніне көңіл аударайық.
Шәкәрім қажының шежіре кітабы: «Атамыз Адам пайғамбардан бері қарай атадан-атаға үзілмей жазылып келген шежіре ешбір жұртта жоқ» » (Құдайберді
ұғлы, 1911: 2) деп басталады. Дегенмен, орта ғасырдағы ғалымдар адамзат
тарихындағы ең елеулі оқиғалардың болған уақыттарын қолдағы бар деректер арқылы
анықтауға тырысқан. Мәселен, ұлы астраном Ұлықбек Мұхаммед Тарағай (1394-
1449) «Турт улус тарихи» (Төрт ұлыс тарихы) атты еңбегінде ұлы ғалым Әбу Райхан
Беруни және оның шәкірттерінің Нұх пайғамбар кезінде орын алған топан су мен
хижра жыл санауына дейінгі мерзімді есептегендерін келтіреді. Олардың көзқарасы
бойынша жұма күні басталған топан судан хижраның бейсенбі күніне дейін 3725
жыл 348 күн өтеді. Сондай-ақ Мырза Ұлықбек бұл деректі Хамның «Жаһан нама»
рисаласынан алғанын айтады. Ол бұдан бөлек топан су мен хижраға дейін 3984 жыл
өтті деген пікірдің де бар екенін тілге тиек етеді (Мырзы Ұлықбек, 1994: 30). Демек,
хижра жыл санауы 622 жылы басталса, одан 3725 жылды шегерсек, топан су оқиғасы
– б.з.д. 3103 жылы орын алған болады (622 – 3725 = – 3103). Ал екінші пікірдегі 3984
жылды алсақ, нәтиже б.з.д. 3362 жылға тура келеді (622 – 3984 = – 3362).
Хиуа хандығын билеген қоңыраттардың түгел тарихы жазылған «Фирдаусу-л-
иқбал» (ХІХ ғ.) еңбегінде Нұх пайғамбар мен Ибраһим пайғамбардың арасы 1500
жыл, ал Ибраһим пайғамбар мен Мұса пайғамбардың арасы 460 жыл деп келеді
(Мунис ва Агахи, 2019: 74). Мұса пайғамбардың
б.з.д. 1391-1271
жылдар аралағында