Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутин ауылы «Ақбота» балабақшасы



Дата05.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Баутин ауылы

«Ақбота» балабақшасы

Дощимова Жемисхан Каратоновна – өзін-өзі тану пәнінің жетекшісі


Менің сүйікті балабақшам.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Өзін- өзі тану

Тақырыбы:Менің сүйікті балабақшам.

Мақсаты: Балаларды құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Білімділік: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:Ұжымдық қарым- қатынас дағдыларын дамыту.

Тәрбиелеу: Балаларды сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Балабақша суреті, мамандықтар суреттері, себеттегі жемістер, дәптер, карандаштар.
Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Балалар, бүгін тағыда көпшілік қауыммен танысуға мейірімділік ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Балалар, шеңбер арқылы бір- бірімізге шаттық көңіл- күй сыйлайық.. Балабақша суретін әсемдеп тілектерін айтады

1 -бала


Балабақшамыз әдемі.

2 -бала


Балабақшамыз гулдене берсін.

3- бала


Балабақшамыз ойыншықтарға толы болсын.

4- бала


Балабақшамыз кең әрі жарық.
Әңгімелеу

Тәрбиеші:Бұл- біздің балабақша. Балалар сендер балабақшадан тату болуға үйреніп,айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстыңдар. Сондықтанда «Балабақша өз үйіміз»деп біз айта аламыз.Біздер балабақша да әдепті, қамқор, ұқыпты, мейірімді, тату болуға үйреніп, көптеген достар таптық.


Тәрбиеші:Біздің балабақшамыздың атауы қалай аталады?

Балалар: «Акбота» балабақшасы




Тәрбиеші:Балабақша қай ауылда орналасқан.

Балалар: Баутин ауылы

Тәрбиеші:Балабақша біздің қандай?

Балалар: Жылы, кең, таза.әдамі.


Балабақшамыз 2007ж 14 желтоқсанда ашылды. Балабақшамызда 7 топ бар. Олар : Күншуақ , Бөбек, Балапан, Балдырған, Тұлпар, Көгершін, Қарлығаш.
Тәрбиеші:Біздің тобымыздың аты қалай аталады?

Балалар: «Қарлығаш» тобы


Тәрбиеші:Балабақшамызда кімдер жұмыс жасайды?

(Сладпен көрсету аты- жөнін, тегімен)

Балалар:Директор, әдіскер, тәрбиеші, аспазшы,дәрігер, информатика мұғалімі,ағылшын пәнініңмұғалімі, бейнелеу пәнінің мұғалімі, өзін өзі тану мұғалімі,дене тәрбиесінің мұғалімі,би жетекшісі,есепші.

Тәрбиеші:«Балабақша» бұл әдемі атау. Бақшада жас жеміс өссе,балабақшада Отанымыздың жас ұландары,сендер

өсіп, жақсылыққа, достыққа, әдептілікке үйрендіңдер

Тәрбиеші:Балабақшада немен айналысамыз?

Балалар: Ойнаймыз,оқимыз, сурет саламыз,жазамыз,ән саламыз, билейміз,гүлге су құямыз,серуенге шығамыз,тамақ ішеміз.

Тәрбиеші:Балалар сендер балабақшадан тату болуға үйреніп,айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстыңдар. Сондықтанда «Балабақша өз үйіміз»деп біз айта аламыз.

Тәрбиеші: Балабақша туралы кім таппақ айтып береді.

1-бала


Балабақша есегін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз

2-бала

Бұл екінші үйіміз.



Бір туғанбыз бәріміз,

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз
3-бала

Бұл құшағы тым ыстық.

Мектебіміз бастапқы,

Мұнда жақын туыстық.

Мұнда тұңғыш дос таптық,
4-бала

Біздің балабақшамыз,

Қанша бала,қанша біз.

Бір шоқ гүлміз баршамыз,

Ойын күлкі ордасы

Біздің балабақшамыз

5-бала

Гүлге толы қорамыз



Біз өсеміз толамыз.

Бәрімізде ертең ақ

Үлкен жігіт боламыз

6-бала


Біз ертеңгі батырмыз

Біз ертеңгі ақынбыз

Бір анадан туғандай

Біз бәріміз татулық


Ойын: «Кім боламын»

Тілші: Сәлеметсіздер ме, балалар.Мен тілшімін. Сендерден сұхбат аламын.

Сен өскенде кім боласың?
7-бала

Мен өскенде, тәрбиеші болғым келеді. Өйткені мен балаларды жақсы көремін. Оларға сабақ үйретемін, ойнатамын.

8-бала

Мен өскенде, құрылысшы болғанды қалаймын. Үлкен, әсем балабақшалар, үйлер саламын.



9-бала

Мен өскенде дәрігер олғым келеді,ауырған адамдарды емдеймін.

10-бала

Мен өскенде дәрігер болғым келеді,дәмді тамақ пісіріп,адамдарды қуантқым келеді.



Көрініс «Адал дос»

Бір бала қоян болып секіріп ойнап жүреді, бір кезде қолындағы себеттегі жемістерін төгіп алып жылап отырады.

Балалар көрдіңдер ме? Адал достар бір -біріне жаны ашиды.Достарыңа қиын кезеңде көмек береді екен.

1 бала:Досым,неге жылап отырсың?

2 бала: Себеттегі жемістерімді төгіп алдым.

1 бала: Жылама, мен саған көмектесемін. Жемістерінді жинап беремін.

2 бала: Рахмет.

Екеуі қосылып қолдарынан ұстап.

Балдырған баламыз

Досты көп табамыз

Қашанда, қайда да

Достар бір- біріне

Сенімді боламыз

Дәптермен жұмыс
Тәрбиеші: Балалар, өз балабақшанның суретін салып, әңгімелеп беріңдер.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз.

Өсіп, өніп толамыз

Күнге қарай талпынып

Көпке қолды соғамыз

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай ұшамыз

Бір отырып, бір тұрып

Жаттығулар жасаймыз



Қорытындылайық
Тәрбиеші:Балалар, біз балабақшада жақсылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, татулыққа үйрендік. « Балабақша» бұл- біздің екінші үйіміз. Сендер ақылды, тәрбиелі, мейірімді, ұқыпты, жақсы азамат болып өсулерің үшін балабақша өз үлесін қосады. Барлығыңыз оқу іс- әрекетіне жақсы қатыстыңдар.
Жүректен жүрекке шеңбері

«Балабақша» туралы ән айтылады.

Күтілетін нәтиже.

Болуы керек: Балабақша туралы түсінік беру.



Білуі керек: Адамгершілік қасиеттерді бала бойынан табыла білуі.

Баланың қолынан келуі: Іс -әрекет пен қарым -қатынас арасындағы түсіністік.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет