Маңғыстау облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы


Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру



бет4/4
Дата24.02.2016
өлшемі8.68 Mb.
#12048
1   2   3   4

2.5. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың пайымын және негізгі бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқару саласында реформалар өткізудің кешенділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарлануда.

Жергілікті өзін-өзін басқаруды дамыту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне айырықша назар бөлінбек.

Мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеудің жаңа тәсілдеріне сәйкес, мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерінен туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарланатын болады.

Осыған байланысты, ақпараттық технологияларды қолдану қажеттiгi арта түседі, бұл халыққа және бизнеске қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органның функцияларын оңтайландыру және автоматтандыруға, әкiмшiлiк кедергiлердi және халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, «Электрондық үкімет» порталында көрсетiлетiн электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету санының ұлғаюы да мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың басты құралдарының бiрi болып табылады, осыған орай мемлекеттік органдардың әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуі электрондық форматқа ауыстырылатын болады.

Қазіргі уақытта облыста ЖАО жеке және заңды тұлғаларға көрсететін 7 әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылды, бұл жалпы санның 58%-ын құрайды. 2013-2015 жылдары көздестірілген әлеуметтік маңызды қызметтің барлығын электронды форматқа көшіру жоспарлануда немесе 100% электронды түрде көрсетілмек.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекiтiлген стандарттары мен регламенттерiнiң сақталуына бақылау орнату тиiмдi шара болуы тиіс.

Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне қанағаттану деңгейін анықтауға бағытталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үшін (мемлекеттік қызметтерді тікелей алу кезінде сауалнамалық пікіртерім жүргізу және әлеуметтік пікіртерім арқылы) халықпен кері байланыс тұрақты негізде орнатылатын болады.

Социологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша 2012 жылы халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы 60% құрады. Халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы 2013 жылы – 90%, одан әрі 2014-2015 жылдары 100% құрайды деп күтілуде.


3. 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Экономиканың әртүрлі салалардағы өсуі, инфляция деңгейі, түсімдерді ұлғайту және халықты жұмыспен қамту бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторлары 2011-2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысының аумағын дамыту бағдарламасында және жергілікті атқарушы органдардың 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарларында анықталған.

ЖӨӨ-нің нақты өсу қарқыны 2014 жылы – 104%, 2015 жылы – 107,5%, 2016 жылы – 105,8%, 2017 жылы – 106,8%, 2018 жылы – 107% құрайды. 2018 жылға қарай облыстың ЖӨӨ 3070,2 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2013 жылғы 3100 мың теңгеден (19,7 мың АҚШ доллары) 2018 жылы 4417,5 мың теңгеге (28,5 мың АҚШ доллары) дейін өседі.

2013-2018 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемінің жыл сайын өсуі күтілуде. Өнеркәсіптік өнімнің НКИ 2014 жылы – 101,7%, 2015 жылы – 101%, 2016 жылы – 105,1%, 2017 жылы – 106,6%, 2018 жылы – 107,5% құрайды.

Бұл ретте, кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу қарқыны 2014 жылы – 101,6%, 2015 жылы – 100,5%, 2016 жылы – 105%, 2017 жылы – 106%, 2018 жылы – 107% құрайды.

2015 жылы шикі мұнай 18,4 млн. тонна көлемінде немесе 2013 күтілетін күтілетін өндіру деңгейінен 2,2% артық мұнай өндіріледі. 2018 жылы мұнай өндіру 22,5 млн. тоннаны немесе 2013 жылға 125% құрайды.

ҚР Мұнай және газ министрлігінің көмірсутегі шикізатын өндіру жөніндегі бағдарламасына сәйкес, 2014-2018 жылдары газ өндіру көлемінің жыл сайын біртіндеп 1-2%-ға артуы жоспарлануда.

Өңдеу өнеркәсібінде өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нақты көлем индексі өткен жылға болжам бойынша 2013 жылы – 109,1%, 2014 жылы – 111,2%, 2015 жылы – 102,1%, 2016 жылы – 103%, 2017 жылы – 103,5%, 2018 жылы – 105% құрайды.

Экономиканың одан әрі қарқынды дамуы, инвестициялық жобаларды іске асыру, болжамдалған кезеңде жаңа өндірістік қуаттардың іске қосылуы электр энергиясын тұтынудың өсуін қажет етеді.

Электр энергиясын тұтынудың өсуі 2013 жылы – 104,8%, 2014 жылы – 105,3%, 2015 жылы – 105,6%, 2016 жылы – 105,9%, 2017 жылы – 106%, 2018 жылы – 106% құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты өзгеруі бағалау бойынша 2013 жылы – 100,2%, 2014 жылы – 101%, 2015 жылы – 101,9% құрайды. Өңдеу өндірістерін дамытуға негізгі екпін түсірілетін болады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы мен тамшылатып суару одан әрі дамытылады.

Құрылыстағы өсу қарқыны өткен жылға қарағанда 2014 жылы – 102,2%, 2015 жылы – 104,3%, 2016 жылы – 103%, 2017 жылы – 103,2%, 2018 жылы – 103,4% деңгейінде болады деп күтілуде.

Көлік қызметінің НКИ өткен жылға қарағанда 2014 жылы – 107,1%, 2015 жылы – 108,0%, 2016 жылы – 107%, 2017 жылы – 107%, 2018 жылы – 107,5% құрайды.

Байланыс саласындағы НКИ 2014 жылы – 102%, 2015 жылы – 106,7%, 2016 жылы – 107,1%, 2017 жылы – 107%, 2018 жылы – 107,2% құрайды.

Сауда саласындағы НКИ 2014 жылы – 117%, 2015 жылы – 119%, 2016 жылы – 118%, 2017 жылы – 120%, 2018 жылы – 119% құрайды.

Халықты жұмыспен қамту стратегиясын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру экономикада жұмыспен қамтылғандарды өсіруге, жұмыссыздықты төмендетуге ықпал етпек. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2014 жылы – 311,3 мың адамға, 2018 жылы – 391 мың адамға дейін өседі. Ашық еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2018 жылы 5,2%-ға дейін төмендейді. Нақты жалақы деңгейі 2013-2018 жылдары өткен жылға 106,6-111% деңгейінде қалыптасады.
4. 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы

4.1. Жергілікті бюджеттің болжамы
Маңғыстау облысы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы Салық кодексі мен өзе де нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының, Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде есептелді.

Бұрынғыша, жеке тұлғаларға арналған салықтар облыс бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар болып қала беруде. Мәселен, 2014 жылы облыстың жергілікті бюджетінің кіріс бөлігінің жалпы көлеміндегі жеке табыс салығының үлес салмағы 36,3%, әлеуметтік салық тиісінше 31,4% құрайды.

Алдағы үшжылдық кезеңге Маңғыстау облысы бойынша мына кірістер көлемі: 2014 жылы – 93 064,6 млн. теңге, 2015 жылы – 103 115,3 млн. теңге, 2016 жылы – 116 005,5 млн. теңге болжамданған, осыны есепке ала отырып республикалық бюджетке бюджеттік алу айқындалды.

Мәселен, жоғары тұрған бюджетке бюджетке алу 2014 жылы – 10 079,9 млн. теңге, 2015 жылы – 16 725,9 млн. теңге, 2016 жылы – 25 712,8 млн. теңге құрайды.


4.2. 2014-2016 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары

Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған міндеттерін есепке ала отырып, 2014-2016 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:



1. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру

Халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамту ықпалдастығы арқылы халықтың табысын арттыру үшін Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын іске асыру толық көлемде жалғасады.

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, бизнес-дағдыларға үйрену арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту және шағын кредиттер беру, сонымен қатар еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету шаралары қаржыландырылады.

2. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету

Халықты, бірінші кезекте жас отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамыту жаңа бағыт алады.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында облыс үшін 2014-2015 жылдарғаға мына көлемде:

1) Ақтау қаласының 33 шағын ауданындағы екінші кезектегі үйлерді салуға (тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы) – 4170,0 млн. теңге;

2) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға – 2391,6 млн. теңге;

3) коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 10000 млн. теңге көздестірілген.



3. Өңірлік даму

Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға бағытталған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасады.

Осы бағдарламаны іске асыру аясында республикалық бюджеттен 2013 жылға 1,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен Жаңаөзен қаласының, Теңге және Қызылсай ауылдарының инфрақұрылымын салу және көшелерін абаттадыру бойынша жобалар іске асырылып, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шаралар көздестірілген.

Бұдан былай моноқалаларда кәсіпкерлікті белсенді дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін моноқалаларды дамытуға республикалық бюджеттен жыл сайын трансферттер бөлінетін болады.

Моноқалаларды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Кешенді жоспарларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес Жаңаөзен қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, ЭДСМ-мен келісілді. Осы Кешенді жоспар облыстың мәслихаттың 05.09.2012 жылғы №6/73 шешімімен бекітілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында, облыстың қалаларындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 2130,6 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласында трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта құрылымдау, магистралды жылумен жабдықтау желілерін, электрмен жабдықтау желілерін салу және Жаңаөзен қаласында жарықтандыру желілерін қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, бағдарламаның «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» атты 4 бағытының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін 216 млн. теңге бөлінді. 40 ауылдық елді мекенде 42 жобаны іске асыру жүргізілуде.

4. Адами капиталдың сапалы өсуі.

Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында бірінші кезекте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың


«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасының, «Балапан» бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.

Денсаулық сақтау саласындағы басымдықтардың бірі - Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылым: балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, емханаларды дамыту бағдарламасы денсаулық сақтау саласындағы басымдықтардың бірі болмақ.

Сондай-ақ, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.



5. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту.

Аталған бағыт аясында тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010-2014 жылдарға «Жасыл даму», 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ Бұлақ» бағдарламаларын іске асыру басымдық болады.

Бұдан басқа, одан әрі электрондық форматқа көшу арқылы халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалылығы мен қол жетімділігін арттыру бойынша шаралар қаржыландырылатын болады.

6. Индустриялық-инновациялық даму.

Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандырудың басты құралы Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру болып қала береді.

Экономиканың аграрлық секторын әртараптандыру үшін «Агробизнес 2020» бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша шаралар қабылданбақ. Бағдарлама аясында етті мал шаруашылығын, жем өнеркәсібін және отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

7. Бюджет шығыстарының маңызды басымдықтарының бірі мемлекеттің толық көлемде әлеуметтік міндеттемелерін орындау болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту және төтенше жағдайларды жою және алдын алу шаралары бойынша іс-шараларды іске асыру басым болады.

Жергілікті бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, газдандыру, табиғатты қорғау шаралары, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамтамасыз ету объектілері, мәдениет және спорт салаларындағы жобалар жатқызылған.

Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттары (оның ішінде бюджеттік инвестициялар).

Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге бағытталатын болады.

Орта мерзімді перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының басым бағыттары болып:



1. Әлеуметтік саланы жаңғырту

Осы бағыт аясында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту басғдарламасының, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасының және Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 бағдарламаларының іс-шаралары қаржыландыру жүзеге асырылмақ.

Білім беру саласында мектепге дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, жаңа мектептер салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептерді жою бойынша жұмыстар жалғастырылады.

2. Индустрияландыру бағдарламасы

Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Осы бағдарлама аясында «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», сондай-ақ энергетика, көлікті қоса алғанда ҮИИДМБ іске асыруда қабылданған өзге де салалық бағдарламалар басым қаржыландырылатын болады. Жезқазған – Бейнеу жаңа темір жол желісін салуды бастау негізгі мәселе болып табылады.



3. Халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй салу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін дамыту арқылы жақсарту.

Осы бағыт аясында бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламалары іске асырылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында қолжетімді жалдамалы тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.



4. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу жөніндегі реформаларды тереңдету арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияны іске асыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту

Оны іске асыру аясында қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту бойынша кедендік қызмет саласында, «е-Үкімет», «е-Салықтар», «е-Лицензиялау» жобаларын іске асыру, ХҚКО дамытуға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын дамыту және мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша іс-шаралар басым қаржыландырылатын болады.



5. Ақтау қалалық агломерациясын дамыту, Жаңаөзен моноқаласының проблемаларын шешу.

Осы бағыт Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған және 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламаларын іске асыруды, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында перспективалық агломерациялардың бірі ретінде Ақтау қаласы мен оған іргелес жатқан аумақтарды (Мұнайлы ауданын) дамытуды көздейді.



Үкіметтің тапсырмасы бойынша барлық мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Ақтау агломерациясын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Өңірлік даму мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен және облыс әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №290 қаулысымен мақұлданды. Жоспарды облыстық маслихаттың кезекті сессиясында бекіту жоспарлануда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет