Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат



бет2/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#175592
1   2   3   4   5

3.1.1. тармақ. Жаңаөзен қаласының еңбекке қабілетті тұрғындарының сапалық, сандық, жас шамасы құрылымының мониторингі (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, Еңбекмині, орындау мерзімі – Жыл сайын, наурыз)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 05-1-24/204-Д-1 ақпараты бойынша, 2012 жылғы бірінші тоқсанда Жаңаөзен қаласы тұрғындарының саны 123,2 мың адамды, оның ішінде экономикалық белсенді халық 50,9 мың адамды құрады. Қала экономикасының салаларында 48,0 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында жалдамалы қызметкерлердің саны 44,2 мың адамды (92,1%), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 3,8 мың адамды (7,9%) құрады. Экономикалық белсенді халық қатарындағы жұмыспен қамтылу деңгейі 94,3%-ды құрайды.

Жұмыссыз халықтын саны 2,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,6%-ды (облыс бойынша – 5,8%) құрады. Жаңаөзен қаласы бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ды (облыс бойынша – 1,0%) құрады.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруда: бос жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға орналастыру, азаматтарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға, жастар тәжірибесіне жіберу. Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бастап еңбек делдалдығына қала тұрғындары қатарынан 3956 адам өтініш білдірді. Олардың ішінде 2362 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 218 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 969 адам, жастар практикасына білім беру ұйымдарының 76 түлегі орналастырылды. Кәсіптік оқумен 50 адам қамтылды, 980 қала тұрғыны қоғамдық жұмыстардың қатысушысы болды.

Қала кәсіпорындарында құрылып жатқан жаңа жұмыс орындары санының артуы байқалып отыр: 2011 жылдың тиісті кезеңінде 2670 жұмыс орны болса, қазіргі кезде 3046 жұмыс орны. Бұл ретте, 65,7% (2001 бірлік) – тұрақты жұмыс орындары болды.



Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, мемлекеттік органдар тарапынан еңбек ресурстарын реттеу мақсатында Жаңаөзен қаласының халқын жұмыспен қамту қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, жыл басынан бері қала кәсіпорындарында 3059 жаңа жүмыс орны, оның ішінде 2109 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының қатысушыларын есепке ала отырып, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 2660 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 339 адам, қолда бар бос орындарға 25 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыссыз орындарына1016 жұмыссыз қабылданды, жастар практикасының аясында оқу орындарының 168 түлегі уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді, кадрларды қайта даярлауға 70 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 1067 жұмыссыз жолданды.



3.1.2. тармақ. Еңбек нарығындағы сұраныс және ұсынысты анықтау:
- Маңғыстау облысы бойынша;


- Жаңаөзен қаласы бойынша (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – жыл сайын, наурыз)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан мамандарға ағымдағы және болжамды қажеттілік туралы мәліметтерді берудің бекітілген кестесіне сәйкес, облыс кәсіпорындары үшін қажет етілетін мамандықтар кескінінде техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларына қажеттілікке талдау жүргізілуде.

Мәселен, 2012 жылы қызметкерлерге (мамандарға) қажеттілік 834 адамды құрады. Жұмыс кадрларына мейлінше көп сұраныс энергетика, көлік, байланыс, денсаулық сақтау және білім беру салаларында байқалады. Облыста көптеген кәсіптік-техникалық оқу орындарында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде. Облыстың жұмыспен қамту органдары оқу орындарымен қажет етілетін мамандықтарға жұмыссыздарды оқыту жөнінде шарт жасасу бойынша үлкен тәжірибе жинақтады.



3.1.3. тармақ. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылатын жобалар;

- ұлттық компаниялар іске асыратын жобалар;

- өңірлік инвестициялық жобалар бойынша құрылыс және пайдалану кезінде мамандықтарға (кәсіптерге) деген қажеттілікті анықтау (орындауға жауаптылар – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИЖТМ, МГМ,АШМ, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), орындау мерзімі – жыл сайын, наурыз)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінге облыс бойынша іске асырылып жатқан жобалардың бастамашы-кәсіпорындарымен қажетті мамандықтар бойынша тізбе пысықталуда. Қажеттілікке сәйкес облыстың кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс құрастырылады.

Облыс бойынша мамандарға қажеттілік келесідей:

- Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылатын жобалар бойынша: құрылыс кезеңінде – 1516 адам; пайдалану кезінде – 5129 адам;

- ұлттық компаниялар іске асыратын жобалар бойынша: құрылыс кезеңінде – 618 адам; пайдалану кезінде – 5147 адам;

- өңірлік инвестициялық жобалар бойынша: құрылыс кезеңінде – 4632 адам; пайдалану кезінде – 17078 адам.

Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша, Маңғыстау облысы бойынша Ақтау пластикалық масса зауытындағы жол битумын шығару зауытына 2012 жылғы құрылыс жұмыстарына мамандарға сұраныс 817 адамды, пайдалану кезінде 695 адамды, оның ішінде 2012 жылы – 95 адам, 2013 жылдан 2015 жыл аралығында – жыл сайын 300 адамды құрайды. Жобаны іске сыру мерзімі: 2010-2012 жылдар, жобаның құны 290 млн. АҚШ долл. (қосымша 2).

Зауытты пайдалану кезінде мамандарды алу негізінен бүгінгі күні Ақтау пластикалық масса зауытында жұмыс істейтін АО «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-да босайтын жұмыскерлер есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.



3.1.4. тармақ. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және өңірлік инвестициялық жобалар аясында, іске асырылатын жобалар үшін 2020 жылға арналған халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік тапсырыс беру, аумақтарды дамыту бағдарламары бойынша Жаңаөзен қаласының еңбекке қабілетті тұрғындарының кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруын ұйымдастыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, Еңбекмині, БҒМ, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға Жаңаөзен қаласы бойынша 235 адамды, оның ішінде Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша 25 адамды (кәсіби даярлау – 3 жыл), кадрларды қайта даярлауға (3 ай) – 10 адамды жолдау жоспарлануда.

Мамандықтардың тізбесі қалыптастырылып, Бағдарлама аясында оқудан өтуге тілек білдірген адамдардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күнге Жаңаөзен политехникалық колледжіне қайта даярлауға Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының 20 қатысушысы жолданды. Оқу электрмен, газбен дәнекерлеуші, тігін ісі мамандықтары бойынша жүргізілуде.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіптік оқуға 50 адамды, темір жол қызметкері мамандығы бойынша – 25 адамды, слесарь-жөндеуші мамандығы бойынша – 10 адамды, ЭЕМ операторы мамандығы бойынша – 15 адамды жолдады.

2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Жаңаөзен қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы бос жұмыс орындары білім беру, денсаулық сақтау және құрылыс саласында 25 бос орынды құрады. Жұмыспен қамту бөлімі бос орындар базасын ай сайын жаңартып, «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толтыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің ақпараты бойынша, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламасының шеңберінде ағымдағы жылы Жаңаөзен қаласы бойынша 200 адамды, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде – 30 адамды кәсіби оқытуға жолдау жоспарлануда.

2012 жылғы 1 маусымға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 50 жұмыссыз, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша – 20 қатысушыны қайта даярлауға жолданды. Оқыту электрогаздәнекерлеуші және тігіншілік ісі мамандықтары бойынша жүргізіледі.



3.1.5. тармақ. Ірі өндіріс кәсіпорындарының оқыту орталықтар, Атырау қаласындағы өңіраралық мамандар даярлау орталығы, жеке меншік, тренингтік-оқыту орталықтар базасында ұлттық компаниялардың іске асыратын жобалары үшін Жаңаөзен қаласының еңбекке қабілетті тұрғындарының кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруын ұйымдастыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Білім және ғылым министрлігінің сұрауына сәйкес, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан Атырау қаласындағы «Мұнай-газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадраларын даярлау мен қайта даярлаудың өңіраралық кәсіптік орталығы» РМКК-нда оқыту үшін мамандықтар тізбесі жолданды. Мамандықтардың тізбесі жаңадан қосымша жұмыс орындарын құру аясында жұмыс берушілердің болжамдық қажеттіліктерінің негізінде жасалды. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жоспары 50 адамды құрады.

3.1.6. тармақ. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында, даярланған мамандарға жалға берілетін үйлер берумен және көшіп келуіне байланысты өтемақы төлеумен Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін тұрақты жұмысқа орналастырылуын, соның ішінде: вахталық әдіспен жұмыс жасауды және тұрақты жұмыс орындарын квоталауды ұйымдастыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, Еңбекмині, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының республиканың басқа өңірлеріне өз еркімен көшуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, министрлік тарапынан жергілікті атқарушы органдарға Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарын қабылдауға тілек білдіретін нақты жұмыс берушілерді анықтау жөніндегі сұраныспен хаттар жолданды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардан (Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа) ұсыныстар түсті, оларда Жаңаөзен қаласының тұрғындарының ішінен 1805 азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар 206 жұмыс берушілер анықталған.



Бұл жұмыс берушілердің кәсіпорындарының атауын, лауазымдардың (мамандықтардың) бөлінісіндегі жұмыс орындарының санын және біліктілік талаптарын көрсетумен берген өтінімдері қала халқының арасында тиісті жұмыстар жүргізу және ұсыныстар жинау мақсатында – кейіннен Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарауға енгізу үшін Маңғыстау облысының әкімдігіне жолданды. Өтініштер түсуіне қарай олар Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарауға енгізілетін болады.

3.1.7. тармақ. Ұлттық компаниялардың іске асыратын жобаларына даярланған мамандарды тұрақты жұмысқа орналастырылуын, соның ішінде: вахталық әдіспен жұмыс жасауды ұйымдастыру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, осы мәселені шешу пысықталуда. Бүгінгі күнге Алматы облысының «Джей ти Ай Казахстан» компаниясы біліктілік талаптарына сәйкес Т. Исаевқа тұрғын үй берумен қатар жұмысқа орналастыруға келісім берді. Алайда, Т. Исаев ұсынылған жұмыстан бас тартты. Басқа облысқа көшуге өтініш берген Жаңаөзен қаласының өзге тұрғындарына бос жұмыс орындарының болмауына байланысты көшіруге рұқсат берілмеді.

3.1.8. тармақ. Жаңаөзен қаласын жұмыспен қамтудың өңірлік Жол картасын әзірлеу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – жыл сайын, қаңтар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласын жұмыспен қамтудың өңірлік Жол картасы әзірленіп, Жаңаөзен қаласының әкімдігімен 2012 жылғы 28 мамырда бекітілді. Жұмыссыз халық үшін 403 жұмыс орнын құру жоспарланған. 8 жобаны іске асыруға 717,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

3.1.9. тармақ. Жаңаөзен қаласында жыл сайын 1000-нан кем емес әлеуметтік жұмыс орнын құру арқылы әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында кемінде 1000 жұмыс орның құру туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 20.01.2012 жылғы № 8 қаулысы қабылданды. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 986 адам, оның ішінде 749 әйел, 21 жасқа дейін жасөспірімдер қатарынан 48 адам жолданды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 202,5 млн. теңге бөлініп, 01.07.2012 жылғы жағдай бойынша 54,3 млн. теңге игерілді.

3.1.10. тармақ. Жоғары оқу орындарының және орта арнайы оқу орындарының түлектеріне жыл сайын кәсіпорындар мен ұйымдарда 160 адамнан кем емес жастар практикасын өткізуді ұйымдастыру (Жаңаөзен қаласының тұрғындар арасынан) (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, жұмыс беруші компаниялар (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, ЖОО мен ОАОО түлектерінің жастар практикасынан өтуі үшін 2012 жылға жұмыс беруші кәсіпорындардың тізбесі жасалды. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің тиісті 02.04.2012 жылғы №119 қаулысы қабылданды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 26,4 млн. теңге бөлінді, 01.07.2012 жылғы жағдай бойынша 3,2 млн. теңге игерілді.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының аясында облыстың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен 15 шарт жасалды. Жастар тәжірибесінен өтуі үшін барлығы 35 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2012 жылы 5,6 млн. теңге бөлініп, 01.07.2012 жылғы жағдай бойынша 1,4 млн. теңге игерілді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.



3.1.11. тармақ. Ақтау тренинг орталығы - халықаралық стандарттарға сәйкес оқу бағдарламалары бойынша кәсіптік оқу оқыту орталығында жыл сайын Жаңаөзен қаласы жастарының ішінен 50 адамнан кем емес оқыту үшін қаражат бөлу (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012-2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнге Ақтау тренинг орталығында оқуға тілек білдірген Жаңаөзен қаласы жастарының ішінен үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

3.1.12. тармақ. Атырау қаласындағы өңіраралық мамандар даярлау орталығына Жаңаөзен қаласы тұрғындарының ішінен жастарды оқыту үшін квотаны бөлу (орындауға жауапты – БҒМ, орындау мерзімі – жыл сайын, қаңтар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Білім және ғылым министрлігіне Атырау қаласындағы «Мұнайгаз саласы үшін техникалық және еңбек қызметін көрсету мамандарын даярлау және қайта дайындаудың өңіраралық кәсіби орталығы» РМКК-да оқыту үшін мамандықтардың тізбесі жолданды. Мамандықтардың тізбесі қосымша жаңа жұмыс орандарын құру шеңберіндегі жұмыс берушілердің болжамды қажеттіліктерінің негізінде құрастырылды. Ағымдағы жылы мамандарды әзірлеуге және қайта даярлауға 50 адамды жолдау жоспарлануда.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласының тұрғындарының ішінен Атырау қаласындағы мұнайгаз саласы үшін техникалық және еңбек қызметін көрсету мамандарын даярлау және қайта дайындаудың өңіраралық кәсіби орталығында оқуға қажеттілік болған жағдайда (кәсіпорындардың өтінімдерін ұсынумен) квота республикалық бюджет есебінен мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде қарастырылатын болады.

3.1.13. тармақ. Жаңаөзен қаласында 960 орындық мұнай және газ колледжі ғимаратын салу (орындауға жауапты – БҒМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2014 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Кешенді жоспарды өзектендіру шеңберінде Экономикалық даму және сауда министрлігіне колледждің құрылысын салу мерзімін 2012 жылға ауыстыру жөнінде ұсыныс жолданды. Бүгінгі күнге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде, оны алу мерзімі – а.ж. тамыз айы.

3.1.14. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы «Ө. Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжi» МКК-ң материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру (орындауға жауапты – БҒМ, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 - 2013 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Білім және ғылым министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында Жаңаөзен қаласының «О. Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжі» МКК-нің материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру бойынша «Автоматтандыру және басқару» кабинетіне 1 зертханалық стендті, «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» кабинетіне қоспаны бөлу үшін 1 ректификациялық қондырғыны, «Мұнай және газ өндірісіне техникалық қызмет көрсету және құрылғыларды жөндеу» кабинетіне 1 әмбебап зертханалық стендті 25,0 млн. теңге сомасына сатып алуға арналған Келісімге қол қойылды. Қондырғыларды сатып алуға арналған конкурсты ағымдағы жылғы шілде айының соңында өткізу жоспарлануда.

3.2.1. тармақ. Жаңадан құрылатын жұмыс орындарының жалпы санынан Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін 10 %-дан кем емес квотаны белгілеу, оның iшiнде мына жобалар бойынша жаңа мамандықтар бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру: (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, жұмыс берушi компаниялар (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнге

«Kvaerner Caspian Fabrication» ЖШС (бұрынғы «Дос Марин» ЖШС) және «Ерсай» ЖШС қоспағанда, жобалардың шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша 10 %-дан кем емес квотаны белгілеу жөнінде барлық жобалардың бастамашыларымен өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды. Жұмыссыздардың негізгі үлесін «Кендірлі» курортты демалыс аймағын құру және дамыту» жобасын іске асыру есебінен жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге сыртқы инфрақұрылымның құрылысын салуға ЖСҚ әзірленуде.



3.2.1.1. тармақ. Құрық ауылындағы шығарушы жағадағы құрылғыларымен мұнай құю терминалы (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – іске асыру мерзiмi Қашаған кен орнының II кезеңi аясында мұнай өндiрудiң басталуына және КТҚС-ның оңтүстiк секторында мұнай өндiрудiң басталуына байланысты)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен жоба бастамашысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы арасында Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы ақпараты бойынша, іске асыру мерзімдері Қашаған кен орнының II фазасы шеңберінде мұнай өндірудің басталуымен байланысты. Алдын-ала бағалау бойынша жоба 2020 жылдан ерте емес уақытта қажет болуы мүмкін.

3.2.1.2. тармақ. Құрық ауылы маңындағы кеме жөндеу/кеме жасау зауыты (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2013 - 2015 жылдар)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы ақпараты бойынша, ТЭН құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға 2012 жылғы сәуірде тапсырылды. Аяқтаудың күтілетін мерзімі – 2012 жылғы шілденің аяғы. ЖСҚ әзірлеуге дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде, ол үшін техникалық тапсырмаларды және инженерлік іздестірулерді орындауға жұмыстар көлемін қоса алғанда, тендерлер үшін барлық жұмыс құжаттарын дайындау жүргізілуде. Жобалаудың басы 2013 жыл.

3.2.1.3. тармақ. Құрық ауылындағы «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС-iнiң өндiрiстiк қуатын кеңейту мәселесін пысықтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС-i (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – іске асыру мерзiмi КТҚС-ның оңтүстiк секторында мұнай өндiрудiң басталуына байланысты)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Қашағанның II-фазасын іске асыруды бастау мерзімінің мәселесі шешілмеуіне байланысты «Ерсай» ЖШС айқын жауап бере алмауда. «Ерсай» ЖШС-нің өндірістік базасын кеңейту жөнінде өтінім берілген жобаны іске асыру ашық күйінде қалуда.

3.2.1.4. тармақ. Құрық ауылындағы теңiз мұнай операцияларын қолдау базасы, оның iшiнде су түбiн тереңдететiн флотқа қызмет көрсететiн базаны құру, флотқа техникалық қызмет көрсету аймағын, кемелер тұратын аймақты құру (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – іске асыру мерзiмi Қашаған кен орнының II кезеңi аясында мұнай өндiрудiң басталуы-мен байланысты)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен жоба бастамашысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы ақпараты бойынша, ҚР мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде құны 3975 млн. теңге қарыз алу қаражаттары қарастырылған.

3.2.1.5. тармақ. Құрық ауылындағы қалдықтарды орналастыратын және көметiн полигон (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – Iске асыру мерзiмi КТҚС-ның оңтүстiк секторында мұнай өндiрудiң басталуына және КТҚС-ның оңтүстiк секторында мұнай өндiрудiң басталуына байланысты)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы ақпараты бойынша, ҚР мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде құны 1635 млн. теңге қарыз алу қаражаттары қарастырылған.

3.2.1.6. тармақ. Ақтау қаласындағы «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы металконструкция зауытын салу мәселесін пысықтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «ДосМарин» ЖШС-і (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – іске асыру мерзiмi КТҚС-ның оңтүстiк секторында мұнай өндiрудiң басталуына байланысты)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның бастамашысы тарапынан персоналға арналған вахталық кенттің құрылысын қарастырылмағандықтан, Ақтау қаласында тұрақты тұратын азаматтарды жалдау және жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Осыған байланысты, Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондум келісілмеген.

3.2.1.7. тармақ. Түпқараған ауданындағы «Сарытас» шығанағындағы теңiз операцияларын қолдайтын жағадағы база (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2014 жыл)

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен «Сарытас теңіз порты» АҚ арасында Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды.

3.2.1.8. тармақ. Ақтау қаласындағы «Caspi Bitum» БК» ЖШС-і Ақтау пластиқалық масса зауытында жол битумдарын өндіру (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 жыл)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы ақпараты бойынша, жоба құрылыс жүргізу сатысында, құрылыс-монтаж жұмыстары орындалуда.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен «Caspi Bitum» БК» ЖШС арасында Жаңаөзен қаласының жұмыссыздары үшін жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет