ххххххххххххххх
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристiк инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемi және күзет аймағы көрсетiлген карта-схемасымен бiрге орналасқан жерi:
5.1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi:
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
(облыс, аудан, елді мекен)
5.2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасының сипаттамасы:
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бірінші учаскесінің солтүстік шекарасы 226 м биіктік белгісі ауданының кемерінде орналасқан 44°21'31,568" с.е. және 53°22'5,228" ш.б. координаттарымен №1 нүктеден басталады; бұдан әрі 44°21'59,060" с.е. және 53°20'0,399" ш.б. координаттарымен №2 нүктеге дейін батысқа өтеді. Бұдан әрі шекара оңтүстікке бұрылады, баурайды бойлай өтіп, 44°18'18,003" с.е. және 53°17'58,841" ш.б. координаттарымен №3 нүктесінде теміржолды кеседі, 44°9'5,624" с.е. және 53°6'0,398" ш.б. координаттарымен №4 нүктесіне дейін теміржолды бойлай өтеді.
Бұдан әрі шекара №4 нүктеден бастап 44°7'24,308" с.е. және 53°4'17,335" ш.б. координаттарымен №5 нүктесі арқылы 44°7'40,708" с.е. және 53°14'6,052" ш.б. координаттарымен №6 нүктеге дейін учаскенің оңтүстігі бойынша өтеді. Бұдан әрі шекара кемер баурайы бойынша 44°21'31,568" с.е. және 53°22'5,228" ш.б. координаттарымен №1 нүктеге дейін өтеді.
Табиғи парктің екінші учаскесінің солтүстік шекарасы 44°7'11,695" с.е. және 53°15'33,945" ш.б координаттарымен №13 нүктеден басталады және Атырау-Ақтау автомобиль жолдарына параллель шақырымда 44°6'57,553" с.е. және 53°1'47,924" ш.б. координаттарымен №7 нүктеге дейін барады. Бұдан әрі жер пайдаланушының жер учаскесінде орналасқан 44°5'21,367" с.е. және 52°59'3,064"ш.б. координаттарымен №8 нүктеге дейін құрғақ арнамен барады.
Бұдан әрі шекара оңтүстік-шығысқа бұрылады, 44°4'8,506" с.е. және 53°4'34,712" ш.б. координаттарымен №9 нүктеге дейін жер учаскесі шекарасы бойынша өтеді, оңтүстікке бұрылады және 44°1'26,036" с.е. және 53°4'45,101" ш.б. координаттарымен №10 нүктеге дейін жер пайдаланушының жер учаскесінің шекарасы бойынша жүреді. Кемер баурайымен төмен түседі, кемер етегіне, бұдан әрі электр тарату желісі ауданында 43°57'49,420" с.е. және 53°23'38,060" координаттарымен №11 нүктеге дейін Тұзбайыр сорының оңтүстік шекарасы бойынша шығысқа жүреді. Содан кейін шекара солтүстік-батысқа бұрылады, ескі мұнай құбырына және қара жолға параллель кемердің жоғарғы ұшына дейін жүреді, солтүстік-батысқа бұрыла отырып, 44°3'49,569" с.е. және 53°16'42,575" координаттарымен №12 нүктесі арқылы 44°7'11,695" с.е. және 53°15'33,945" ш.б. координаттарымен №13 нүктеге дейін жүреді. __________________________________________________________________
(заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА шекарасының сипаттамасы бұрылыс нүктелері бойынша беріледі, заңды тұлға мәртебесі жоқ ЕҚТА шекарасының сипаттамасы табиғи шектер бойынша беріледі)
5.3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың алаңы – 68 445 га.
(табиғат қорғау ұйымы аумағының алаңы мемлекеттік актілерге сәйкес; мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының алаңы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органының ЕҚТА құру туралы шешіміне сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығына беріледі)
5.4. Қорғау аймағының алаңы – 47 462 га.
(ЕҚТА қорғау аймақтарын белгілеу туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы шешімінің атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі)
5 .5. ЕҚТА инфрақұрылымы көрсетіле отырып ЕҚТА карта-схемасы
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамасымен бiрге олардың тiзбесi 1-қосымшада келтіріледі.
6.1 «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің өсімдік және жануарлар дүниесінің жай-күйін айқындайтын индикаторлық түрлер.
6.1.1 Өсімдіктер:
Тамыр жусан - Artemisia terrae albae
Борық жынғыл - Tamarix laxa
Қызыл жынғыл - Tamarix ramosissima
Урігул қараған - Caragana grandiflora
Күйреуік сораң - Salsola orientalis
Мүйіз теріскен - Krascheninnikovia ceratoides
Тікенді туйесіңір - Atraphaxis spinosa
Сортаң бұйырғын - Anabasis salsa
Қызыл кітапқа енгізілген түрлері:
Согдианақызғалдағы - tulipa sogdiana
Кәдімгі жұмсақжемис - malacocarpus crithmifolius
Шобер ақтікені - nitraria schoberi
Баялыш сораң - salsola arbusculiformis
Хиуа сораңы - salsola chiwensis
Қара сексеуіл - haloxylon aphyllum
Ақ сексеуіл - haloxylon persicum
Майда қатыран - crambe edentula
Аналық оносма - onosma stamineum
Үстірт астрагалы - astragalus ustiurtensis
Түрікмен түйетабандары - zygophyllum turcomanicum
(өсімдіктердің индикаторлық түрлері санамаланады)
6.1.2 Жануарлар:
Жасыл құрбақа - Bufo viridis
Дала тасбақасы - Agrionemus horsfieidi
Дала ешкемері - Agama sanguinolenta
Жүйрік кесіртке - Eremias velox
Шұбар полоз - Coluber karelini
Сұр бозторғай - Calandrella rufescens
Кіші бозторғай - Calandrella cinerea
Шөл тасшымшығы - Oenanthe deserti
Биші шақшақай - Oenanthe isabellina
Қаска тасшымшык - Oenanthe pleschanka
Үлкен тағанак - Lanius exibitor
Сарғалдак сұлыкеш - Emberiza bruniceps
Шөл сандүғаш - Sylvia nana
Үлкен құмтышқандар - Rhombomys opimus
Құлақты кіры - Erinaceus auritus
Кұмқоян - Lepus tolai
Сұр түсті қалтауыз - Cricetulus migratorius
Кәдімгі шабақ - Ellobius talpinus
Қызыл кітапқа енгізілген түрлері:
Төртжолақты қарашұбар жылан - Elaphe quatuorlineata
Жыланжегіш қыран - Circaetus gallicus
Дала қыраны - Aquila nipalensis (rapax)
Қарақұс - Aquila heliaca
Бүркіт -Aquila chrysaetos
Жұртшы - Neophron percnopterus
Ителгі - Falso cherrug
Дуадақ -Otis tarda
Жорға дуадақ - Chlamydotis undulate
Қарабауыр бұлдырық - Pterocles alchata
Қылқұйрық бұлдырық - Syrrhaptes paradoxus
Үкі - Bubo bubo
Шұбар кұзен - Vormela peregusna
Шағыл мысығы - Felis margarita
Сабаншы - Felis manul
Қарақал - Lynx caracal
Қарақұйрық - Gazella subguturosa
Сайғақ (киік) - Saiga tatarica
Үстірт арқары - Ovis vignei arcal
____________________________________________________________________
(жануарлардың индикаторлық түрлері санамаланады)
6.1.3 Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны 2-қосымшада келтірілді.
6.2 «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілері.
6.2.1 Тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі 3-қосмшада келтіріледі.
7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимi түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөнiндегi мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер
7.1 Функционалдық аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимдері:
Достарыңызбен бөлісу: |