Парктің экологиялық жүйесіне теріс әсер етуші табиғат пайдалану және шаруашылық қызметтерінің түрлеріне тыйым салынады немесе шектеулер қойылады:
ластаушы заттарды және ағынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздеріне тастау, қалдықтарды жайластыру;
пайдалы қазбаларды өндіру;
объекттерді жайластыру, жобалау және пайдалану, экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін жаңа технологияларды енгізу;
өнеркәсіптік кәсіпорындарды және санитарлық-экологиялық қауіптілігі жоғары басқа объекттерді салу;
белгіленген лимиттен асыра және жануар әлемін қолдануға рұқсаттарда көрсетілген мерзімдерден тыс жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;
аңшылық және балық аулау ережелерінде қарастырылмаған қару түрлерін, жануарларды олжалау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;
ландшафттардың өзгеруіне және нашарлауына алып келетін қызмет, топырақ жамылғысын жою, ластау, қоқсыту, сортаңдандыру;
сирек және Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып бара жатқан өсімдіктер және жануарлар түрлерін жинау және табу;
ұяларды, індерді, апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзу, жұмыртқаларды жинау және жануарлардың өліміне алып келетін басқа әрекеттер;
жабайы жануарлардың және жабайы өсетін өсімдіктердің бөгде түрлерін жерсіндіру;
парктің экологиялық жүйесіне зиянды әсер етуі және парк аумағында орналасқан табиғат кешендеріне және тарихи-мәдени (археологиялық) объектілерге орны толмас залал келтіруі мүмкін кез келген басқа қызмет.
____________________________________________________________________
(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерiнің сипаттамасы келтіріледі).
9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келіп кіру ережесі
Рұқсат етілген функционалдық аймақтардың рекреациялық жүктемелері және рекреациялық сыйымдылығы:
Достарыңызбен бөлісу: |