- Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында. Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған: Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске Қызметі белсене араласқан батыр. Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы. Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші. Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей. Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған. Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді
Достарыңызбен бөлісу: |