39
«Асыл мұра» сериясы
жаялықпен серуенге шығару дұрыс емес, серуенге шы-
ғаруға нағыз қолайлы уақыт – түстен кейінгі 2–4 сағат
арасы.
Тісеу. Тісеу – баланың дене тұрмысында зор ѳзгеріс.
Жас иекті жарып бірінші тісі 6–8 ай арасында шығады.
Иекте тамыр кѳп болғандықтан, тісей бастағанда бала
әжептәуір ауырады.
Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыс-
тық болады. Аузынан сілекей шұбырады.
Бала әлсін-
әлсін қолын аузына сала береді. Мұндай уақытта ба-
ланы таза ауа, серуенге жиі шығару керек. Жылы суға
жиі-жиі шомылдыру керек. Балаға тісі тѳмендегі рет-
пен шығады. Тісі тѳрт түрге бѳлінеді.
Бірінші түр – күрек тіс. Саны 8 болады. 5–12 ай ара-
сында шығады. Екінші түр – ит азу. Саны – тѳрт. 12–16
ай арасында шығады. Үшінші түр – ас азу. Саны – 4,
17–20 ай арасында шығады. Тѳртінші түр – түпкі азу.
Саны – 4, 20–24 ай арасында шығады. Міне, осымен ба-
ланың 20 сүт тісі болған болды. 7 жаста бұл сүт тісі түсе
бастап, 7–11 жас арасында балаға дәйімгі тісі шығады.
Яғни жаңағы айтылған – 20 тісі түсіп
қайта шығып,
олардың үстіне тағы азу қосылады. 12 жаста тағы тѳрт
азу шығады. Сѳйтіп, дәйімгі тістің саны 28-ге толады.
22–25 жас арасында тѳрт азу шығады. Мұны ақыл азуы
дейді.
Баланың сүт тісі ѳте нәзік болады. Ыстық та, суық
та жарамайды. Қатты асты шайнай алмайды һәм бұ-
зылымпаз келеді. Сондықтан баланың тістерін таза ұс-
тау керек. 3 жастан былай тамақ берген сайын баланың
аузын жуып отыру керек. Тісті жаман бұзатын нәрсе –
тәтті. Жас балаға тәтті беруге жарамайды. Біраз ѳскен
соң беруге мүмкін, бірақ аз һәм сирек беру керек.