Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет28/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Баланың кѳру әсерлері. Баланың кѳру сезімі бірте-
бірте кѳп тәжірибелер арқылы ғана ұлғаяды. Бастапқы 
кезде баланың кѳзі тіпті кѳрмейді деуге болады. Жаңа 
туған баланың кѳзіне жақындатып бір затты алып бар-
саң, бала кірпігін де қақпайды. Тегінде баланың ұзақ 
уақыт кірпік қақпауы – кѳрмегендіктен. Жұмыс қыл-
маған дене шаршай ма? Қажи ма? Әрине, жоқ.
Бала ең алдымен жарықты кѳреді, шамға қарайды. 
Шамды жүргізсең, шамға еріп кѳзін жүргізеді. Бірақ 
балада екі кѳзбен бір жерге қарау тез болмайды. Бала-
ның бір кѳзі бір затқа қарағанда, екінші кѳзі екінші зат-
қа қарап тұрады. Яки басы бір жаққа бұрылғанда, кѳзі 
екінші жаққа қарап тұрады. Үшінші айға қарағанда 
ғана бала екі кѳзімен бір жерге қарай алады. Және бала 
бастапқы кезде кѳзін билеп, ѳзі тілеп, бір затқа қарай 
алмайды. Баланың кѳзін билеп, ѳзі тілеп қарай бастауы 
екінші айда басталады. Ал енді үшінші, тѳртінші айда 
бала бақылап қарауға үйрене бастайды. Бұл уақытта 


63
«Асыл мұра» сериясы
баланың бар ісі заттардың түсін һәм түрін айыру бола-
ды. Үш жасқа дейін бала түстерді тѳмендегі тәртіппен 
айырып үйренеді: сары, қызыл, күрең, қара, алқызыл, 
сұр, жасыл, кѳк. Түр айыру қиынырақ болғандықтан, 
заттардың түрін бала кеш айырады. Әйел бала түс-
терді, ер бала түрлерді тезірек айырады деседі. Ал енді 
заттардың қашықтығын айыру балаға ѳте қиын жұмыс. 
Алты айға толған бала да кішкене саусақтарын жайып 
аламын деп айға ұмтылады. Бала заттардың қашықты-
ғын кѳп тәжірибелерден соң ғана айыра бастайды. Екі 
жасқа қарағанда бала кәдімгідей кѳретін болады.
Кѳру сезімін тәрбие қылу. Кѳру сезімін тәрбие 
қылу дегенде алдымен кѳзді зиянды нәрселерден сақ-
тау деп ұғу керек. Кѳзге шаң, түтін тигізбеу, кѳзді әлсін-
әлсін жуып тұру, былық саусақпен ұстамау, уқаламау, 
шағылыстырғандай жарыққа қаратпау, қараңғыдан 
жарыққа кенет шығармау керек. Және балаға нәрсені 
тым жақын алып келіп қаратпау тиіс. Кѳз бен нәрсенің 
арасы 5–10 дюймнен жақын болмасын. Жақын қаратып 
әдеттендірсең, бала сығыр (близорукий) болады. Яғни 
сығалап қарамаса, кѳрмейтін болады. Баланы нәрсеге 
түзу қаратпай, қисық қарату да зиянды. Баланың жүре 
қыли болуы да осыдан.
Кѳру сезімін жақсы тәрбие қылу үшін кѳзді зиян-
нан сақтау ғана жетпейді. Бәлки, кѳру сезімінің күшті 
болуына күш жұмсау керек. Біз жоғарыдағы сѳзден 
білдік: бала түрді, түсті һәм қашықтықты кеш айы-
ратын кѳрінеді. Міне, тәрбиеші балада осы әсерлену-
лердің дұрыс оянуына кѳмек кѳрсетуі керек. Яғни ой-
нау үшін түрлі түсті доп, түрлі түсті қағаз һәм ағаш бе-
руі мақұл. Бұлармен бала түстерді айырып үйренеді. 
Ал енді заттардың түрлерін беріп үйрету үшін балаға 
түрлі зорлықта һәм түрлі қағаз һәм ағаш беріп, қағаз-
дан түрлі зорлықта, түрлі түрде кескізіп үйрету керек. 


64
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Кѳру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәр- 
се – балаға сурет салғызу. Сурет салу баланың кѳру 
сезімін ұлғайту үстіне әдемілік сезімін де ұлғайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет