65
«Асыл мұра» сериясы
бесігі жанында айғай салып сѳйлескенде, оянбайды.
Баланың есту сезімі екінші, үшінші жетіде біліне бас-
тайды. Тѳртінші жетіде бала күшті дыбысқа селт етпе-
се, оның мылқау болғандығы. Үшінші, тѳртінші айда
балаға бесік жыры әжептәуір әсер береді. Бұл уақытта
бала дыбыстың жұмсақ, қоңырын, қатты, тынышсы-
зын айыратын болады. 4–5
айда бала дыбыстың қай-
дан шыққанын біліп, дыбыс шыққан жаққа бұрылатын
болады. Алты айда дыбысты ѳзі тілеп тыңдайды. Бір
жылдың аяғында дыбыстарды түгел айырып, сѳздерді
ұғып, хатта сѳйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы сѳз,
жылы сѳз) байқай алады. Екінші жасқа қарағанда бала
сѳз дыбыстарын ѳзі айта алатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: