Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ТӘРБИЕДЕН МАҚСҰТ 
Т
әрбиеден мақсұт адамды, һәм сол адамның ұлтын, 
асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт 
мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адам-
зат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адам-
зат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі 
мақсұт «адам» деген атты құр жала қылып жапсыр-
май, шын мағынасымен адам қылып шығару.


16
ПЕДАГОГИКА ҚАНДАЙ ПӘН?
Біз жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж 
екендігін, оған қандай тәрбие беру керектігін, һәм ол 
тәрбиені не үшін беру керек екендігін айттық. Жә, тәр-
бие керек. Бірақ, балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші 
(ата-ана, мұғалім) тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-
ақ, ешнәрсені оқып- білмей-ақ ѳз бетімен бере ала ма? 
Әркім ѳзі-ақ жол тауып кеткендей бала тәрбиесі сонша-
ма бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ. Бұлай емес. Бала тәрбиесі 
бір ѳнер, ѳнер болғанда ауыр ѳнер, жеке бір ғылым иесі 
болуды тілейтін ѳнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін 
әркімнің ѳз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың 
тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамдардың 
тәрбие майданындағы тәжірибелерін кѳрсеткен жеке 
бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек.
Тәрбие пәні – педагогика деп аталады.
Педагогика грек елінің сѳзі. Пед – бала, агоги – же-
тектеу деген екі сѳзден құралған. Баяғы Грецияда бала-
ларды бағып, мектепке алып келіп жүретін кәрі құл-
дар педагог деп аталған. Педагог деген аттың бұрын 
мақтаулы болмағандығы осыдан кѳрінеді. Бірақ соңғы 
заманда пән, ғылым ѳсіп адамзат ѳнерленген сайын
педагог деген есім қадірлі, қасиетті болып барады.


17
ПЕДАГОГИКАМЕН ЖАҚСЫ ТАНЫС 
БОЛУДЫҢ КЕРЕКТІГІ 
Балаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің алдымен 
қолданатын жолы — ѳз тәжірибесі. Яғни бала күнде ѳзі 
қандай тәрбие алған, һәм баланы бұрын ѳзі қалай тәр-
бие қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жол-
ды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай 
тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің ѳз тәрбиесі –
аса қымбат нәрсе. Адамның ѳз тәжірибесі – жүріп 
кеткен жолы. Ол жолдың жақсы-жаман жағы кѳз ал-
дында сайрап тұр. Істегеннен кѳрген анық. Кѳргеннен 
бастан кешкен анық. Бірақ бұл әркімнің ѳз тәжірибесі 
қанша қымбат болғанмен, қатесіз жол деуге болмайды. 
Бір адамның тәжірибесі тым тар, тым бірбеткей тәжі-
рибе. Тәрбиешінің ѳзіне қолайлы болған жол тәрбие 
қылатын балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиеден 
мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл ѳзіндей қылып шы-
ғару емес. Келешек ѳз заманына лайық қылып шығару 
ғой. «Балаңды ѳзімдей бол деп үйретпе, ѳзімдей болма 
деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сѳзінде кѳп шындық 
бар. Бұл – бір.
Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы — ұлт 
тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескі-
ден қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәр-


18
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
биесі баяғыдан бері сыналып, кѳп буын қолданып келе 
жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сѳз 
жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір 
ұлттың баласы ѳз ұлтының арасында, ѳз ұлты үшін 
қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол 
ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Бірақ, ұлт тәр-
биесін, ұлттың тәрбие жолында ұстаған жолын түгелі-
мен дұрыс деуге болмайды. Ұлт тәрбиесінің жақсылық 
жағы кѳп болған сықылды, жамандық жағы да кѳп. Та-
лай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде 
толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде 
ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан 
ұлттың біреуі – біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі 
қанша қадірлі, керек жол болғанмен, адастырмайтын 
дұрыс жол деуге бола бермейді.
Жоғарыда айтқаннан кѳрінеді, балаға шын дұрыс 
тәрбие беру үшін, тәрбиешінің ѳз тәжірибесі, һәм 
ұлт тәрбиесімен таныс болуы жетпейді екен. Бұлар – 
бірбеткей шикі тәжірибелер. Бұлар сыннан ѳткізіліп, 
пісірмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың 
арасынан жақсы-жаманын, алтын мен мысын тізіп 
ала білу үшін тәрбие майданында шабылып ысылған 
тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі 
заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен
қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін шын 
тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу 
керек.


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет