«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Және тәрбиеші ѳз ісінде тиянақты,
табанды болуға
керек. Бала адам айтар емес, еліктемпаз болады. Тәр-
биеші тиянақты болса,
бала оның тиянақтылығына
еліктейді. Тәрбиеші тиянақсыз болса,
бала оның тия-
нақсыздығына еліктейді.
2) Балаға бір нәрсені істе дегеңде де, істеме дегенде
де сол бұйрықтың себебін ұққандай қылып балаға ұқ-
тырып отыруға керек. Себебін ұқса біраздан соң бала
ѳз бетімен- ақ дұрыс іске ұмтылып, теріс істен тыйыла-
тын болады. Ерінбей, жалықпай балаға әрбір істің се-
бебін ұқтыра беру керек. Мәні-жайын ұқтырмай, құр
бұйрық беруші адам – тәрбиеші емес. Данышпан Абай
айтқандай, «ұстаздық қылған жалықпас үйретуден ба-
лаға», тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын,
жұмсақ жолдасы болсын.