156
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
жоқшылық кѳрілсе, адам ѳмір бойы қасіретке бейім
болмақ.
Екінші, бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті
қарап отыра алмайды. Бірақ бала не істеуге һәм қалай
істеуге білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардың не
істегенін һәм қалай істегенін ѳнеге қылады.
Баланың
еліктемпаз болуы осыдан. Еліктеу, затында, тіпті теріс
нәрсе емес. Еліктеу адамның жаратылысында бар нәр-
се. Еліктемейтін адам болмайды. Себебі бар нәрсені ѳз
ойымен таба алмайды, оған ѳмір де жетпейді. Бәлки
басқалардан қалған ұнамды нәрсені ала қояды. Жал-
ғыз-ақ жан ісі тіпті әлсіз балада еліктеу тым-ақ күшті
болады.
Жоғарыда айтылғанша,
баланың жаратылысы ере-
сек адамның жаратылысынан басқа болғандықтан, тәр-
биешінің негізгі ұстайтын жолы:
1) Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу
һәм құлықты әсерлер алуына ыждаһат қылу керек.
Әсіресе баланың ата-ана һәм тәрбиешісі – солардың
ѳздерінің барлық істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті.
Баланың еліктейтіні – солар. Және бала тіпті сенімпаз
болады. Сондықтан баланы ѳз күшіне ѳзін сендіріп үй-
рету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала
жасқаншақ, жасық болып қалады.
Осыдан сақтану
керек.
2) Бала ешбір уақытта іссіз тұра алмайтын болған-
дықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол
уақытта бала ѳмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді.
Болмаса, балаға пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала
ѳз бетімен қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп
кетеді.
Ұзын сѳздің қысқасы, бала кәдуілгі адам болғанымен,
баланың жаратылысында кѳп басқалық бар. Мұхамбет
«Асыл мұра» сериясы
пайғамбар: «Сѳзді әрбір адамның ақылына қарай сѳй-
ле»,– депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені ѳзінің ша-
масына, жаратылысына қарай беру керек. Жас бала –
жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есей-
генде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қал-
ған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып ала-
сың. «Баланы – бастан» деген сѳздің мәнісі осы. Тәрбие
деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Яки
отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, кѳрбала қылып ѳсіру
де емес. Баланы тәрбие қылу –
тұрмыс майданында
ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сѳз.
Қалса – ѳзін, асса – барлық адам баласын адал жолмен
ѳрге сүйрейтін ер шығару деген сѳз. Тұрмыста түйінді
мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық
теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға
құрбан
бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің ке-
рек бір мүшесі болатын тѳрт жағы түгел кісі қылып
шығару. Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші бар
күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үй-
рете білу керек. Данышпан Абайдың тѳмендегі сѳзімен
біз кітабымызды тамамдаймыз:
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.