Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0509 – Қаржы «Ақша, несие, банктер»



Дата03.07.2016
өлшемі67.22 Kb.
#175830
Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша

емтихан сұрақтары
6M0509 – Қаржы
«Ақша, несие, банктер»


  1. Ақшаның шығу тарихы

  2. Ақшаның қажеттілігі мен мәні.

  3. Ақшаның қызметтері.

  4. Ақшаның түрлері.

  5. Ақша айналымының сипаттамасы.

  6. Металл ақша айналымы, түрлері.

  7. Метал ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері.

  8. Несие ақшаның қағаз ақшадан айырмашылықтары

  9. Ақша массасы және оның құрылымы.

  10. Ақша айналыс заңы.

  11. Ақша жүйесі және оның элементтері.

  12. Ақша жүйесінің негізгі типтері.

  13. Қарыз капиталының мәні және оның құралу көздері.

  14. Несиенің мәні және қажеттілігі.

  15. Несиенің нысандары мен түрлері.

  16. Несиенің қызметтері.

  17. Несие жүйесінің түсінігі.

  18. Несие жүйесінің құрылымы.

  19. Банк мекемелерін ұйымдастырудың құқықтық нысандары.

  20. Мамандандырылған несие-қаржы институттары.

  21. Банк жүйесі түсінігі.

  22. ҚР банк жүйесінің эволюциясы.

  23. ҚР банк жүйесінің қазіргі жағдайы.

  24. Екінші деңгейлі банктердің іс-әрекетінің қағидалары.

  25. Банктерді құру, қайта құру және жою тәртібі.

  26. Коммерциялық банктердің ұйымдық құрылымы.

  27. Банктердің пассивті операциялары.

  28. Банктердің активті операциялары

  29. Банктердің дәстүрлі емес операциялары.

  30. Банктің меншікті капиталы және оның қызметтері.

  31. Банктік тәуекелдердің мәні және түрлері.

  32. Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және елдің экономикасындағы рөлі.

  33. ҚР Ұлттық банкінің құрылымы және заңдық статусы.

  34. Орталық банктің негізгі қызметтері мен міндеттері.

  35. ҚР Ұлттық банкінің капиталы мен резервтері.

  36. ҚР Ұлттық банкінің операциялары.

  37. Ақша-несие саясатының типтері.

  38. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.

  39. Жалған капитал түсінігі және оның ерекшеліктері.

  40. Бағалы қағаздар түсінігі мен түрлері.

  41. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

  42. Қор биржасы ұғымы және оның қызметі. ҚР қор биржасы.

  43. Валюталық жүйе және валюталық қатынас түсінігі.

  44. Валюта жүйесінің даму кезеңдері.

  45. Валюта нарығы. Экономикалық категория ретінднгі валюталық курс түсінігі.

  46. Валюталық операциялар түсінігі.

  47. Халықаралық валюталық қор.

  48. Европа қайта құру және даму банкі.

  49. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

  50. Азия даму банкі.


«Қаржы»


  1. Қаржының объективті қажеттілігі, экономикалық категория ретіндегі ұғымы.

  2. Қаржының функциялары және сипаттары.

  3. Қаржының бөлу және қайта өндірістік концепциялардың мазмұны.

  4. Қаржының өзге экономикалық категориялармен ара-қатынасын ашып көрсетіңіз.

  5. Қаржылық ресурстар мен қаржылық қорлардың ұғымы.

  6. Қаржы жүйесі, оның буындары.

  7. Қаржы саясатын қалыптастыру негіздері.

  8. «Қаржылық саясат» ұғымы, оның мазмұны мен міндеттері.

  9. Қазақстанның қаржылық саясатының мақсаты?

  10. Қаржылық механизмнің ұғымы, құрылымы.

  11. «Қаржыны басқару» ұғымы, принциптері.

  12. Қаржылық жоспарлардың түрлері, сипаттамасы.

  13. Қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері және қандай әдістерқолданылады?

  14. Қаржылық бақылаудың қажеттілігі.

  15. Қаржылық бақылаудың міндеттері мен принциптері.

  16. Аудит ұғымы, аудит қызметіне қысқаша сипаттама.

  17. Шаруашылық субъектілер қаржысының ұғымы және қандай сипаттар бойынша жіктеледі?

  18. Шаруашылық субъектілер қаржысының мәні, функциялары.

  19. Шаруашылық субъектілер қаржысының принциптері.

  20. Негізгі және айналым өндірістік қорлары дегеніміз не?

  21. Кәсіпорынның кірісі мен шығындарының ұғымы.

  22. Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні.

  23. «Мемлекеттік кірістердің» экономикалық категория ретінде ұғымы.

  24. Салықтардың мәні және өзге төлемдерден айырмашылығы.

  25. ҚР салық жүйесіне кіретін салықтар, баждар, төлемдер

  26. Салықтарды төлеу әдістері?

  27. Мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәні.

  28. Мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру әдістері мен нысандары.

  29. Мемлекеттік шығыстардың сыныптамасы.

  30. Мемлекеттік бюджетттің экономикалық табиғаты және қоғамдық өндірістегі рөлі.

  31. Бюджеттік сыныптаманың мәні.

  32. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне не кіреді?

  33. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың қаедай жолдары қолданылады?

  34. Бюджеттік процес дегеніміз не және қандай кезеңдерден тұрады?

  35. Қазақстан Республикасы Ұлттық қордың міндеті?

  36. Мемлекеттік несиенің нысандары?

  37. Мемлекеттік борыш ұғымы және оны басқару әдістері.

  38. Сақтандыру қатынастарының табиғаты және сақтандыруға тән сипаттар.

  39. Қайта өндірістік процестегі уй шаруашылықтарының рөлі.

  40. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мәні.

  41. Дискрециялық және дискрециялық емес фискалдық саясаттың шаралары.

  42. Қаржы нарығының ерекшеліктері және өзге нарықтардан айырмашылығы?

  43. Қаржы нарығының қызмет етуінің қажеттілігі?

  44. Бағалы қағаздар нарығының ұғымы және оның қатысушылары?

  45. Қор биржасының қаржылық қызметі?

  46. Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің даму бағыттары?

  47. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу әдістері?

  48. Инфляция мен қаржының байланысы қандай?

  49. Қазақстанда инфлияцияны төмендетуге қандай шаралар қолданылуы мүмкін?

  50. Мемлекеттік шығыстардың сыныптамасы?


«Салық және салық салу»


  1. Көлік құралдарына салынатын салық: төлеушілер, салық салу объектісі, есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі.

  2. Бюджеттің кіріс көзін қалыптастырудағы салықтардың рөлі мен мәні.

  3. Салықтардың экономикалық мәні мен қызметтері.

  4. Салық жүйесінің қалыптасу принциптері. Салық салу элементтері.

  5. Жер салығы: жер санаттары, төлеушілері, салық салу объектісі, есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі.

  6. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық.

  7. Әлеуметтік салық: төлеушілері, салық салу объектісі, есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі.

  8. Акциздер: төлеушілер, акцизделетін тауарлар тізімі. Акцизді және есептік-бақылау маркалары.

  9. ҚҚС: салық салынатын импорт; ҚҚС-тан босатылған айналым және импорт.

  10. ҚҚС: төлеушілер, салық салу объектісі, салық салынатын және салық салынбайтын айналым. ҚҚС бойынша есепке алу.

  11. Салықтық тексеріс. Салықтық тексерістердің түрлері, салықтық тексерістердің нәтижелерін қайта қарау және салық органдар қызметкерлерінің іс-әрекеті.

  12. ҚҚС: нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым, шот-фактураны беру тәртібі.

  13. Корпоративтік табыс салығы: төлеушілер, салық салу объектісі, жылдық жиынтық табыс және оны түзету.

  14. Корпоративтік табыс салығы: шегерімдер; кірістер мен шегерімдерді түзету. Салық салынатын табысты азайту. Декларацияны тапсырғанға дейін және тапсырғаннан кейін аванстық төлемдерді төлеу.

  15. Салықтық әкімшелендіру: Салық органдарында салық төлеушілерді тіркеу. ҚҚС төлеушілерді есепке алу.

  16. Камералды бақылау. Салықтық нысандарды қабылдау.

  17. ЖТС: төлеушілер, салық салу объектілері. Төлем көзінен салық салынатын табыстар, шегерімдер. Салық салуға жатпайтын табыстар. Есептеу және төлеу. ЖТС ставкалары.

  18. ЖТС: Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. ЖТС бойынша төлеу және салық есептілігін жүргізу мерзімі. Салық салуға жатпайтын табыстар.

  19. Салықтық міндеттемелер. Салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалу мерзімінің өзгеруі. Салық міндеттемелерін тоқтату негіздері.

  20. Экспортқа рента салығы.

  21. Ойын бизнесіне салық.

  22. Тіркелген салық.

  23. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі.

  24. Жеке тұлғалардың мүлік салығы. Салық төлеушілері, жеңілдіктер, салық салу объектісі және төлеу мерзімі.

  25. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.

  26. Салық міндеттемелерін уақытында орындамау, орындалуды қамтамасыз ету әдістері.

  27. Салықтық қарыздарды өндіріп алу тәсілдері.

  28. Салықтық есеп: Салықтық есеп саясаты, салықтық есеп және оларды жүргізу тәртібі, салықтық есеп саясатына қойылатын талаптар.

  29. Салық қызметі органдарының міндеттері мен құқықтары. ҚР салық қызметі органдарының құрылымы.

  30. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

  31. Төлемақылардың экономикалық мәні. Төлемақылардың түрлері мен сипаттамасы.

  32. Алымдардың экономикалық мәні. Алымдардың түрлері мен сипаттамасы.

  33. Мемлекеттік баж ұғымы.

  34. Біріңғай жер салығын төлеу ерекшеліктері.

  35. Салықтық бақылаудың мәні. Салықтық бақылаудың нысандары.

  36. Арнайы салық режимінің (АСР) мәні мен қолдану тәртібі.

  37. Патент негізіндегі АСР.

  38. Оңайтылған декларация негізіндегі АСР.

  39. Салықтық тексерістер, әкімшілік жауапкершілік.

  40. Салықтық тексерістердің нәтижесін қайта қарау.

  41. Салық салу және салықтардың жіктелуі.

  42. ҚР-ғы салық жүйесі.

  43. Салық жүйесінің экономикалық мазмұны. Салық жүйесінің буындары мен оларға сипаттама.

  44. Салық саясатының мәні, түрлері мен оларға сипаттама.

  45. Салық механизмі түсінігі. Салық саясаты мен салық механизмінің өзара байланысы.

  46. ҚР салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері.

  47. ҚР салық жүйесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері.

  48. Салық қызметі органдары мен салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтары.

  49. ҚР салық салудағы ақпараттық жүйе.

  50. Салықтық зерттеу. Ірі салық салық төлеушілердің мониторингі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет