ұзындығына және магнит индукциясы менөткізгіш бөлігінің арасындағы бұрыштың синусына көбейткендегі көбейтіндісіне тең. Сол қол ережесі Егер сол қолымызды В магнит индукция векторының өткізгішке перпендикуляр құраушысы алақанға кiретiндей етiп, ал ашылған төрт саусақ токпен бағытталатындай етiп орналастырсақ, онда 90o-қа қайырылған бас бармақ өткізгіш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi. Лоренц күші-қозғалысқа түскен зарядталған бөлшекке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi. Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы Лоренц күшiнiң модулi ұзындығы Δl өткiзгiш бөлiгiне әсер ететiн F күшiнiң модулiнiң өткiзгiштiң осы бөлiгiндегi қалыптасып қозғалатын зарядталған бөлшектердiң N санына қатынасына тең: Лоренц күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады. Егер сол қолды заряд жылдамдығына перпендикуляр магнит индукциясының құраушысы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ оң заряд қозғалысының бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90o-қа иiлген үлкен саусақ зарядқа әсер ететiн FЛ Лоренц күшiнiң бағытын көрсетедi. Заттың магниттiк қасиеттерi. Ферромагнетиктер Магнит өтiмдiлiгi μ - бұл ортаның магниттiк қасиеттерiн сипаттайтын өлшемсiз шама және ол ортаның В магнит индукциясы векторының модулiнiң кеңiстiктiң сол нүктесiндегi вакуумдағы В0 магнит индукциясы векторының модулiне қатынасына тең: Магнит өрiсiне енгiзiлген барлық денелер магниттеледi, яғни меншiктi магнит өрiсiн туғызады. Магниттiк қасиеттерi бойынша магнетиктер шартты түрде 3 топқа бөлiнедi: диамагнетиктер, парамагнетиктер және ферромагнетиктер.
Достарыңызбен бөлісу: |