Мақсаты:
Білім беру ұйымдарында тәрбие ісіне жауапты педагог мамандарының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылєы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер мен оларєа теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкесті қызмет атқаратын) кәсіптік жетілдіруін белсендіру арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
-Қазақстандағы әр бала тұлғасының мотивациялы-құндылықтар аясын дамыту;
-тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілін және қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
-көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;
-отбасының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
-балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау;
-балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын табу;
-жастардың бойында табысты әлеуметтенуі үшін құзыреттіліктерді, толассыз өздігімен білім алу мен өзін-өзі дамытуды, олардың саналы түрде жан-жақты өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі дамытудың жоғары формасы – өзін-өзі тәрбиелеуге қатысуды қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі үрдіске айналады;
- жаңа заманның жаңашыл ұстаздары көбейіп, олар оқу мен тәрбиені бірдей теңестіріп алып жүру арқылы өзінің шеберлігі мен іскерлігін көрсете алады;
- оқушы бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін қалыптасады;
- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті тәрбиелеудің мүмкіндіктері ұлғаяды;
- рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейту жүзеге асады;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, ұлт мұрасы ретінде сақтау деңгейі арта түседі;
- жүйеленген бағдарламаларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жүзеге асырылады;
- балалардың жазғы демалысын жүзеге асырудың тиімді мүмкіндіктері ұлғаяды;
- өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |