«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет41/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Дәріс Макроэк

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. IS - LM - ВР моделі нені көрсетеді және ол қандай секторларды сипаттайды?

  2. IS, LM және ВР қисықтарына анықтама беріп, олардың құрылу қағидасын түсіндіріңдер.

  3. Капиталдың шоғырлану және шоғырланбау мемлекеттік саясаты IS - LM -ВР моделінің шегінде макроэкономикалық түзетулер нәтижелеріне қалай ықпал етеді?

  4. Бекітілген валюталық курсы бар ашық экономикадағы жиынтық сұраныстың сипатты белгілері қандай?

  5. Бекітілген валюталық курс жағдайында ақша – несие саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?

  6. Бекітілген валюталық курс жағдайында сыртқы сауда саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?

  7. Қалқымалы валюталық курсы бар ашық экономикадағы жиынтық сұраныстың сипатты белгілері қандай?

Тесттер:
1.Ұлттық валютаның айырбастау курсының артуы IS қисығын ығыстырады:
А) солға;
В) оңға;
С) төмен;
D) жоғары;
Е) өзгеріссіз қалады.
2.Классикалық модель немен сипатталады:
A) салыстырмалы қысқа мерзім қиындысында экономиканың функциялануы;
B) өндіріс факторларынын сапалы жетілдірілуі;
C) ұзақ мерзімді кезен ішіндегі экономиканың іс әрекетімен;
D) сала аралық тепе-теңдігімен.
Е) табыстың өзгеруімен.
3.Шағын ашық экономикасы бар елде тұрақты айырбастау бағамы және тұрақты баға деңгейінде өндірістік ұлттық табыстың нақты көлемі келесі жолмен арттырылуы мүмкін:
А) коммерциялық банктер үшін міндетті резервтер нормасын төмендету;
В) мемлекет бюджет тапшылығының азаюы;
С) мемлекеттің шығындардың азаюы;
D) халықтан шетел валютасын сатып алу;
Е) таза ұлттық өнімінің азаюы.
4.Мемлекеттегі кіші, ашық экономикасы мен қалқымалы валюта курсына және белгіленген баға деңгейін қамту жолдары:
A) айналымдағы ақша санын көбейту;
B) айналымдағы ақша санын азайту
C) таза салықпен қысқартуы
D) мемлекеттік шығындарды көбейту;
E) мемлекеттік шығындарды қысқарту.
5.Жабық экономикада фискалды және ақша саясатын бірігіп қолдану екі жақты тепе-теңдікке жету үшін экономикалық шаралардың екі кешені да толық төмендегідей жағдайларда болғанда ғана нәтиже береді:
А) бір бірін бейтараптандырады;
В) бір бірін бейтараптандырмайды;
С) бір бірінде өзара ериді;
D) бір бірінен оқшау әрекет етеді;
Е) өздерінің әрекетсіздігін көрсетеді.

ДӘРІС 14. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘНЕ САУДАЛЫҚ САЯСАТ


Сабақтың мақсаты: Халықаралық сауданың теорияларына сипаттама беру, мемлекеттің сыртқы сауда саясатындағы негізгі əдістерді қарастыру, сауда саясатындағы негізгі тосқауылдардың түрлерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет