«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат



бет40/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Дәріс Макроэк

1. Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат.
Егер шетел мемлекеттері мемлекетті сатып алу арқылы ұлттық қордың көлемін қысқартса, ол әлемдік қордың көлемін қысқартады. Бұдан пайыздық мөлшерлеме көтеріледі, ал ішкі инвестициялық пайыз төмендейді. Әр түрлі елдің ақша нарығындағы өсімдік ставкалардың өзгеруі сол елдер арасындағы капиталдардың қозғалысына және халқаралық нарықтағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі “құбылмалары” валюта курсына өту экономикалық қатынастарға қайшылықты сипатта әсер етеді.
Біріншіден, валюта курсының төмендеуі дүниежүзілік нарықта сол ел өкілінің салыстырмалы бәсекеге қабылеттілігін күшейтеді, экспортты ұлғайтып, импортты шектеуге мүмкіндігін жасайды, ал мұның өзі елдің төлем және сауда балансының жақсаруына жол ашады. Екіншіден, курстың төмендеуі экспорттық және импорттық бағалар арасындағы қатынасты нашарлатады, ал мұның өзі сол елдің сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігіне теріс әсер етеді.
Халықаралық валюта – несие жүйесінің негізін халықаралық валюта қоры және халқаралық қайта құру және даму банкісі құрайды .
Ұлттық валюта жүйесінің элементтері: Ұлттық валюиа бірлігі; Валюта курсының режимі; Валюта айналысы шарты; Валюта рыногі және алтын рыногі жүйесі; Елдің халқаралық есеп тәртібі; Елдің алтын валюталық резервтерін басқару жүйесі мен елдің валюталық қорларын реттеуші құрылымы; Мемлекеттік мекемелердің статусы;
Ұлттық валюталық жүйе ұлттық заңдар негізінде халықаралық құқық нормасын есепке алып құрылады. Олардың ерекшеліктері ел экономикасының деңгейі және жағдайымен, оның сыртқы байланыстарымен, әлеуметтік даму мақсаттарымен анықталады.
Ұлттық валюта жүйесінің негізінде әлемдік валюта жүйесі - әлемдік нарықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекет аралық қатнастармен бекітілген халық аралық валюталық қатынастар ұйымының формасы жұмыс істейді. Оның құрамдас элементтері: Негізгі халқаралық төлем құралдары (ұлттық валюталар, алтын, халқаралық валюталық бірліктер – СДР, ЭКЮ); Валюта курсын белгілеу және қолдану механизмі; Халықаралық төлемді баланыстау тәртібі; Валютаның қайта қалпына келгіштік шарты; Халықаралық валютаның нарық және алтын нарықтарының режимі; Валюталық қатынастарды реттеуші мемлекетаралық институттардың статусы;
2. Макроэкономикада шағын ашық экономика деген ұғым бар. Шағын ашық экономика жағдайында ішкі нарықтық пайыздық ставка орташа дүниежүзілік деңгеймен анықталады, ал капиталдың мобильділігі жоғары болады. Мұндай экономика тұсында ішкі фискалдық экспансия нақты валюта курсының өсуіне әкеледі. Мемлекеттік шығындар артқан (немесе салық төмендегенде) кезде ұлттық жинақ төмендейді, ал S-I сызығы солға орын ауыстырады (3-сурет).


3-сурет
Бұл шетелге салынатын инвестиция үшін ұлттық валюта ұсынысының азаюын білдіреді. Валютаның аз ұсынылуы оның нақты айырбас курсын арттырады. Нәтижесінде отандық тауарлар шетелдік тауарларға қарағанда қымбаттауына, содан соң экспортының қысқарып, импортының артуына әкеледі. Осының салдарынан ағымдық операциялар есебінде тапшылық қалыптасады.


Егер ынталандырушы фискалдық саясат шетелде жүргізілсе, бұл шетелдегі жинақтың азаюына әкеледі. Нәтижесінде шағын ашық экономикада әлемдік пайыздық ставка өсіп, инвестиция деңгейі төмендейді (4-сурет). Бұл жағдайда ұлттық валютаның шетелдегі инвестициялау үшін ұсынысы артып, S-I оңға орын ауыстырады. Нақты валюта курсының теңдестік мәні қысқарып, отандық тауарлар арзандайды және таза экспорт артады.

4-сурет

Протекционистік саясат (импорттық тарифті немесе квотаны енгізу) таза экспорттың артуына әкеледі (5-сурет).

5-сурет
Нақты валюта курсының теңдестік мәні артады, отандық тауарлар қымбаттап, таза экспорт қысқарады. Протекционизм саясатының нәтижесінде бастапқыда таза экспорт артқанымен, кейіннен сыртқы сауда көлемін қысқартады, таза экспорт пен импорттың жалпы көлемі А нүктесіндегі қарағанда аз болады. Үкімет халықаралық байланысты реттеп отыру үшін валюталық саясатты жүргізетіндігі белгілі. Бұл жерде екі елдің бірдей базалық жылдарының баға индекстері алынады.
Бұл сатып алу қабілеттілігінің паритетінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сатып алу қабілеттілігінің паритеті - әр валютаның сатып алу қабілеттілігін теңдестіретін айырбас курстық деңгейі.
Қысқа мерзімде номиналды курс салыстырмалы түрде өзгермейді, ал нақты валюта курсы сатып алу қабілеттілігінің паритетін бұзып, өзгеріп тұрады. Бұл өзгерістер таза экспортпен жиынтық сұраныстың артуына әкеледі. Нақты курс төмен болған сайын шетелдіктер үшін отандық тауарлар салыстырмалы түрде арзан, ал импорттық тауарлар отандық тұтынушылар үшін арзан болады және таза экспорт жоғары болады.
Тұрақты валюта курстарын сақтап тұру болып тұратын төлем балансының тапшылығын жабу үшін қажет резервтерді талап етеді. Егер резерв жеткіліксіз болса, ел дефляция саясатын, протекционистік саясатты немесе валюталық бақылауды жүргізеді.
3. Нақты валюта курсының теңдестік деңгейі жинақтар мен инвестицияның арасындағы айырманы білдіретін тік сызық пен теріс көлбеулі таза экспорт қисығының қилысу нүктесінде қалыптасады. Бұл нүктеде шетелге берілетін несие түріндегі ұлттық валютаның ұсынысы (S – I) мен бізден таза экспортты алатын шетелдіктер тарапынан болатын ұлттық валютамызға деген сұраныс (Хn) тең болады (2-сурет).

2-сурет

Мұндағы, n – нақты валюта курсы,
Хn таза экспорт,
Е – нақты айырбас курсының теңдестік мәні. Бұл нүктеде капитал мен болатын операциялар бойынша ұлттық валютаның ұсынысы мен ағымдық операциялар үшін қажетті валютаға сұраныс теңеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет