Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет18/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

Инвестициялық шығындар (I) – бұл фирма сияқты ірі макроэкономикалық субъектінің құрал-жабдықтар, қорлар, жыл- жымайтын мүліктер ретіндегі инвестициялық тауарларға деген жеке сатып алушылық сұраныстарын сипаттайтын АD-ның ең маңызды компоненті. Инвестиция көлемі негізінен шығарылым көлемімен, негізгі капиталдың құнымен жəне экономикадағы болашақ жағдайларды күтумен байланысты анықталады. Инвес- тициялық шығындар АD-ның құрамында ең өзгермелі қасиетке ие, олардың өзгерісі мен қарқындылығы экономикада үнемі ауытқуларды немесе толқуларды туындатып отырады.
Мемлекеттік шығындар (G) – мемлекет тарапынан бола- тын тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстарды сипаттайтын АD-ның бір компоненті. Мемлекеттік сатып алымдар ретіндегі тауарлар мен қызметтерге, əдетте, мыналар жатады: қару-жарақ- тар өндіруге тапсырыс беру, құрылыс жабдықтарын сатып алу, мемлекеттік мекемелерді (мектептер, ауруханалар жəне т.б.) салу, басқарушылық аппаратты қамтамасыз ету жəне т.б.
Таза экспорт (Xn) – бұл экспорт пен импорт құндарының айырмасына тең, яғни шет мемлекеттердің ұлттық экономикада өндірілген отандық тауарлар мен қызметтерге деген экспорттық сұраныстары жəне ұлттық сатып алушылардың сол шет мем- лекеттердің өздерінде өндірген тауарлары мен қызметтеріне деген импорттық сұраныстары арасындағы айырмашылықты си- паттайтын АD-ның құрамдас бір бөлігі. Импорт көлемі ел ішінде- гі ішкі табыстар шамасына, ұлттық өндіріс көлеміне, ішкі жəне сыртқы нарықтардағы бағалар деңгейінің арақатынастарына, сонымен қатар, ұлттық валютаның айырбас бағамына тəуелді бо- лады. Ал экспорт көлемі шет елдердегі табыстар деңгейімен жəне өндіріс көлемімен, бағалардың арақатынасымен, валюталық бағамдармен анықталады.
Сонымен, жиынтық сұраныстың құрауыштары дегеніміз – АD-ны ашық экономикалық жүйеде үй шаруашылықтары- ның тұтыну шығындары (С), фирмалардың инвестициялық шы- ғындары (I), мемлекеттік шығындар (G) жəне таза экспорт (Xn) тұрғысынан толық сипаттайтын агрегатталған компоненттер жиынтығы. Ал АD-ның формуласы негізгі макроэкономикалық теңдік ретінде былай жазылады: YD (АD) = C + I + G + Xn
Жиынтық сұранысқа бағалық жəне бағалық емес факторлар əсер етеді. Баға AD-ның аса маңызды детерминантасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет