«Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Бұл ғалым өз еңбектерінде бірінші болып микро- жəне макро- талдауларды бөліп қарастырды. Келесі бір ғалым, Нобель сыйлығының иегері, голланд экономисі Ян Тинберген (1903-1994) өз елі үшін алғашқы макроэкономикалық саясат үлгісін ұсынды. Француз экономисі-физиократ Франсуа Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің натуралдық жəне құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын экономисі Давид Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі. Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды Карл Маркс те өзінің үлгісінде қолданды, ол «Капитал» еңбегінің 2-томында (1885 ж.) жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық жəне құндық құрылымдар арасындағы сəйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді.
Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж. В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономикалық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) жəне де «жаңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланшар, Н. Г. Мэн- кью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді.
Макроэкономика – бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурстардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін жəне төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысы- нан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттей- тін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы. Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған (ірілен- ген, біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен көрсеткіштерді зерттейтін ғылым, яғни ұлттық экономикадағы агрегатталған мінез-құлықтар мен тəртіптерді зерттейтін ғылым. Макроэкономика – бұл əлемде болып жатқан ғаламдық экономикалық мəселелерді жəне олардың кез келген ұлттық эконо- микамен өзара байланысын жəне оған əсер етуін зерттейтін ерек- ше ғылым.
Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пəнін негізгі төрт макроэкономикалық мəселелермен байланыстырады: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу жəне төлем балансы.
Достарыңызбен бөлісу: |