Мамандық: 6В05101 Тобы: 205-б топша Вирустар. Вирусология негiздерi


Жіктелу принципі келесі белгілерге негізделген



бет3/3
Дата08.10.2022
өлшемі2.19 Mb.
#462204
1   2   3
СӨЖ 1 Смахан Аружан Биология 205 Микробиология

Жіктелу принципі келесі белгілерге негізделген:
Вирустардың таксономдық сипаттамасы



Тұқымдас

Түрлердің жеке өкілдері

РНҚ - геномды

1.

Orthomyxoviridae

А, В, С типті тұмау вирустары.

2.

Paramyxoviridae

Қызылша вирусы, паротит вирусы, парагрипп вирусы, респираторлы-синцитиальді вирусы.

3.

Rhabdoviridae

Құтыру вирусы.

4.

Reoviridae

Реовирустар, ротовирустар, жаралану-зақымдану вирусы.

5.

Togaviridae

Жылқы энцефаломиелит вирусы, Семлик ормандарының вирусы.

6.

Coronaviridae

Адамның коронавирустары.

7.

Bunyaviridae

Буньямвер вирусы

8.

Arenaviridae

Ласса вирустары

9.

Picornaviridae

1, 2, 3 типтегі полиомиелит вирусы, А гепатит вирусы



Тұқымдас

Түрлердің жеке өкілдері

ДНҚ - геномды

1.

Poxviridae

Шешек вирусы.

2.

Herpesviridae

1, 2 типтегі ұшық вирусы, цитомегалия вирусы.

3.

Hepadnaviridae

В – гепатит вирусы.

4.

Adenoviridae

41 типтегі адамның аденовирустары.

5.

Parvoviridae

Адено-ассоциациялық вирусы, І типі.

6.

Papovaviridae

Үй қоянның папиломмасының вирусы, тышқандардың полиома вирусы.


Ұсақ50 нм кем (полиомиелит вирусы, А және В гепатит вирустары);
Орташа – 150 нм кем (құтыру вирусы, тұмау вирусы);
Ірі - 400 нм дейін (шешек вирусы);

Вирустардың мөлшеріне қарай бөлінуі

Вирус бөлшектерінің өлшемін анықтау әдістері

  • Диаметрі белгілі микропоралары бар мембраналық фильтр арқылы сүзгілеу;
  • Ультрацентрифугалау кезінде вирус бөлшектерінің тұнбаға түсу жылдамдығымен;
  • Электронды микроскоп көмегімен;
  • Вирус бөлшектері суспензиясынан өткен иондаушы радиация ағынын өлшеу арқылы.

Вирустар морфогенезі - вирустардың торша ішінде көбейгенінде (репродукция кезінде) олардың жаңа ұрпақтарының пайда болуы, олардың құрылымдарының жиналуы. Алдымен вирус құрауыштары: нуклеин қышқылы мен белоктары синтезделгеннен соң провириондар жиналады, содан кейін вирионның толық жиналуы басталады. Жиналу вирустардың түріне байланысты, торшаның əр орнында: цитоплазмада, ядрода өтеді. Пайда болған вирустық құрылымдардың торша ішіндегі орындарын "вирус фабрикасы" , "вирус-қоспалары" немесе "вирус-денешіктері" деп атайды.
Вирустар морфогенезі
Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады.
Вирустар репродукциясы
Вирустар титрі - арнайы реакция құра алатын вирустардың ең аз мөлшері. Вирустардың титрі гемагглютинация туғыза алатын, инфекция жұқтыра алатын қасиеттерімен анықталады. Вирустардың титрі биологиялық белсенділік бірлігімен (дозасымен) белгіленеді: леталді доза (ЛД), инфекциялы доза (ИД), эмбрионды инфекциялық доза (ЭИД), эмбрионды леталді доза (ЭЛД), цитопатикалы доза (ЦД). Бұлардың бəрі арнайы əдістермен анықталады.
Вирустар титрі
Вирустардың басытқылары - вирусқа қарсы пайда болған иммунитеттің арнайы емес тəнсіз гуморалдық факторлары; организмде вирустардың өніп-өсуін тежейді. Температураға төзімділігіне байланысты термолабилді және термостабилді болып екі топқа бөлінеді. Адам, мал организмінде, қан сарысуында, ұлпааралық, ми-жұлын сұйықтықтарында табылған.
Вирустардың басытқылары
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.
Бактериофаг
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет