Қимыл мен әрекетті зерттеу. Конструктивтік праксис сынағын жүргізу:
Дәрігер столдың үстіне таяқшалардан ( сіріңке шилерінен ) түрлі геометриялық фигуралар жасап , сырқатқа сол фигураларды бұзып , қайтадан салуын , соңы нан оларды төңкеріп құрастыруын өтінеді . Сырқат фигураның әрбір элементінің орны мен арақатынасын есіне сактай алмай кателесуі мүмкін
Қимыл мен әрекетті зерттеу. Графикалық сынақ жүргізу.
Қимыл актысына әр түрлі әрекеттердің қа тысты бұзылуын тексеру үшін сырқатқа қайталанып отыратын екі түрлі түйіннен құрастырылатын өрнек салу тапсырылады. Бұл тапсырманы орындау кезінде сырқат қаламды немесе қарындашты қағаздан әкетпеуге тиіс . Мидың алдыңғы қимылдаткыш жүйесі зақымданғанда жоғырыда аталған оюдын (өрнектің ) әрбір бөлігін қағазға жеке сала бастайды, немесе бір иректi қайта - қайта соза береді. Өрнектің әрбір элементін дұрыс үйлестіріп, бір қалыптағы қимыл жасай алмайды . Мұндай жағдайда өрнек құрамдарының ажыратылуы мен орналасу бейнесінің өзгеруінен гөрі қимылдық әрекеттердің бұзылуы айқынырақ білінеді . Ми қыртысының қимылдатқыш бөліктері зақымданғанда бұлшық еттердің әр түрлі тобына керекті импульстер жете бермегені былай тұрсын, сол импульстер қалыпты «кинетикалық әуен » құруға қажетті уақыт мерзімінде біріктірілмейді . Графикалық сынақты орындау кезінде еріксіз өрескел қимылдар пайда болуы мидың терең орналаскан құрылымдары зақымда нуымен байланысты .
Қимыл мен әрекетті зерттеу:Сурет салғызу сынағын жүргізу.
Сырқат өз бетінше қол , үй , текше бейнелерін қағазға түсіруге тиiс . Ол сурет элементтерін кеңістікке орналастыра алмауы мүмкін
Қимыл мен әрекетті зерттеу.Көру және көру - кеңістіктігін ажырата тексеру :
А)Заттар бейнесін ажырату сынағы . Сырқатқа заттардың кескіндері , айқыш - ұйқыш бейнелер , Поппельрейтер фигуралары ( бірінің үстіне бірі қабаттасқан кескіндер ) көрсетіледі . Бұдан кейін күрделірек бірден ажырата қоюға қиын кескіндер ( нейропсихикалык альбом дардың аяқталмаған суреттері ) көрсетіледі . Сырқат зат кескіндерін , әсіресе күрделі кескіндерді ажырата алмауы мүмкін , заттарды көріп тұтасқан бейне ретінде түйсіну қабі леті бұзылады .
Достарыңызбен бөлісу: |