Мамандықтың шифры мен атауы 5В050900


Пререквизиттер: «Бухгалтерлік есеп»



бет4/5
Дата12.07.2016
өлшемі470 Kb.
#192990
1   2   3   4   5
Пререквизиттер: «Бухгалтерлік есеп».

Қаржы қатынастарымен байланысты жалпы және жеке проблемаларды талдай білу. Бюджет процесімен байланысты жалпы және жеке проблемаларды талдай білу.

Постреквизиттер: «Қаржылық және бюджеттік органдардағы қаржылық бақылау және аудит», «Салық және салық салу».

Құжаттарды тексеруді жүргізу әдістемесін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Салықтық құжаттамаларды тексеруді білу, бақылау жасаудың әр түрі бойынша әдістемесін үйрену. Салық жүйесін құру принциптері. Салықтық тексеруді жұргізудің нормативтік базасы; МСК салық төлеушілерді есепке алуының толық және өз уақытында жүргізу жауапкершілігі, өз дұрыстығы, бюджетке салық төлеудің толықтығы мен өз уақыттылығы және тексеру кестесі, тексеру түрлері, камералық және құжаттық тексерулер, тексеру әдістерін таңдау, тексеру бағдарламаларын құрастыру, құжаттық тексеруді жүргізудің регламенті.

Бағдарламаның жетекшілері: Оралбаева А.К., Аймагамбетова А.
Пәннің атауы: «Сақтандыру»

Пререквизиттер: «Қаржы», «Экономикалық теория», «Қаржы нарықтары және делдалдары».

Қаржы ұғымдарын, терминдерін ұғып алу. Студенттерге ақша, несие және банктер теориясы жөнінде қажетті теориялық білімі қажет.

Постреквизиттер: «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу», «Банктік маркетинг».

Сақтандыру ісін ұйымдастыру, сақтандыру маркетингі, сақтандыру түрлерінің негіздерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен қызметтері, орны мен ролі. Сақтандыру ісін ұйымдастыру. Сақтандыру маркетингі. Кәсіпорындар мен азаматтардың мүліктерін сақтандыру. Жеке сақтандыру. Несие және кәсіпкерлік тәуекеділіктер жауапкершілігін сақтандыру. Сақтандыру қызметінің қаржылық негіздері. Шет елдердегі сақтандыру әдістері. Күрделі құрылыстағы баға белгілеу ерекшеліктері және құрылыстағы мердігерлік қатынастарды ұйымдастырудың сапалық практикасы.

Бағдарламаның жетекшілері: Тен Н.Ю., Нұрмағанбетова Б.К.
Пәннің атауы: «Банктегі тәуекел -менеджмент»

Пререквизиттер: «Ақша, несие, банктер», «Қаржэылық менеджмент»

Студенттерге ақша, несие және банктер теориясы жөнінде қажет-ті теориялық білімі қажет.

Постреквизиттер: «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу», «Қаржылық есептеудің талдауы мен әдістері»

Банктегі тәуекел-менеджменттің әдістемелік негіздерін, олардың сыныптамасын, банктік тәуекелдерді басқару әдістерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Тәуекел-менеджмент әдіснамасының жалпы қағидалары, несиелік тәекелдерді басқару жүйесі, нарықтық тәукелдерді басқару жүйесі, өтімділік тәекелдерін басқару жүйесі, операциялық тәуекелдерді басқару жүйесі, Несиелік ұйымдардың тәуекел –менеджменті көлеміндегі қадағалау міндеттері, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басты нормативтік актілердің, несиелік ұйымдардағы тәуекелді басқару сұрақтардың реттемесі, банктердің бөлімше ұйымдардың жұмыстары қадағалау талаптарының сақталуына жауапты, банктердің ұйымдық құрылымын оқтайландыру және бизнгес – үдерісті тәуекелді азайту мақсатында, атқарымдық құжаттардың кешені және ұйымдық құжатайналым.

Бағдарламаның жетекшілері: Тен Н.Ю., Нұрмағанбетова Б.К.
Пәннің атауы: Қаржы банктік статистика

Пререквизиттер: “Статистика”, “Бағалы қағаздар нарығы”, “Қаржы” , “Ақша, несие, банктер”,“Сақтандыру”

Халықшарушылық салаларының даму әлеуметтік-экономикалық процестерінің даму дәрежесін, құрылымын, өсуінің немесе кемуін зерттеу кезінде түрлі статистикалық есептеу әдістерін қолдана білу. Сақтандыру ұйымдарының және мемлекеттің сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты жалпы және жекелеген проблемаларды талдай білу.

Постреквизиттер: Зерттелетін көрсеткіштерді талдай отырып, банктік, қаржылық статистиканы жүргізуді үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақстан Республикасының нарықтық қатнастарға көшуі, әлемдік экономикаға интеграциялау процесі қаржы жүйесін әлемдік стандарттарға сай қайта құруға әкелді. «Қаржы банктік статистика» пәні экономикалық мамандықтар үшін маңызы зор.

Қаржы статистикасы әлеуметтік-экономикалық статистиканың бір бөлігі ретінде, қаржы жүйесінде болып жатқан процестер мен құбылыстардың сандық сипаттамасын анықтайды.

Қаржы банктік статистикасындағы маңызды мәселелер болып өндірістік процеске керекті ақша қаражаттар мен қорларды қамтамасыз етуді бағалау болып табылады.

Бағдарламаның жетекшілері: Хван Н.В., Ыдырыс Е.Ж., Ахмухамедова А.А.


Пәннің атауы: Бағалы қағаздар қоржынын басқару

Пререквизиттер: “Бағалы қағаздар нарығы”, “Биржа ісі”

Бағалы қағаз нарығының экономикалық мәнін, оның жұмыс жасау механизмін тану. Биржалық сауда саласындағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

Постреквизиттер: «Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет» түсінігі мен түрлерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: бағалы қағаздар нарығында басты іргелі және техникалық анализдер ушін шешім қабылдау, инвестициялық қоржын басқару және бағалауға мән беру, бағалы қағаздар түрлеріне әр түрлі көзқарас немесе бағалы құн, кіріс, шығыс және салыстыру әдісін қолдану арқылы, инвестициялық қоржынға кіретін минориталды және мажоритарлы акция пакеттерін бағалау ерекшеліктері, инвестициялық стратегия өндіру үшін әділ ара қатынас және нарықтық бағалы қағаздар бағасы, «кіріс-тәуекел» стандарттық моделін қолдану арқылы портфелді бағалы қағаздарды тиімді басқару бағасы.

Бағдарламаның жетекшілері: Хван Н.В., Ыдырыс Е.Ж., Ажмухамедова А.


Пәннің атауы: «Қаржылық есептеулердің әдістері және талдауы».

Пререквизиттер:«Экономикадағы математика», «Қаржылық банктік статистика», «Салық есебі».

Қаржы ресурстарын, ақша айналымы мен құрылымы жөнінде талдау жасау барысында статистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдануды меңгеру.

Постреквизиттер: Қаржылық есептеулердің әдістемесін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бизнес қызметімен кәсіби түрде шұғылдану барысы, ең алдымен, әр мәмілесу кезінде қаржы салдары нәтижесінің барлық болжамалы нұсқаларын дұрыс бағалай алу қабілеттілігін қажет етеді. Бұл үшін қаржылық есептеулер саласына қатысты арнайы білімді игерген жөн.

Қазіргі кезеңдегі қаржы есептеулердің әдістерін игеру кәсіпкер, менеджер, экономист, банк қызметкерлері сияқты кәсіби мамандарды даярлаудағы ең маңызды буынның бірі болып саналады. Сонымен қатар қаржылық есептеулерінің әдісін жетік білу бұл коммерциялық мәмілені дярлау мен құру барысында сол қаржы операцияларының ең тиімді нұсқасын есептеп таңдап алу деген. Себебі, қандай да болмасын қаржылық, несиелік немесе коммерциялық операцияларды жүзеге асыру барысында ең алдымен сл операцияларға қатысты орындаушылар өзара бірқатар келісімді шарттар жиынтығының орындалғанын көздейді, яғни: несие немесе қаржы сомасы, тауар бағасы, проценттердің есептелу мерзімі, әдісі, негізгі қарыздың өтеу тәртібі және т.с.с. Әр нақты нарық жағдайда әсер ететін факторлардың тым көптігінен сол факторлардың жиынтық нәтижесі көбін беймәлім болып қала береді. Осыған орай тек қарапайым есептеулермен шектеле бермейтін қаржы операцияларының сандық талдауын жүргізген жөн. Осы қаржылық операцияларды талдау әдістерінің жиынтығы – аталып отырған курстың пәні болып табылады.

Бағдарламаның жетекшілері: Ыдырыс Е.Ж.
Пәннің атауы: «Қаржылық математика».

Пререквизиттер:«Қаржы-банктік статистика», «Қаржылық менеджмент», «Қаржылық талдау»

Қаржы ресурстарын, ақша айналымы мен құрылымы жөнінде талдау жасау барысында статистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдануды меңгеру.

Постреквизиттер: Қаржылық есептерді шешу жолдарын біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Базистік қаржылық есеп айырысу; несие; бағалы қағаздардың тіркелген кірістері; шетелдік валюта; қарапайым акцйиялар; қаржылық фьючерстер; опциондар; арбитраж хеджирлеу; Монте-Карло әдісі бойынша опциондық сыйақымен есеп айырысу.

Бағдарламаның жетекшілері: Ыдырыс Е.Ж.


Пәннің атауы: «Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік қатынастар»

Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Қаржы нарықтары және делдалдары»

Әëåóìåòòiê-ýêîíîìèêàëûº æà¹äàéëàðäû òàëäàó. Қàçiðãi ºî¹àìäû äàìûòó ì¾ìêiíäiêòåðií ò¾ñiíäiðó æ¸íå îºûï ¾éðåнó.

Постреквизиттер: «Шетелдік қор нарықтары»

Халықаралық экономикалық ұйымдар қызметінің міндеттерін біледі; әлемдегі қаржы-несиелік мәселелерді талдауды және дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін Қазақстанның экономикалық практикасына енгізуге үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуы мен мәні. Әлемдік валюта-қаржылық және несиелік қатынастардың даму тенденциясы. Әлемдік валюта-қаржылық байланыстарды интернационалдандылу. Әлемдік несиелік қатынастардың құрылымы. Әлемдік валюта-қаржылық және несиелік жүйедегі Қазақстан Республикасының орны.

Бағдарламаның жетекшілері: Нурмағамбетова Б.К., Тен Н.Ю.

Пәннің атауы: «Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйе»

Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Қаржы нарықтары және делдалдары»

Әëåóìåòòiê-ýêîíîìèêàëûº æà¹äàéëàðäû òàëäàó. Қàçiðãi ºî¹àìäû äàìûòó ì¾ìêiíäiêòåðií ò¾ñiíäiðó æ¸íå îºûï ¾éðåнó.

Постреквизиттер: «Шетелдік қор нарықтары»

Валюталық жүйенің қалыптасуы мен дамуының теориясы мен пракиткасын біледі; валюталық саланы реттейтін әдістердің тиімділігін талдауды үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Валюта қатынастар түсінігі және валюталық жүйе, ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде, әлемдік валюталық жүйе. Ұлттық және әлемдік валюталық жүйелердің негізгі элементтері, шаруашылықты аумақтандыру және халықаралық экономикалық бірлесу, мемлекеттің валюталық саясатын үйлестіру әлемдік валюталық жүйелердің қызмет етуінің алғы шарты ретінде.

Бағдарламаның жетекшілері: Нурмағамбетова Б.К., Тен Н.Ю.


Пәннің атауы: «Қаржылық талдау».

Пререквизиттер: «Қомпаниялардың қаржылық есептемесі», «Бухгалтерлік есеп», «Кәсіпорын экономикасы».

Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары мен тұжырымдамаларын меңгеру.

Постреквизиттер: Кәсіпорындардың қаржылық жағдайына талдау жүргізудің теориялық негіздерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қаржылық талдаудың негізгі принциптері. Меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру қағидалары. Қаржы несие шешімдерін қабылдау барысындағы қаржы-экономикалық есептеулердің математикалық негіздері. Кәсіпорынның қаржы жағдайы. Қаржылық жоспар. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның қаржылық әлсіздігі.

Бағдарламаның жетекшілері: Кушенова М.Ш., Капанова Ш.А.


Пәннің атауы: «Банктік тәуекелдер».

Пререквизиттер: «Ақша. Несие. Банктер», «Банк ісі», «Коммерциялық банктердің қаржылық талдауы».

Ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің қызмет етуінің, халықаралық несие-есеп айырысу және валюталық қатнастарын білу.

Постреквизиттер: «Банктердің валюталық операциялары» Банктік тәуекелдердің сыныптамасын біледі және оны басқару негіздерін үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Банктің тәуекелін олардың бағалау және басқару әдісін сыныптау; шетелдік валютамен, бағалы қағаздармен биржа нарығында операцияларды жүргізу барысында туындайтын тәуекелдер; банктік тәуекелді басқару және бағалау практикасы.

Бағдарламаның жетекшілері: Кушенова М.Ш., Капанова Ш.


Пәннің атауы: «Бағалы қағаздар нарығы»

Пререквизиттер: «Ақша. Несие. Банктер», «Қаржы нарықтары және делдалдары».

Студенттерге ақша, несие және банктер теориясы жөнінде қажет-ті теориялық білімнің бар болуы қажет.

Постреквизиттер: «Банктің валюталық операциялары», «Векселдік несиелендіру», «Кәсіпорынның бағалы қағаздар қоржысын басқару», «Қаржылық лизинг».

Бағалы қағаздар нарығы түсінігін және оның түрлерін, қор нарығында бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыруды тетіктерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бағалы қағаздар нарығын ғылыми-ұйымдастыру негіздері. Қазақстанда қор нарығын қалыптастырудың заңдылықтары. Құнды қағаздардың корпоративтік мемлекеттік нарықтарының қызмет ету ерекшеліктері. Құнды қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мен олардың қызметтерін лицензиялау тәсілдері. Бағалы қағаздар нарығының конъюнктурасы. Қор биржасы қызметін ұйымдастыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Айтуған А., Бисенова Р.А.
Пәннің атауы: «Шетелдік қор нарықтары»

Пререквизиттер: «Банк ісі», «Ақша. Несие. Банктер», «Қаржылық нарықтары және делдалдары», «Бағалы қағаздар нарығы».

Студенттерге ақша, несие және банктер теориясы жөнінде қажет-ті теориялық білімі қажет. Қаржы нарықтарының ерекшеліктерін анықтау.

Постреквизиттер: «Банктің валюталық операциялары».

Дамыған елдердің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Кұнды қағаздардың әлем эволюциясы және қазіргі құрылымы. АҚШ құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар нарығының даму тарихы. АҚШ қор нарығы үлгісін жалпы сипаттамасы. Ұлыбритания, Жапония, Германия, Францияның құнды қағаздар нарығы және қалыптасу тарихы.

Бағдарламаның жетекшілері: Айтуған А., Бисенова Р.А.
Пәннің атауы: «Биржа ісі»

Пререквизиттер: «Ақша. Несие. Банктер», «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Бағалы қағаздар нарығы».

Қаржы нарықтарындағы делдалдық қызметтер түрлерін сауатты түрде пайдалана білу. Қаржы-несие сферасындағы экономикалық процестерді, белгілі бір құбылысты талдай және бағалай білу. Студенттерге ақша, несие және банктер теориясы жөнінде қажетті теориялық білім қажет.

Постреквизиттер: «Банктің валюталық операциялары».

Биржаның ұйымдастырылуының негізін білу, сауда-саттық жүргізудің тетіктерін үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Биржа және биржалық сауда түсінігі. Биржалық саудаға қатысушылар. Биржа саудасының институттық негіздері, оның ұйымдастырушылық құрылымы, қор биржасының жұмыс сиянсы. Биржа операцияларын реттеу. Биржада баға белгілеу. Биржалық саудаға кәсіби қатысушылар және биржа саудасы процесінде қызмет етудің заңдық, этикалық нормалары. Биржа саудасына қатысушылардың табыстары және олардың қалыптастыру ерекшеліктері. Қор биржасы қызметін ұйымдастыру және Биржа операциялары мәселелері бойынша ҚР қолданылатын заңдар. Құрылтайшылар мен қор биржаларының ұйымдастырушылық құрылымы мен басқару құрылымы. Биржа саудасының клиенттері.

Бағдарламаның жетекшілері: Айтуған А., Бисенова Р.А.
Пәннің атауы: «Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет»

Пререквизиттер: «Бағалы қағаздар нарығы», «Бағалы қағаздар қоржынын басқару».

Бағалы қағаз нарығының экономикалық мәнін, оның жұмыс жасау механизмін тану.

Постреквизиттер: «Биржа ісі».

Бағалы қағаздар қоржынын құру моделдерінің теориясын біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметттің түрлері:



  • брокерлік-дилерлік қызмет

  • бағалы қағаздарды сенімді басқару қызметі;

  • өзара міндеттемелерді анықтау қызметі;

  • депозитарлық қызмет

  • бағалы қағаздар нарығындағы сауда ұйымдастырудың қызметі

Бағдарламаның жетекшілері: Айтуған А., Бисенова Р.А.
Пәннің атауы: «Компаниялардың қаржылық есептемесі»

Пререквизиттер: «Бухгалтерлік есеп», «Кәсіпорын экономикасы», «Копоративтік қаржы».

Корпоративтік қаржының теориялық және практикалық жаңалықтарын меңгеру.

Постреквизиттер: «Қаржылық талдау», «Қаржылық менеджмент»

Қаржылық есептеменің түрлерін, оларды құрастыру ерекшеліктерін біледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Компанияның статистикалық ақпаратындағы қаржы есептемесінің орны. Қаржы есептемесінің негізгі нысандары. Компанияның қаржы есептемесі мен экономикасының әртүрлі сфераларының өзара байланысы. Қаржы есептемесін оқу: негізгі қаржы көрсеткіштерін талдау, оның әдістері. Маңызды қаржы коэффициенттері мен көрсеткіштерін бағалау критерийлері.

Бағдарламаның жетекшілері: Капанова Ш. А., Ким Н.Р.
Пәннің атауы: «Қаржылық тәуекелдер»

Пререквизиттер: «Қаржы», «Қаржы нарықтары және делдалдары».

Қаржы ұғымдарын, терминдерін ұғып алу.

Постреквизиттер: «Қаржылық есептеулердің әдістері және талдауы».

Шетелдік және отандық тәжірибесінің қаржылық тәуекелдерді есептеу теориялық аспектілерін зерттейді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазіргі кезеңдегі қаржы тәуекелдерді есептеудің әдістерін игеру кәсіпкер, менеджер, экономист, банк қызметкерлері сияқты кәсіби мамандарды даярлаудағы ең маңызды буынның бірі болып саналады. Сонымен қатар қаржылық тәуекелдерді есептеудің әдісін жетік білу бұл коммерциялық мәмілені даярлау мен құру барысында сол қаржы операцияларының ең тиімді нұсқасын есептеп таңдап алуға үйренеді.



Бағдарламаның жетекшілері: Капанова Ш. А., Ким Н.Р.


3 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы

Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр

1

Базалық пәндер

CV 3203
CV3204

а)Банктің валюталық операциялары

б)Туынды қаржылық құралдар

Женсікбаева К.М.

Бисенова Р.А.

2

5


2

Базалық пәндер

CV 3217

а)Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы қаржылық бақылау және аудит

б)Вексельдік несиелеу

Нурмагамбетова Б.К.

Тен Н.Ю.

2

5

CV 3218


3

Кәсіптендіру пәндері

CV 3305

а)Коммерциялық банктердегі қаржылық талдау

б)Қаржылық лизинг

Женсикбаева К.М.

Ким Н.Р.

2

5

CV 3306


4

Кәсіптендіру пәндері

CV 3309

а)Мемлекеттік бюджет

б)Қазынашылықты ұйымдастыру

Хван Н.В:

Жрауова К.С.

Сарбалакова А.Ж.

2

5

CV 3310

5

Кәсіптендіру пәндері

CV 3311

а)Банктік маркетинг

б)Экономиканы ақша-несиелік реттеу

Кусаева Н.С.

Ахметова Ш.Б.

Сарбалаков Ж.О., Махницкая Е.И.

2

5

CV 3312

Пәннің атауы: «Банктердің валюталық операциялары»

Пререквизиттер: «Ақша. Несие. Банк», «Банк ісі», «Қаржы нарықтары және делдалдары».

Студенттерге ақша, несие және банктер теориясы жөнінде қажет-ті теориялық білімі қажет. Банк ісіне қатысты келешек дипломдық жұмыс материалдарын сараптауға, талдауға машықтану.

Постреквизиттер: Валюталық операциялардың әдістемелік негіздерін біледі; заңды және жеке тұлғалардың валюталық есептерді жүргізу тәртібін үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: ҚР валюталық реттеу әдістері мен тәсілдері. Валюталық операциялардың түрлері. Валюталық позицияларды жабу әдістері және олардың түрлері. Қолма-қол «Спот» операцияларын және жедел операциялардың барлық түрлерін іске асыру түрлері: «Фоварт» «валюталық фьючерстер», «своптар», «опциондар» және «төреліктер». Валюталық тәуекелділіктерді сақтандыру. ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған валюталық рыноктар және валюталық биржалар. Өзгермелі бағамдар. Валюталар бағамдарын қалыптастырудың рыноктык әдісі.

Бағдарламаның жетекшілері:Женсикбаева К.М., Бисенова Р.
Пәннің атауы: «Туынды қаржылық құралдар»

Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Бағалы қағаздар нарығы», «Биржа ісі», «Қаржы нарытары және делдалдары».

Бағалы қағаз нарығының экономикалық мәнін, оның жұмыс жасау механизмін тану. Биржалық сауданың экономикалық мәнін, әрекет ету механизмін тану.

Постреквизиттер: Туынды қаржылық құралдардың түрлерін біледі және қор биржада олармен операцияларды жүрзізуді үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Айналыс саласындағы қазіргі үрдістің және туынды құралдардың өзгерісі, туынды қаржылық құралдар, туынды қаржылық құралдардың нарықтық құрылымы, туынды қаржылық құралдар нарығындағы операциялар, тәуекел кірістер және туынды қаржылық құралдар, арбитраж және спикуляция, опциондар, опцион түрлері, фьючерстер, фьючерстің түрлері, своптер, своп түрлері, туынды қаржылық құралдар және бағалы қағаздар портфелін басқару, опциондық және фьючерстік биржа ұйымы.

Бағдарламаның жетекшілері:Женсикбаева К.М., Бисенова Р.А.


Пәннің атауы: «Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы қаржылық бақылау және аудит».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет