Мамыр Назерке Болысбекқызы Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : 0306000 «Фармация» жұмыс бағдарламасы



бет6/23
Дата10.05.2024
өлшемі419 Kb.
#500828
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ФАП СИЛ

1. Бөлім. Кіріспе. Жалпы нозология.
Оқу ақпараты:
Патологиялық физиология негізгі ғылым және оқу пәні. Патофизиология пәні және міндеттері, оның орта медициналық білім беру жүйесіндегі орны, дамыған клиникалық медицинаның теориялық негізі. Ауруды емдеуде, диагностиканың жаңа әдістері мен тәсілдерін және денсаулық сақтаудың алдын-ала сақтандыру бағытының дамуы үшін патофизиологиялық зерттеулердің маңызы. Нозология туралы жалпы түсінік. Денсаулық, ауру және ағзаның денсаулық пен аурудың ортасындағы жағдайы немесе ауру алды жағдайы. Ауру критерииі, нышаны, жіктелуінің ұстанымдары. Ауру сатылары, аяқталуы.
Терминалдық жағдай. Ағзаның қайта жандандырудың ұстанымдары мен әдістері. Аурудың алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.


2. Бөлім. Этиология және патогенез.
Оқу ақпараты:
Этиология және патогенез туралы түсінік.Ауру туындататын және туындауын қолайлы жағдайдың орны.Этиологиялық ықпалдардың жіктелуі.Патогенездің негізгі тізбегі «тізбек принципі».Ауруды емдеудің патогенездік ұстанымдары.


3. Бөлім.Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы.
Оқу ақпараты:
Ағзаның реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Реактивтіліктің және төзімділіктің түрлері.Аурудың пайда болуы, дамуы және аяқталуындағы реактивтіліктің маңызы.


4. Бөлім. Қабыну.
Оқу ақпараты:
Біртектес дерттік үрдістердің себебі мен даму механизмін зерттейді. этиологиялық ықпалдар, флогогенді ықпалдардың жіктелуі. Қабынудың даму механизмі. Қабыну үрдісінің негізгі компоненттері. Біріншілік және екіншілік альтерация. Қабынудың негізгі медиаторлары, шығу тегі, қабынудың даму барысындағы және аяқталуындағы оның маңызы. Қабыну ошағындағы қан айналымның және микроциркуляцияның өзгерістері, олардың сатылары, патогенезі, маңызы. Экссудация, патогенезі және маңызы. Пролиферация, даму жолдары, оны күшейтетін және тежейтін ықпалдар, маңызы. Қабынудың биологиялық маңызы. Қабыну үрдістерінің алдын алуы мен емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет