5. Бөлім.Шеткерідегі қан айналым және микроциркуляция бұзылыстары.
Оқу ақпараты:
Шеткерідегі қан айналым бұзылыстарының негізгі түрлері: артериялық толақандылық, веналық толақандылық, ишемия, стаз; олардың түрлері, себептері мен даму жолдары, сыртқы көріністері. Артериялық толықандылық, веналық толықандылық, ишемия, стаз кездеріндегі микроциркуляция жағдайының, ағзадағы жалпы және жергілікті өзгерістер, олардың мүмкіндік салдарлары.
Тромбоз, эмболия және олардың салдарлары.
6. Бөлім.Гипоксия, қызба, өспе.
Оқу ақпараты:
Гипоксия, қызба, өспе туралы түсінік және олардың жалпы сипаттамасы. Гипоксиялық жағдайларды жіктеудің негізгі ұстанымдары. Гипоксия түрлері. Гипоксияның негізгі түрлерінің этиологиясы мен патогенезі. Қызба этиологиясы. Қызбаның әр сатыларында жылу реттелуінің өзгерістері. Қызбаның биологиялық маңызы. Қызу түсіретін терапия. Пиротерапия туралы түсінік. Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы. Өспе өсуінің биологиялық ерекшеліктері, атипизм түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелер. Өспе этиологиясы. Физикалық, химиялық, бластомогендік ықпалдар. Онкогендік вирустар. Канцерогендер. Өспе өсуінің патогенезі. Өспе пайда болуы мен дамуында ағзаның тұқым қуалаушылық ерекшелігі, эндокриндік, иммундық жағдайының жасы мен жынысының маңызы. Өспе алды жағдайлар. Өспелерді алдын алу мен емдеудің негізгі жолдары туралы түсінік.
7. Бөлім. Зат алмасудың біртектес бұзылыстары
Оқу ақпараты:
Көмірсу алмасуының бұзылыстары. Көмірсулардың ыдырауының және түзілуінің бұзылыстары. Көмірсу алмасуының типтік бұзылыстары. Гипогликемия, түрлері, себебі, даму механизмі. Гипергликемия, түрлері, себебі, даму механизмі. Қант диабетінің жіктелуі. Инсулинге тәуелді диабет пен инсулинге тәуелсіз диабеттің айырмашылығы. Қант диабеті, гипогликемия, гипергликемия кезіндегі теориялық ұстанымдар.
Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Ақуыз түзілуінің және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары, себебі, патогенезі, салдары. Оң және теріс азоттық баланс.
Қан сарысуының ақуыз құрамының өзгеруі: гипер-, гипо-, диспротеинемия.
Май алмасуының бұзылыстары. Майдың ағзаға жеткіліксіз немесе артық түсуі. Майдың сорылуы мен тасымалдануының бұзылыстары. Холестерин алмасуының бұзылыстары. Жалпы семіздік: түрлері, себебі және даму механизмі.
Су алмасуының бұзылыстары. Сусыздану, себебі, сусызданудың салдары. Бейімделу үрдістері. Ағзаға судың артық мөлшерде жиналуы. Көзге көрінетін және жасырын ісінудің даму механизмі. Жүректік, бүйректік, бауырлық, кахексиялық, қабынулық ісінулердің патогенезі.
Достарыңызбен бөлісу: |