Марапаттау: Бахитова Ақмарал Сайлауқызы «Образцы изменчивых фантазий» халықаралық сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде



Дата23.02.2016
өлшемі66 Kb.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректораты

23 желтоқсан 2011 ж.


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Марапаттау:

Бахитова Ақмарал Сайлауқызы «Образцы изменчивых фантазий» халықаралық сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде «Көркем текстиль» номинациясы бойынша үздік жұмыс дипломымен марапатталды.


  1. Білім алушыларға дәрігерлік-санитарлық қызмет көрсетудің жағдайы туралы. Есенғалиева Роза Гусмангалиқызы – медициналық бөлімше жетекшісі

  2. Ағымдағы мәселелер

    1. Университеттің конкурстық комиссиясының жұмысы туралы. Журавлева Наталья Николаевна - кадрлық қызмет жетекшісінің м.а.

    2. ЖОО-дағы қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру туралы республикалық семинардың нәтижесі мен ұсыныстары. О.В.Юров - стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры


Білім алушыларға дәрігерлік-санитарлық қызмет

көрсетудің жағдайы туралы ақпарат
Құрметті Кеңес төрағасы, құрметті Кеңес мүшелері! Назарларыңызға университеттің білім алушыларына дәрігерлік-санитарлық қызмет көрсетудің жағдайы туралы ақпарат ұсынамыз.

БҚМУ-нің дәрігерлік бөлімшесі ҚР-ның 2007жылдың 27шілдесі «Білім туралы заңының» 48 бабының «Білім алатын шәкірттердің денсаулығын сақтау» тармағы бойынша жұмыс істейді.

Осы бұйрықтарға бағына отырып, дәрігерлік бөлімшеде 2003-жылдан бастап 35 жыл жұмыс стажы бар Есенгалиева Р.Г. және 2006-жылдан бастап 22 жыл жұмыс стажы бар Макулова Г.К. қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеуде.

Дәрігерлік бөлімше университеттің №1 жатақхананың I қабатында орналасқан, үш бөлмеден тұрады:

1) Студенттерді қабылдау бөлмесі және картатека.

2) Түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егу кабинеті.

3) Егілу кабинеті және 2 қосымша бөлме бар.

Дәрігерлік бөлім төмендегі жоспар бойынша жұмыс істейді:

1) Дәрігерлік бөлімшеде ауру-сырқаудың алдын-ала сақтау шараларын жүргізу;

2) Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету;

3) Алдын-ала жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлар жүргізу, ауруға қарсы егу, ҚР Денсаулық министрлігінің №2295 бұйрығымен сәйкес;

4) Әр түрлі жұқпалы ауруларға: қотыр, битке қарсы жатақхана студенттерін тексеруден өткізу;

5) Созылмалы ауруларды есепке алу;

6)Диспансерлік есепке алған студенттерді белгіленген уақытта жергілікті емханасынаға қадағалап жіберу;

7) I курс студенттерін толықтай дәрігерлік тексерістен өткізу;

8) Жүкті студенттерді уақытында бақылауға алу;

9) №471 ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен туберкулезге қарсы флюрографиялық тексеруден өткізу;

10) Денсаулық сақтау төмендегі шараларға және әскери комиссариатқа студенттерді жеке медициналық құжаттарын даярлап тіркеу;

11) Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

12) Санбюллетень, ақпараттық түсіндіру;

13) Студенттердің егілу (түрлі жұқпалы ауруға қарсы ф-63) құжаттарын түгелдеп, жұмыстану.

2010-2011оқу жылы 3.615 студентпен жұмыс істелінді.

2011-2012 оқу жылы 3.444, қыз балдар-2226, соның ішінде 326-сы колледж студенттерімен жұмыс істелінді.

Күніне қабылданатын студенттердің саны 25-30, ал алдын-ала тексеру негізінде 100-120 студентке дейін қабылданады. Әр факультетке жедел көмек көрсетуге күніне 2-3 шақыртуға дейін, кейбір кезде 6-7 шақыртулар болады.

Сонымен қатар спартакиада, спорттық жарыстарға, эстафеталарға дәрігерлік кезекшілікке барылады.

I курс студенттері қыркүйек, қазан айларында тереңдетілген дәрігерлік тексеруден өтті. 2010-2011 оқу жылында I курс 703 студент, оның ішінде арнайы топқа 203 студент, негізгі топқа 469 студент жіберілді.Толық босатылғандардың саны-19.

2011-2012 оқу жылында I курс студенттері – 1102. Өтпегендері -25.

Тексерудің қортындысы бойынша денсаулығы төмен 606 студент дене шынықтыру сабағына арнайы топқа жіберілді. 471 студент- негізгі топқа жіберілді. Босатылғаны – 6.



Студенттер арасында көп кездесетін аурулардан:




Аурудың атауы

2010-2011 оқу жылы

2011-2012 оқу жылы

1

Көз аурулары

133

270

2

Хирургиялық аурулар

82

129

3

Жүрек-қан тамыр аурулары

17

59

4

Бүйрек аурулары

18

5

5

Асқазан-ішек аурулары

7

6

6

Эндокринолық жүйе аурулары

2

8

7

Нерв жүйе аурулары

4

3

8

Гинекологиялық аурулары

15

20


Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек бойынша БҚМУ

2010-2011 ж.ж негізгі көрсеткіш


Негізгі көрсеткіш


2010


2011


дәрігерлік тексерістен өткен 1 курс студенттерінің саны

703

1102

Өткені

703

977

Көрсеткіші

100%

88%

Анықталған науқастар

222 – 31%

612-62%

сауықтырылғаны

93 – 41%



II курс студенттері жыл сайын ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында флюрографиялық тексеруден және қыз балалар гинекологтың, терапевт дәрігерлерінің тексерісінен өтеді.


III.IV.V курс студенттері де флюгрофиялық тексеруден және қыз балалар гинекологтың, терапевт дәрігерлерінің тексерісінен өтеді, Сонымен қатар, студенттер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №2295 бұйрығы бойынша жұқпалы ауруларға қарсы егілді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2001 жылы 18 мамырдағы «Кеуде қуысы органдарын туберкулезге дифференциалды флюрографиялық тексеру Ережесі туралы» № 471 бұйрығы бойынша тексеру жүргізу кезінде студенттердің флюрографиялық тексеріске жауапсыздықпен қаралғаны деканаттарға ескертілді.


Ал қазіргі кезде флюрографиялық тексерістен өтпеген мәдениет және өнер факультетінің студенттерінің тізімдері факультет деканатына жіберілді . 2010-2011 оқу жылындағы флюрографиялық тексеру қортындысы бойынша, 4 студент оң көрсеткіш көрсетіп толық тексерістен кейін үшеуі ауруханаға жатқызылды, біреуі туберкулез диспансерінде ем қабылдады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің № 685 бұйрығы бойынша 16,17,18 жастағы студенттер ақпан, наурыз айларында толық тексеруден өтіп «Д» есепке алынып, №1 емханада ем қабылдады.


Мақсатты алдын-ала тексеру № 685 10.11. 2010 жылғы бұйрығы бойынша


жыл

МАТ

Анықталған науқастар


Сауықтан

дырғаны


Д есепке алынғаны

ФГТ

тиісті

өткені

тиісті

өткені

2010ж

286

286

42

39

13

3619

3569

2011ж

259

259

30

22

8

3444

3404

Оқу жылы басында университетке қабылданған студенттердің №63 формасы (егілу құжаты) түгел емес. Осы уақытқа дейін 79 студенттің №63-ші формасы жоқ. Барлығы жазбаша түрде деканаттарға жіберілді, бірақ қорытындысы өте нашар.


Жүкті қыз балалар университет бойынша қазіргі таңда 30, олардың барлығы өзі тұратын жердің есебінде тұрып қаралуда.

Университетте әр түрлі топтағы 16 мүгедек студент тіркелген. Олардың 9-ы III топта, 3-еуі II топ, 3-еуі I топ мүгедектері.


Жылына 2 рет облыстық қан орталығы келіп «донор күнін» өткізеді.

Донор күнін өткізудің қорытындысы.

2010-2011 оқу жылы

2011-2012 жылы

218

227

Жыл сайын санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі. Санбюллетеньдер «Құс тұмауы», «туберкулез», «тұмау», «нашақорлық», «алкоголизм», «вирус геппатиті», «СПИД», «гипертония», «өкпе демікпесі», «жел шешек», «қызылша», «құлақ түбі безінің қабынуы» бойынша шығарылады.

Дәрігерлік бөлімше келісім шарт бойынша №1 емханамен жұмыс істеуде. Биылғы жылдың 25-қарашасы күні дәрігерлік бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік лицензиясын алды.

Жыл сайынғы тексерістердің арқасында студенттердің арасында көптеген аурулар анықталып, есепке алынып емхананың күндізгі емдеу бөлімінен өздерінің емдерін алды. Сонымен қатар күнделікті қабылдау кезінде келген студентер №1 емханаға арнайы мамандарға жіберілді.

Біздің дәрігерлік бөлімше 4 жыл бойы жоғарғы білімді дәрігерсіз жұмыс жасауда. Алдағы уақытта жоғарғы білімді дәрігермен қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Факультет деканаттары дәрігерлік бөлімшемен бірлесіп студенттердің денсаулығына көңіл бөліп, бірлесе жұмыс жасауын сұраймыз. Алдағы уақытта үкімет қаулысына байланысты істелетін денсаулық сақтау ісіне, студенттердің уақытында бір кісідей өтуіне әкімшілік жағынан көмек болса дейміз.



БҚМУ медбөлімшесінің дәрігері: Есенғалиева Роза Гусмангалиевна
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистранттың өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 45 сағат МӨЖ 45 сағат
dmdocuments -> Мәдениет және өнер” институты “Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 050120 «Кәсіптік оқыту»
dmdocuments -> Іс жүргізу туралы нұсқаулық смж. 04. 04
dmdocuments -> Пәндер кафедрасы 050114 –
dmdocuments -> Тарих және құқық
dmdocuments -> Т. З. Рысбеков М.Өтемісов ат. БҚму ректоры, т.ғ. д., академик
dmdocuments -> А. А. Какимова Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер
dmdocuments -> Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 21 сағат СӨЖ 45 сағат Рейтинг 2 Емтихан 2 Барлығы 70 сағат
dmdocuments -> Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 30 сағат Барлығы 90 сағат Орал 2010 ж


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет