Маркетинг


Фирманың нарықтық мүмкiндiктерi



бет30/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
лекция маркетинг на каз.doc+

2. Фирманың нарықтық мүмкiндiктерi. Нарық мүмкіндiктерiн айқындау үшiн нарықты зерттеу жүргiзiледі. Жағдайлық талдау негiзiнде пайда болған мәселелер мен мүмкiндiктер анықталады. Осындай мақсатпен SWOT талдау өткізіледі.
3. Maқcaттapды қалыптастыру. Мақсаттар басты және аралық (промежуточные) болуы мүмкін. Олар сандық сипатталған, нақты, жасау мерзiмi анықталған, қисынды болуы тиiс. Мысалы, 2003 жылы өнiмдi сатудан түсетін таза пайда 23 млн. тенге болуы керек. Маркетинг жоспарында сату, нарық үлесi, пайда, маркетинг кешенi бойынша мақсаттар көрсетілуі керек.
4. Маркетингтiк стратегиялар. Маркетингтiк стратегияларды жасау үшiн нарықты сегменттеу, мақсатты нарықты айқындау керек. Оның негiзiнде басты сегменттердiң, аймақтар, сала принципi, тапсырыс көлемi бойынша тұтынушылар бейiнi (профильдерi) анықталады. Бәсекелестер және фирма тауарларының нарықтағы позициясы анықталып, нарықтағы қамту стратегиясы таңдалынылады. Тауарды нарықта позициялау картасы жасалады. Сегменттеу негiзiнде тауар, баға, өткiзу және тауарды жылжыту стратегиялары әзiрленедi.
5. Маркетинг бағдарламасы. Стратегиялық жоспарлар жүзеге асырылуы керек. Сондықтан ол маркетинг мақсатына жетуге мүмкiндiк беретiн, ic жүзiнде жүзеге асыру бағдарла­масы болып өзгертiледi. Бағдарлама маркетинг-микс элементтері бойынша кұрылады. Оған тауар, баға, өткiзу, жылжыту аумақтарындағы маркетингтiк шешiмдер енгiзiледi. Марке­тинг-микс шаралары бiр-бiрiне сәйкес келiп, тиiсiнше бюджеті болуы керек.
Маркетинг-микстiң негiзгi элементi - өнiм. Сондықтан тауар саясаты аумағында ассортиментке (тауардың көптүрлi­лігі), ТӨЦ кезеңдерiне, сауда маркасына, тауар белгiсiне, буып-түю, орауға, сапаға және бәсеке қабiлeттiлікке, сату алдындағы және одан кейiнгi қызметке, патенттi қорғауға қатысты шешiмдер қабылдануы қажет. Тауарды сипаттап, оның сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау қажет.
Келесi элемент - баға. Баға белгiлеу өнiмнiң өзiндiк құнын, бәсекелестер бағасын, сұранысты және шығынсыздық нүктесін талдау, сұраныстың бағаға икемдiлiгiн бағалау негiзiнде жүзеге асырылады. Баға белгiлеудің әдiстерi мен стратегиялары тaңдалып, төлем және несие шарттары белгіленеді.
Өткізу. Делдалдардың каржылық мүмкіндіктepi, жұмыс істеу тәжiрибесi, өнiм түрлерi, аймақтар және делдалдар бойынша заттай және кұндық көрсеткiштерi, сату көлемдерi талданады. Сату мақсаттары мен стратегиялардың болжамдары жасалады. Сауда қызметкерлерінің міндеттері бөлiнiп, олapды оқытy шығындары жоспарланады.
Жылжытудың мақсаттары мен стратегиялары. Kоммуникациялық бағдарлама бойынша (жарнама, PR, өткізуді ынталандыру, дербес сату, көрмелер) жарнама шараларының, PR, өткiзудi ынталандыру, дербес сатудың жоспарлары жасалып, оларды жүзеге асыру шығындapы анықталады. Бюджеті белгiленген жарнама, PR түрлерiнiң және құралдарының, өткiзудi ынталандырудың шарттары мен түрлерiнің тиімділерi таңдалып, жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет