2. Пайдалылықты бақылау. Кәсiпорындар әр түрлi өнiмдердiң, сату аймaқтарының, нарық сегменттерi және тарату арналарыньң пайдалылығын аньқтайтын зерттеулер жүргізеді.
3. Стратеrиялық бақылау. Фирмалар белгiлi бір уақыт аралығында жалпы маркетингтiк шаралардьң тиімділігін зерттеп тұруы қажет. Мұндай зерттеу жылдьқ жоспардың орындалуын және пайдалылықты бақылауға қарағанда кеңірек болып келедi.
Фирманьң микро, макроортадағы өзгерiстерi оның маркетингтiк мақсаттары, стратегиялары және жүзеге асыру бағдарламаларына түзету енгiзудi талап етедi. Бұл бақылау түрі стратегиялық бaқылау деп аталады. Ол аудит әдiстерiн пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады. Маркетинг аудиті сыртқы ортаны, маркетинг мақсаттары мен стратегияларын, ұйымньң және оның жеке бөлiмшелерiнiң маркетинг қызметі түрлерiн жүйелi түрде, жан-жақты тәуелсiз тексеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |