Мақсат қою қызметі



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі27.26 Kb.
#479524
1   2   3
мақсаттар типологиясы

стратегиялық, тактикалық және жедел (оперативтік) типтері
атап көрсетіледі.
Мазмұны бойынша мақсаттардың экономикалық, ұйымдас-
тырушылық, ғылыми, әлеуметтік, кадрлық, техникалық, поли-
техникалық және басқа түрлері болады.
Мақсаттар сыртқы және ішкі ұйымдық болып бөлінеді. 
Ұйым мақсаттары оларды жүзеге асыру кезектілік белгісі 

бойынша да жіктеледі: кезек күттірмес (айрықша басымдықта-
ғы), бірінші кезектегі (басымдықты) және кейінге қалдырыл- 
ған.

44
Мақсаттар сандық және сапалық болып та бөлінеді. Мы-


салы, «рентабельділікті 15% арттыру» – сандық мақсат, ал


«әкімшілік ақпаратты құрылымдық қайта ұйымдастыруды жүр-
гізу» сапалық болып есептелінеді.
Ұйым мақсаттары, сондай-ақ қайталанатын (стереотиптік) 
және бір мәртелік (бейімделу) болып та бөлінеді.

Ұйым өмір сүруінің белгілі бір кезеңдеріне бағытталу белгісі 

бойынша жіктелу мақсаттардың төрт категориясынан тұрады:
басқару жүйесін жобалау мен жасауға, оның дамуына, тұрақты 
қызмет етуіне және жүйенің өмірлік циклының аяқталуына бай-
ланысты.
Мақсаттардың қарастырылған жіктемелері олардың жал-
пы ұйымдастырушылық белгілеріне жатады. Сонымен қатар 
олардың жіктемесінің үш негізгі психологиялық көрсеткіші
бар:

1. Мақсаттарды аса ауқымдыға (жалпы ұйымдастырушы-


лық), шағынға (топтық) және жекеге бөлу. 
2. Мақсаттарды олардың қою айқындылығы бойынша ай-
қындау (құрылымданған және құрылымданбаған). 
3. Ұйымға кіретін индивидтер мен топтардың бейресми және
нақты мақсаттарын анықтау. 
Қарастырылған жіктемелердің алуан түрлілігі мен әртүрлі
ауқымдылығы жетекші іс-әрекеті мазмұнының көпжақтылығы 
мен оның күрделілігін айқындайды.


Мақсат қою қызметін жүзеге асыруға қойылатын 


талаптар 

 
Мақсаттардың кез келген типіне қойылатын талаптар «мақ-


саттардың негізгі сипаттамалары» ұғымын береді.
«Жақсы қойылған» мақсаттың басты сипаттамасы – оның 


айқындығы, ол объективті және субъективті екі аспектіден
тұрады [36]. 
Объективті тұрғыдағы айқындылық мақсаттың нақты тұжы-
рымдалуын, оны қою тәсілдерінің нақтылығын білдіреді. Мүм-
кіндік болса мақсатты сандық та, сапалық та түрде ұғыну қажет
(мақсат өлшемділігі талабы). Бұл мақсатқа қол жеткізу дәре-

45
жесін тексерудің объективтілігін қамтамасыз етеді. Айқын-


дылық субъективті түрде атқарушылардың мақсатты бастапқы


түрде тұжырымдалған ұғымда дәл қабылдауын білдіреді. 


Реалистілік – мақсаттардың екінші маңызды сипаттамасы.
Мақсаттардың максималдануы мен күрделенуіне мүдделі 
жетекші атқарушылардың нақты мүмкіндіктерін білу және
ескеру керек. 
Психологиялық тұрғыдан бейресми мақсатты нақты қа-
былдануға түрлендірудің шешуші шарты өте маңызды болып 
табылады.
«Мақсаттардың өзара қолдау сипаты» ұғымы олардың жи-
нақталуының негізгі өлшемі болып табылады. Мақсатқа жету
тиімділігі үшін ұйымға, оларды іске асыру әрекеті бір-біріне 
бөгет болмай, керісінше, осыған қолдау көрсетуі қажет.
Табысты басқаруды қамтамасыз ету үшін мақсаттар бақы-
лана алуы қажет. Бұл – мақсаттардың тексерімділігіне қойы-
латын талап.
Басқару тәжірибесінде, негізінен, эмпирикалық сипаттағы
мақсаттарды тұжырымдаудың кейбір ережелері жасалынды. 
Олар мақсат қоюдың психологиялық заңдылықтарына негіз-
деледі.

1. Мақсаттар мен мәселелер ұғымдарын ашып көрсету


психологиялық жағынан маңызды болып табылады. Мақсат-
тарды тұжырымдау кезінде оларды нақтыланған мәселемен
алмастырудың қажеті жоқ. Мұндай алмастырулар бағыныш-
тылардың еркіндігін шектейді, олардың іс-әрекетінің тиімді-
лігіне кері ықпал етеді. 
2. Мақсаттар жалпы ұйымдастырушылық және жеке мүд-
делер арасындағы саналы ымыраға келушілікті білдіруге тиіс. 
3. Күрделілік дәрежесі бойынша мақсат атқарушылардың
нақты мүмкіндіктерінен сәл жоғары болуға тиіс, сонда жүзеге 
асыру максималды болады және атқарушылардың іскерлік
сапалары тұрақты түрде дами түседі. 
4. Мақсаттарды тұжырымдау кезінде сандық ережелер,
нормалар өте маңызды. Олардың екі түрі болады: уақытша және 
көлемді. Уақытшаларды мақсатқа жету үшін экономикалық та,
психологиялық та тұрғыдан жүзеге асыру үшін оңтайлы мер-

46
зімдер белгіленеді. Уақыт бойынша алшақ мақсаттардың моти-


вациялы әлеуеттері аз, ал тым жақын болғанда тиімсіз. Уақыттық


оптимум шамамен бір жыл деп есептеледі. Бір мерзімде орын-
далатын мақсаттардың оңтайлы саны көбінесе 4-5 болады.
Мақсаттарға қойылатын талаптардың көпшілігі психология-
лық тұрғыдан атқарушылардың мотивация әлеуетінің белсен-
ділену қажеттілігімен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет