Мақсаты : Оқушылардың білімдері мен



Дата09.03.2024
өлшемі0.96 Mb.
#494810
Қызықты қазақ тілі әлемі


Қызықты қазақ тілі әлемі

Мақсаты :

1. Оқушылардың білімдері мен

біліктіліктері арқылы ой – өрістерін

дамыту,

2. Ұшқырлық , ойлау қабілеттерін шыңдау.

3. Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Сайыстың жоспары

1.Топтардың өзін таныстыруы.

2«Тіл өнері»

3. «Мықты болсаң тауып көр»

4. «Бәйге»

5. «Алтын жұмбақ»

6. «Тапқырлық»


1-кезең.
«Таныстыру»

2-кезең. «Тіл өнері»

«Домбыра» тобына

  • Жылан інінен қалай шығады?
  • Қар жана ма?

  • 3. Инемен құдық қазуға бола ма?
    4. Ең тәтті не?
    5. Не қорқақ,не батыр?
    6. Кімнен кім жаман?

Тұлпар тобына


1. Оттан да ыстық не?
2. Ит жоқта не үреді?
3. Ер қаруы нешеу?
4. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
5. Жігітті шал деген жөн бе?
6. Үлкен сөз, үлкен көз бола ма?

3-кезең. «Мықты болсаң тауып көр»

Бұл кезеңде балалар сендер мықтылықтырыңды көрсетесіңдер. Қазір мен сендерге мынандай парақшаларды таратамын . Сендер осы парақшаларда жазылған тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар.

4-кезең. «Бәйге»

1. «Термин» қай тілдің сөзі 2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? 3. Сөз мағынасын не зерттейді? 4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. 5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? 6. Жалғаудың түрлерін ата. 7. Неше септік жалғауы бар? 8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? 9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? 10. Дыбысты немен таңбалайды? 11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? 12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? 13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? 14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? 15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? 16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? 18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. 19. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады? 20. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?


«Домбыра » тобына сұрақтар

1. Екпін түрі нешеу? 2. Үндестік заңы нешеу? 3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? 4. «Лексика» сөзі қай тілден енген 5. Тыныс белгісін не зерттейді? 6. Фонетика нені зерттейді? 7. Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? 8. Көзқарас қандай сөз? 9. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. 10. Орфография нені зерттейді? 11. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? 12. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? 13. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 14. Дауыстылардың саны қанша? 15. Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? 16. Сөз таптары нешеу? 17. Қосымша нешеу? 18. Жұрнақтың түрлерін ата. 19. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. 20. Сын есімнің шырайларын ата.


«Тұлпар» тобына сұрақтар
5-кезең.
«Алтын жұмбақ»
Бұл кезеңде мен сендерге әдеби шығармалардан алынған үзінділер жасырынған мына парақшаларды таратамын . Сендер берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауларын керек. Әр дұрыс жауап 5-ұпайға бағаланады

6-кезең. «Тапқырлық»

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ...

2. Бал тамған тілден ...

3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ...

4. Жақсы сөз - ...

5. Қаһарлы сөз ...

6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ...

7. Жақсы байқап сөйлер,

жаман ...

8. Бас кеспек болса да, ...

9. Дәлелсіз сөз ...

10.Тіл қылыштан ...

1. Піл көтермегенді, ...

2. Тілден артық ...

3. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ...

4. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ...

5. Ең ащы да тіл, ең ...

6. Өнер алды - ...

7. Айтылған сөз - ...

8. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ...

9. Басқа пәле - ...

10. Білім кілті - ...

Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Туған тілім тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сыр ойдағы Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін ,- деп Ә.Тәжібаев айтқандай тілімізді сақтап, дәріптеп, мақтан тұтып жүрейік.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет