«Ардақты асыл анашым»
3 - 6 топ оқушылары арасында
«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам»
атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
оқушыларды мемлекеттік тілдің өркендеп дамуына үлес қосуға талпындыру, еліне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, топ алдында еркін
сөйлеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Ұлтын, елін, жерін, тілін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.
Осы мақсатта оқушылармен түрлі жаттығулар мен ойындар, мақал – мәтелдер ұйымдастырылды.
Оқушылар ойларын ашық жеткізіп, ұсынылған тапсырмаларға белсенді түрде қатысып отырды. Тіл –
ата-баба аманаты. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – баршамыздың
парызымыз. Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана
сүтімен бірге сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды.
«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам»
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, бойларына патриоттық сезімді
халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген
қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт – дәстүрлерін құрметтеуге,
тілге құрмет көрсетуге оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу мақсатында 1 – топ тәрбиеленушілері
арасында
22 – қыркүйек тілдер мерекесіне орай
«Ана тілім – бабамның есімі, балаңның бесігі,
болашқтың есігі»
аттты тәрбиелік шара өтті. Шара барысында оқушылар «Халықтар достығы»
презентациясын тамашалады. Тәрбиеленушілер тілге деген
құрметтерін қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде айтып жеткізді. Үш тілде мақал – мәтелдерден сөз жарыстырып, өлең шумақтарын оқыды.
Достарыңызбен бөлісу: |