Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым қатынас орнату



Дата13.12.2023
өлшемі55.07 Kb.
#486376
ата аналар тренинг


Тақырыбы: «Ата анадан және жақындарынан ажырау үрейін қалай жеңеміз? »
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Түрі:тренинг ,түрлі ойындар.
Барысы:
1.Танысу жаттығуы
2.Жанұя бақыты жаттығуы
3.Сөйлемді аяқта әдістемесі.
4.Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) Гүлдің оянуы.
5.Тілек шамы. (Қорытындылау)

Психолог, әлеуметтік педагог: Қош келдіңіздер, құрметті студенттер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.


Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған студенттерге әрдайым осы асырап отырған ата аналарыңыздың қорғаны болып, жүре беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

І. «Танысу» жаттығуы
Студенттер өз есімдерін және ата -аналарының есімін айтып ата- аналарының бойындағы жақсы қасиеттерді атап айту.

2. Жанұя бақыты жаттығуы.
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру студенттердің ата – аналарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Жаттығудың шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, студент өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

3. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.

Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…

4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап - таза, жап - жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі - түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі. Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, студенттер ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге ата -анасына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой - пікірлерін айтады.

5. «Тілек шамы».
(Қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Психолог: «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын,
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.
Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
«Мен қатігездікке қарсымын» дегім келеді.
Сау болыңыздар!



РЕКЛАМА

business.yandex.kz
Яндекс Бизнес найдет вам новых клиентов


Узнать больше





РЕКЛАМА

metrotest.ru
Испытательное оборудование


Узнать больше





РЕКЛАМА

clinicnacpp.ru
Онкологическая клиника в Москве


Узнать больше
ЕСТЬ ПРОТИВОПОКАЗАНИЯ. ПОСОВЕТУЙТЕСЬ С ВРАЧОМ
Реклама
Срочная новость для граждан Казахстана: должны знать все


Реклама
Куда испарилась жена Назарбаева: упадете, узнав правду


Реклама



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет