Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
жетісітк бағалау

Диагностикалық бағалау 
Білім алушылардың бастапқы білім деңгейін анықтау 
Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) 
оқу үдерісінде үздіксіз кері байланыс арқылы жүзеге асады 
Жиынтық бағалау (оқуды бағалау) 
бөлім немесе тоқсан аяғында білім алушының жетістік 
деңгейін анықтау үшін жүргізіледі 


45 
Сурет 6 - Критериалды бағалау жүйесінің циклдық сызбасы 
Педагогтердің бағалау іс - әрекеті критериалды бағалау жүйесін оқыту 
үдерісінде қолданудың мақсат, міндеттері, тәсілдері, функциялары, принциптері 
мен сәйкес жүзеге асады. 
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде 
білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу 
үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. 
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2.Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі 
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3.Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін 
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы 
ақпараттар ұсыну. 
Критериалды бағалаудың технология ретіндегі міндеттері: 
- оқыту үдерісінде білім алушылардың білімді игеру үдерісін басқару, оқу 
үдерісінде нақты ақпаратты білім берудегі проблемалардың алдын алу; 
қиындықтар, қателіктерді анықтау олардың себебін айқындау; материалды игеру 
сапасын анықтау; сенімді кері байланыс пен қамтамасыз ету; 
- есте сақтау қабілетінің беріктігін қамтамасыз ету, білім алушыларды өзін 
оқытудан 
күтілетін 
нәтижелер
сабақ 
мақсаттары
Бағалау 
критерийле
рі
диагности
калық 
бағалау
Дескрип
торлар
қалыптас
тырушы 
бағалау
Кері 
байланыс
жиынтық 
бағалау
Рефлексия
оқу 
бағдарламалары 
оқыту 
мақсаттары 


46 
– өзі басқаруға жаттықтыру; 
- білім алушылар білімін тереңдету, жүйелеу; 
- білім алушылардың оқуға болған мотивациясын көтеру, бағадағы 
эмоционалды негативті жою, оқудағы белсенділікті арттыру, қарым – 
қатынастағы ашықтыққа қол жеткізу; 
- таным 
қабілеттерін, сыни ойлау, жады, зейінді дамыту,білім 
алушылардың оқу – танымдық әрекетіндегі ұтқырлықты дамыту. 
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, 
бағалау құралдарымен, нәтижелермен анықталады [180;4]. 
Біздің зерттеу жұмысымызда педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту 
мәселесі педагогикалық – психологиялық зерттеулер, ғылыми – теориялық 
тәжірибелер негізінде қарастырылады. Зерттеудің теориялық, эмпирикалық 
кезеңдерінде қолданысқа енген оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды 
бағалау жүйесінің мақсат, міндеттері, қызметін айқындау арқылы, педагогтің 
бағалау іс - әрекетінің мәнін ашу мүмкін болады деп санаймыз.
Заманауи білім беруде педагогтердің бағалау іс - әрекеті критериалды 
бағалау жүйесін оқыту үдерісінде қолдану арқылы қалыптасады. Педагогтердің 
бағалау іс - әрекеті критериалды бағалаудың мақсат, міндеттері негізінде жүзеге 
асады. 
Критериалды бағалау жүйесі оқыту үдерісінде белгілі бір теориялар 
аясында жүзеге асады, атап айтсақ: әлеуметтік – конструктивистік оқу теориясы, 
толық меңгеру теориясы, скаффолдинг теориясы, жақын арадағы даму теориясы, 
сөйлеу әрекетінің теориясы, қалыптастырушы бағалау теориясы. Бұл 
теорияларды қамтыған критериалды бағалау жүйесінің концептуалдық 
құрылымы төмендегі суретте көрсетілген: 
Сурет
7 - Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық (концептуалдық) 
құрылымы 


47 
Оқыту процесінде педагог тарапынан әр бір тапсырмадан кейін 
қолданылатын бағалаудың түрі ол – қалыптастырушы бағалау. 
Отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми тұжырымдары негізінде 
анықталған педагогтің оқушылардың оқу жетісіктерін бағалау іс - әрекетінің 
қызметі, мазмұны, принциптері оқыту үдерісінде критериалды бағалау аясында 
жүргізілетін қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалауды жүзеге 
асыруда педагогтердің негізгі құралы болып саналады.Оқыту үдерісінде оқыту 
үшін (қалыптастырушы) және оқуды бағалауда (жиынтық) педагогтің бағалау іс 
- әрекетінің ерекшеліктері нақты айқындалады. 
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің бағалау 
бағыттарының 
бірі 
– 
қалыптастырушы 
бағалау 
болып 
саналады. 
Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды оқу үдерісінде жүзеге асыру 
педагогтің бағалау іс - әрекетінің мәні мен мақсатының өзгеруіне түрткі болды. 
Жаңа форматтағы бағалауды оқытуда қолдану педагогтің кәсіби біліктері 
деңгейіне жоғары талаптар қояды.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
педагогтен жоғары кәсіби құзыреттілікті талап етеді.Педагогтің кәсіби 
құзыреттіліктері тобының бір бағыты ол – бағалау құзыреттілігі. 
Бағалау құзыреттілігі – объекттің құндылығы мен маңыздылығын оның 
сапалы – санды ерекшеліктері арқылы анықтау үдерісі,тұлғаның психологиялық 
белсенділігінің бір түрі [181;11]. Біз педагогтің бағалау іс - әрекеті мен бағалау 
құзыреттілігі ұғымдарын синонимдер ретінде қарастырамыз. Себебі, бағалау 
құзыреттілігі мен бағалау іс - әрекеті бір – бірімен тығыз байланыста болып, 
үдерісте іс - әрекет арқылы құзыреттілік айқындалады деп санаймыз.
Үздіксіз бағалау және бағасыз бағалау үдерісі білім берудің ажырамас 
бөлігі саналады.Оқыту үдерісінде критериалды бағалау жүйесін қолдану, білім 
алушылардың жетістікке жетуде еркін әрекет етуіне мүмкіндік беріп, 
қалыптасқан бағалау жүйесінің авторитарлық мәнін жойды.Қалыптастырушы 
бағалауды қолдану үдерістің тиімділігін анықтауға ықпал етеді, бұл жағдай 
педагог пен білім алушылардың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік 
береді.
Педагогтердің бағалау іс-әрекетінің білім алушының мотивациясын 
арттыруға болған әсері педагогтің қалыптастырушы бағалауды жүргізу 
үдерісінде көрініс табады.Себебі қалыптастырушы бағалаудың қызметтерінің 
бірі ол – білім алушының мотивациясын дамыту болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі қызметтері: 
- Қалыптастыру - күнделікті тәжірибеде құндылықтар жүйесінің бекітілуін 
және қалыптасуын анықтау; 
- ынталандыру – білім алушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуі,тиімді 
ілгерілеуі үшін жағымды жағдай жасау; 
- мотивациялау - білім алушылардың оқуға және нәтижеге жетуге болған 
құлшынысын жоғалпау [182; 228б].
Қалыптастырушы бағалаудың бұл қызметтері білім алушылардың оқуға 
деген ынтасын дамытуға қызмет етеді. 


48 
Қалыптастырушы (formative) бағалау – жасанды «қоспа» болмауы 
қажет,бұл оқу тәжірибесінің интегралды бөлігі.Қалыптастырушы бағалаудың 
мақсаттары үздіксіз кері байланыс орнату және білім алушылардың оқуға деген 
ынтасын арттыру [183;12].
Е.Н. Землянская қалыптастырушы бағалау заманауи оқыту құндылықтары 
мен міндеттеріне сәйкес келетін жаңа педагогикалық құрал. Ол әр бір білім 
алушының оқудағы дербестігін өзектендіріп,өз оқу іс-әрекетін жақсартудың 
жаңа стратегиялары мен амалдарын табуға көмектеседі және оқытуды адрестік 
қолдауға негізделген,- деп тұжырымдайды.
Е.Н Землянская құрылымдық талдау негізінде қалыптастырушы бағалаудың 
төмендегідей қызметтерін атап көрсетеді: 
1) оқытушылық (білім алуға және сол білімін бағалауға үйретеді);
2) гуманитарлық (баланың даралығын қолдау және қорғау); 
3) ақпараттық - диагностикалық ( кері байланыс арқылы мұғалімге және 
білім алушыға игерілген оқу материалының сапасы тұралы ақпарат береді); 
4)коррекциялық - педагогикалық (оқу үдерісін кез келген жағдаятта және 
уақытта түзетуге мүмкіндік береді);
5) ұйымдастырушылық – басқарушылық (сабақта метапәндәк нәтижелердің 
негізі болатын әмбебап оқу әрекетінің дамуына әсер ететін әдіс – тәсілдерді 
ұйымдастыру мен басқаруға мүмкіндік береді); 
6) мотивациялық – ынталандырушылық (әрекетті ынталандыратын 
дараландыру механизмі есесіне мотивацияның дамуына, жетістік жағдаятына
жағдай жасайды);
7) тәрбиелеушілік (білім алушыларды өз оқуына жауапкершілік пен қарауға 
тәрбиелейді) [184;50].
Ғалымның пікірінше қалыптастырушы бағалау (Formative Assessment) және
оқыту үшін бағалау (Assessment for Learning) - синонимдер болып,оқыту үшін 
бағалау – білім алушылар мен оқытушыға олардың білімді игеруде қай кезеңде 
тұрғанын анықтауға және қай бағытта жұмыс жасау керектігін айқындауға 
мүмкіндік беретін іс жүзінде қолданылатын мағлұматтарды іздеу және 
интерпретациялау дегенді білдіреді.
Заманауи білім беру жағдайында бұл ұғымдардың біріншісі кең қолданысқа 
енген «бағасыз бағалау» болып табылады.
K.В Вилкова өз ғылыми мақаласында оқушылардың оқу жетістіктерінің 
сапасын қалыптастырушы бағалау – әр бір оқушыны жоғары оқу нәтижесін
белсенді талдауға жұмылдыру (үздіксіз рефлексия), қиындықтарды және 
кемшіліктерді анықтап, толықтыру («бала - мұғалім» диадасындағы кері 
байланыс)- деп сипаттайды [185].
С.А. Одинцова мен О.Л Шовкович оқушының білімін мақсатты және 
үздіксіз бақылау үдерісі – қалыптыстырушы бағалау.Бағалаудың бұл түрі
«белгі» қойылмайтын бағалау болып, критерийлерге сәйкес бағалауға сүйенеді, 
-деп тұжырымдаса, [186;3б] М.А Пинская педагогтерге өз қабілеттерін 
дамытуға, білім алушыларға өз оқу іс-әрекетін тиімді етуге мүмкіндік беретін, 


49 
білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін бағалаудың түрі,- деп есептейді 
[187;20б]. 
Қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі педагогтің бағалау іс - әрекеті 
мәселесін 
анықтау 
мақсатында 
талданған 
ғылыми 
психологиялық- 
педагогикалық әдебиеттерден біз «қалыптастырушы бағалау» ұғымының 
мазмұндық құрамын анықтауға тырыстық.
Педагогикада қалыптастырушы бағалау - «бағалау» (Б.Г Ананьев, Ш.А 
Аманошвили), «критериалды бағалау» (А.А Кросноборова, М.А Пинская), 
«бағалау іс - әрекеті» (Е.Г Матвиевская, Н.Ю Волковинская т.б) ұғымдарымен 
тығыз байланысты. Қалыптастырушы бағалау бойынша ғылыми психологиялық-
педагогикалық зерттеулерді Г.Б.Голуб, И.С.Фишман, М.А.Пинская , B.Bloom, 
T.J.Crooks қатарлы ғалымдардың тұжырымдары толықтырады. Шетелдік 
ғалымдардан
П.Блек (Paul Black), Д. Вильям (Dylan Wiliam), М. Херитаж 
(M.Heritage), И.Кларк (I. Clarke), Л.Шепард (L. Shepard) еңбектері арқылы 
педагогика ғылымы қалыптастырушы бағалауды орта білім беру, кәсіби және 
жоғары білім беру практикасына енгізу тұжырымдамаларын құрастырды. 
Қалыптастырушы бағалауды педагог тәжірибесіне енгізудің тетіктері аталған 
ғалымдар тарапынан айқындалды [188;171б]. 
Кейінгі жылдары қалыптастырушы бағалауды қолдануға бір аз өзгерістер 
енгізілген, бұл мәселені зерттеген ғалымдардың көпшілігі (Clarke, Shepard, 
Harlen, және ұжымдық жұмыстар Black, Harrison, Lee, Marshall, Wiliam) тек 
тестілеу мен білім алушыларға олардың бағасы тұралы мағлұмат беру 
қалыптастырушы болып табылмайды ол үшін кері байланысты (feedback),
қолдану қажет деп санайды.Бұл механизм бағалау нәтижелерін түзетуге 
мүмкіндік береді.
M. Heritage (2008) білім алушының жеке даму деңгейі оның оқуына 
байланысты анықталады,- деп қарайды және білім алушының жеке даму темпін 
ескеретін қалыптастырушы бағалаудың моделін ұсынады. M. Heritage тарапынан 
ұсынылған модель келесі кезеңдерді қамтиді: 
- оқу мақсаттарын анықтап, критерийлерін таңдау; 
- оқушылардың оқу жетістіктері тұралы нақты ақпаратты анықтау; 
- фактілерді интерпретациялау; 
- оларды оқу мақсаттары мен сәйкестендіру; 
- кері байланыс; 
- Оқу жоспарына инструменталды модификацияны енгізу; 
- жаңа оқуда қолдау көрсету (ағл. scaffold); 
- оқу мақсатына жету [189;12б]. 
1960-1970 жж аралығында американдық мамандар білім беруде қолданатын 
бағалаудың негізгі бағыттарын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізген. 
Б.Блум өзі құрастырған шеберлікке оқыту моделінің көмегімен таным 
нәтижелерін кемелдендіру мақсатында бағалау нәтижелерін қолданудың 
маңыздылығын айтып өтеді (Guskey, 2003).Блум моделіне сәйкес мұғалімдер 
білім алушылардың таным үдерісін үздіксіз бағалауға мүмкіндік алады. 
Бағалаудың бұл жолы арқылы алынған ақпарат таным деңгейлерінің төмендігін 


50 
көрсетсе, педагог өткен тақырыпқа қайта оралып, оны басқа стратегиялардың 
көмегімен қайта түсіндіре алады. 
Қалыптастырушы бағалау ұғымы шет ел әдебиеттерінде Майкл Скривен 
(Скривен 1967) тарапынан «Бағалау әдіснамасы» ғылыми жұмысында
ұсынылған болып,ол бағалауды қалыптастырушы және жиынтық деп екіге 
бөледі. Бұл екі түсініктің анықтамалары бір – біріне ұқсамайды, алайда, оларды 
біріктіретін екеуінің оқу үдерісінде білім алушылардың жетістікке жетуіне 
бағдарлануы. Қалыптастырушы бағалау педагог пен білім алушының жүзеге 
асыратын барлық әрекеттеріне қатысты болып, білім алушының оқуын басқаруға 
мүмкіндік беретін кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау 
әлемді танып білу үдерісінде білім алушылардың дамуын өлшеу үшін 
аналитикалық құралдар мен тәсілдерді қолдануды көздейді. 
Оқытудың тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін формативті немесе 
оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу 
нәтижелері тұралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру 
мақсатымен 
1989 
жылдан 
бастап 
жұмыс 
жүргізген 
Ұлыбритания 
академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform 
Group ) тарапынан құрастырылған кітапшаның жарық көруі мен белгілі болды. 
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай 
сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай 
жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері 
қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [190;56,58]. 
Оқыту үшін бағалаудың негізгі мақсаты білім алушыларды оқуға 
ынталандыру, олардың жеке білім траекториясын құрып, дамыту, өзін – өзі 
бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушылардың жеке іс – әрекетін 
жобалап, жоспарлау дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Оқыту үдерісі 
үздіксіз жүзеге асатын үдеріс, қалыптастырушы бағалауда үздіксіз жүзеге асады.
Е.К. Михайлова қалыптастырушы бағалауды оқытудың кешенді амалы 
жағдайында уақытылы көрнекі кері байланыс пен қамтамасыз етуге бағытталған 
жеке оқу жетістіктері сапасын қалыпастыру үдерісі,- деп санайды.Ғалым 
қалыпастырушы бағалауды технология ретінде қарастырып, педагог және білім 
алушының іс-әрекеттерін реттеу арқылы кепілдендірілген оқу жетістіктері 
сапасын мақсатты, жоспарлы, критериалды бағдарлы қамтамасыз ететін, 
жоспарланған нәтижеге жетудің шарттары мен қуралдарының сипаты,- деп 
қарастырады [191;14]. 
Михайлованың зерттеу жұмысында қалыптастырушы бағалаудың: 
- мақсатты (оқу нәтижесін қалыптастыру); 
- Мазмұндық (эргономикалық тұғыр негізінде түп деректерге сүйеніп 
құрастырылған, оқу материалдарынан құралған пәннің ақпараттандыру ортасы); 
- Процессуалды (кері байланыс парағы, білім картасы парақтарын өз ішіне 
алатын пәндік – ақпараттық орта мен жұмыс жасауда алгоритмикалық тұғырды 
қолдану); 
- Критериалды (критериалды тұғыр негізінде пәндік – ақпараттық ортаны 
игеруде кері байланысты ұйымдастыру); 


51 
- бағалаушы – нәтижелік (критериалды – деңгейлі тұғыр негізінде 
қорытынды және рейтінгілік бағалауды ұйымдастыру,критериалды – 
бағдарланған тұғыр аясында ағымдағы және аралық бағалауды жүзеге асыру);
- құрылымдық компоненттері көрсетілген. 
Михайлова бағалау жүйесіндегі амалдарды бағалау және бақылау әдістерін 
өзгерту мен байланысты болған білім сапасын жақсартудағы бағыт деп санайды. 
Қалыптастырушы бағалауды жеке оқу жетістіктерінің сапасын қалыптастыру 
үдерісі, кері байланыс ретінде қарастырады.
Ғылыми педагогикалық – психологиялық әдебиеттерді талдай отырып 
қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруда педагогтің негізгі қуралы ол тиімді 
кері байланыс және рефлексия екендігін анықтадық. Кері байланыстың және 
рефлексияның тиімділігін қамтамасыз ететін ол орынды қолданылған белсенді 
әдіс – тәсілдер екендігі айқындалды. Оқыту үдерісінде педагогке 
қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруға көмек беретін қалыптастырушы 
бағалаудың құрылымдық сызбасын біз төмендегідей құрастырдық: 
Сурет 8 - Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы 
Қалыптастырушы яғни оқыту үшін бағалауды жүзеге асыруда педагогтің 
бағалау іс - әрекеті мақсатты түрде, оқу материалдарынан ақпараттық ортаны 
тиімді қуру арқылы жүзеге асады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен білім беруді білім алушылардың 
талаптарына бейімдеу мақсатында жүргізілетін бағалау болып, оқу үдерісінде 
оқыту мен бағалауды бір – бірі мен байланысты болып келетін элементтер 
арқылы интеграциялауға мүмкіндік беретін педагогтің тәжірибесі. 
Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруда педагогтің іс - 
әрекеті: 
Қалыптастырушы бағалау 
Рефлексия 
педагог 
Білім алушы 
Білім алушы 
Білім алушылар 
Педагог 
Кері байланыс 
педагог 
Білім алушы 
педагог 
Ата - ана 
Педагогтің бағалау іс - әрекеті 
Ресурстар 
(тапсырмалар,бағалау 
парақтары) 
Нәтиже:Бағалаушылық 
пікір,балл. 
Критерийлер,дескрипторлар 
Әдіс - тәсілдер 


52 
- қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру; 
- қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; 
- кері байланысты ұсыну; 
- қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау – қатарлы кезеңдерден 
турады [192;12]. 
«Аssessment»- бағалау ұғымы «бірге отыру» деген мағынаны 
білдіреді,қалыптастырушы бағалау болса, білім алушының жанында болып, оны 
жетістікке жетелеу болып табылады. Қалыптастырушы бағалау білім беру 
жүйесінде жаңадан пайда болған феномен емес, бағалаудың бұл түрінің қызметін 
қалыптасқан білім беруде қолданылған ағымдағы бағалау атқарған. Ағымдағы 
бағалаудың аясы оқушының білген – білмегенін анықтау, баға топтау үшін 
қызмет ету мен шектелген. Заманауи білім беруде тұлғаға бағдарланған білім 
беру жағдайында қалыптастырушы бағалаудың қызметтер аясы кеңейген. 
Сонымен бір қатарда, бағалаудың бұл түрін қолдануда педагогтің іс - әрекеті де 
өз мақсатын өзгертті. Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу сапасын 
жақсартуға бағытталған болып, олардың жеке жетістіктерін салыстырусыз 
бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалауда мақсат білім алушыны 
бағалаушылық пікір және кері байланыстың көмегімен жетістікке ынталандыру. 
Ағымдағы бағалауда болса, оқушыға тек анық алған бағасы ғана жария етіліп, 
кері байланыс берілмейтін. 
П.Блэк и Д.Уильям қалыптастырушы бағалаудың компененттерін 
төмендегідей топтастырады: 
- Мұғалімнің білім алушыларды тиімді кері байланыс пен қамтамасыз етуі; 
- Білім алушылардың өздерінің білім алу үдерісіне белсенді араласуы; 
- бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқу үдерісіне түзетулер енгізу; 
- Бағалаудың 
білім алушылардың мотивациясы мен өзін - өзі 
құрметтеуіне,білім алуына терең әсер ететіндігін мойындау; 
- Білім алушылардың өз білімдерін өз алдына дербес бағалау біліктері [193.] 
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқуға деген ынтасын, 
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.Білім алушының оқуға деген 
қызығушылығы педагог тарапынан ұйымдастырылатын тиімді жеке, жұптық, 
топтық жұмыстарға және тиімді таңдалған әдістер мен уақытылы қолданылған 
кері байланысқа, жағымды бағалаушылық пікірге байланысты.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім тарапынан білім алушының білімді 
игеру,өмір сүру дағдыларының қалыптасу деңгейі туралы ақпарат алу үшін, 
білім беру үдерісіне түзету енгізу, жыл бойы білім алушылардың оқу 
жетістіктерін ынталандыру үшін жүргізіледі. 
Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылар және педагогтер тарапынан 
өздерінің оқу үдерісіндегі деңгейін, керекті деңгейге жету үшін қай бағытта 
жұмыс жасау керектігін анықтау үшін ақпараттарды жинау және 
интерпретациялау.
Қалыптастырушы бағалауда педагог тарапынан қолданылатын бағалау іс - 
әрекеттерін төмендегідей топтастыруға болады: 


53 
- бағалау мақсаты мен критерийлерін анықтау және білім алушыларға 
жеткізу; 
- сыныптың 
ішінде білім алушылардың оқу іс-әрекеті бойынша 
ақпараттарды анықтап, дәлелдер жинау; 
- білім алушылардың жетістікке жету жолындағы дамуына ықпал ететін кері 
байланысты орнату; 
- білім алушыларды оқу үдерісіне бір - бірі үшін білім алу дереккөзі ретінде 
жұмылдыру; 
- оқыту және оқу кезінде каллобаративті ортаны құру; 
- білім алушыларға өздерінің білімдерін құрушы болуына мүмкіндік беру; 
Оқыту және оқу үшін бағалауда педагогтің іс - әрекеті тек білім 
алушыларды жетістікке қарай ертіп апаруға негізделуі қажет. Оқыту үшін 
бағалау білім алушылардың білімді игеру үдерісіндегі қалыптастырушы 
қуралғана емес, білуге, тануға деген саты, оқыту әдістері және оқыту мен 
кіріктірілген түрде үздіксіз жүзеге асатын үдеріс. Қалыптастырушы бағалау 
білім алушыға бағытталған болып,ол оқуды жақсартуды мақсат етеді. 
Бағалаудың бұл түрі педагогтің ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты 
және оның жүзеге асуы педагогтің жоғары кәсібилігін талап етеді. Нені және 
қалай? бағалауды тек педагог шешеді. Қалыптастырушы бағалау педагогтен 
жоғары белсенділікті талап етеді,мұғалім тарапынан білім алушының жетістікке 
болған жолында берілген көмекті сезінген білім алушылардың оқуға деген 
ынтасы дамиді. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты оқу сапасын жақсарту, 
ол білім алушылар мен педагогтердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуі қажет. 
Қалыптастырушы бағалауда педагог пен білім алушылар арасында тиімді 
коммуникативтік ортаны қуруға негіз болатын үздіксіз кері байланыс жүзеге 
асады. Кері байланыс – педагог және білім алушылар арасында білім деңгейі 
туралы ақпаратты тасымалдаушы қызметін атқарады. Оқыту үшін бағалауды 
жүзеге асыруда педагогтің бағалау іс - әрекеті бір – бірімен тығыз байланысты 
кезеңдерді өз ішіне алады және циклдық түрде жүзеге асады. 


54 
Сурет 9 - Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың 
циклдық құрылымы 
Қалыптастырушы бағалау педагог тарапынан оқу мақсатын және сабақтың 
мақсатын анықтап, бағалау критерийлерін сабақ мақсаты негізінде анықтаудан 
басталады.Оқыту мақсаттарына сүйеніп құрастырылған критерий жетістікке 
жетудің кепілі саналады.Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері білім 
алушылар және педагог пен бірлікте құрастырылады. Сабақ мақсатына 
байланысты қолданылатын әдіс – тәсілдер анықталып, критерийлер негізінде
білім алушылардың жетістік деңгейлері анықталады. Алынған мәліметтер білім 
алушыларды қайта оқыту немесе білімін әрі қарай жетілдірудің дәлелі саналады. 
Білім 
алушылардың 
жетістік 
деңгейлері 
анықталып, 
талдау 
жасалынады.Талдау барысында білім алушылардың нақты жеткен жетістіктері 
айқындалып, оқу мақсаты бойынша жіберілген кемшіліктер анықталады. 
Анықталған оқытудағы кемшіліктер кері байланыстың көмегімен жетілдіріледі.
Кері байланыс – білім алушылардың жоғары жетістікке жетуін қамтамасыз 
етеді. 
- Кері байланыс менің оқудағы жетістік деңгейім қандай? (оқыту 
мақсаттары қандай?);
- Өз оқуымды жақсарту үшін мен не істедім? (мақсатқа жету үшін қандай 
әрекет жасалынды?);
- Болашақта қай мәселені қарастыруым қажет (оқуда жақсы нәтижеге жету 
үшін қандай әрекет жасауым қажет?) деген сұрақтар төңірегінде жүзеге асады. 
Кері байланыс нәтижесінде педагогтер білім алушылар қажеттіліктерін 
ескеріп,өз іс - әрекетін жоспарлайды. Білім алушылар болса, өзін – өзі бағалау 
жетістік 
критерийлері 
мен оқыту 
мақсаттарын 
анықтау
оқытудағы 
кемшілікте
рді анықтау
оқыту 
дәлелдерін 
анықтау
дәлелдерді 
интерпретац
иялау
кері 
байланыс
бейімдеу\оқыту 
қажеттіліктері 
үшін 
жауапкершілік
жаңа оқудың 
скаффолдингі
кемшіліктерді 
түзету
сыныптағы 
мәдениет
Қалыпта
стырушы 
бағалау 


55 
үдерісінде өз оқуына түзетулер енгізеді. Кері байланыстан кейін білім алушыға 
өз оқуына түзету енгізу үшін скаффолдинг стратегиясы қолданылады.
«Скаффолдинг» ұғымы ағылшын тілінен аударғанда «scaffolding» - 
«құрылыс сатылары» мағынасын білдіреді.Бұл стратегия білім алушыға оның 
жеке мүмкіншіліктерінен жоғары турған мәселені шешіп, тапсырманы орындап, 
мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.Скаффолдинг теориясы педагогикаға 
психолог Джером Брунер тарапынан 1950- жылы енгізілген болып, балаға 
мақсатқа жету үшін көмекке келетін уақытша тіректердің көмегімен жетістікке 
қол жеткізу. Педагог тақырып аясында білім алушыға тапсырманы орындау үшін 
нұсқау береді.Бұл нұсқау баланың қиын тапсырмаларды оқудағы әр бір кедергіні 
жою арқылы орындап, мақсатқа жетуіне қажет.Скаффолдинг ынталандыру мен 
тиімділікке негізделеді.Білім алушыға нұсқау беру арқылы педагог оның 
бойындағы дағдыларды дамытады,бала өз бойындағы дағдыны анықтағаннан 
кейін оның келесі дағдыны игеруге болған ынтасы артады. 
Сурет 10 - Скаффолдинг кезеңіндегі педагогтің іс – әрекеті 
Скаффолдингтің заманауи теориясы – оқу үдерісі қатысушылары арасында 
өз ара сенімділікке негізделген серіктестік.Қалыптастырушы бағалауды жүзеге 
асыруда педагогтің маңызды іс - әрекеттерінің бірі ол оқыту үдерісінде білім 
алушылардың мақсатқа жетуі үшін керекті көмек көрсету. 
Скаффолдингтің негізгі ерекшеліктері: 
Ортақ мақсат және ортақ «интерсубъективтілік» екі субъектте екеуіне 
ортақ түсініктің қалыптасуы. Интерсубъективтілік педагог пен білім алушының 
оқу нәтижелері үшін жауапкершіліктің ортақ болуы. 
Ағымдағы диагностика,бейімді көмек.Педагог білім алушының дамуын 
қажетті көмек көрсету үшін үздіксіз бағалайды.Бұл білім алушының 
тапсырманы жоғары деңгейде орындап шығуына мүмкіндік береді. 
Скаффолдинг 
білім алушының 
жеке тәжірибесіне 
сүйену
мысал келтіру
тәжірибеде 
көрсету
талқылауға 
уақыт беру
көрнекілікті 
қолдану
қиындықтарды 
шешу
үзіліс
сұрақ
үзіліс
талқылау тәсілдері


56 
Диалог және қарым – қатынас.Педагог пен білім алушылар арасындағы 
қарым – қатынас диагностикалық түрде жүзеге асады.Диалог арқылы алға 
қойылған міндеттерге жету. 
Қолдауды азайтып,жауапкершілікті тапсыру.Педагогтің білім алушыға 
берілетін көмекті бірте - бірте қысқартуы.Бұл білім алушыға өз білімі үшін 
жауапкершілікті толық тапсыруға мүмкіндік береді [194;18].  
Кемшілікті түзету қалыптастырушы бағалаудың соңғы кезеңі.Білім 
алушылар өздерінің жетістік деңгейлерін анықтап, болашақта неге қол жеткізуі 
қажеттігін анықтайды. Педагог білім алушының бір кемшілігі толықтырылып, 
түзетілгеннен кейін,оқытуға жаңа мақсат қояды және сол мақсатқа байланысты 
жаңа кемшіліктер айқындалады, оқыту үшін бағалаудың циклі жаңартылады. 
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін сыныптағы мәдениет маңызды 
роль атқарады.Сыныпта психологиялық – педагогикалық жағымды ахуал орнату 
үшін педагогтер білім алушылардың жас ерекшеліктері және жеке ерекшеліктері 
негізінде сыныптың мәдениетін бекітулері керек. 
Қалыптастырушы бағалауды қолдануда бұл іс-әрекеттерді тиімді және 
кезеңдік жүзеге асыру үшін педагог өз бағалау іс - әрекетін жоспарлы және білім 
алушылар қажеттіліктеріне сүйеніп жүзеге асыруы қажет. Қалыптастырушы 
бағалауды жүзеге асыруда педагог және білім алушылардың іс - әрекеттерін 
төмендегідей топтастыруға болады:
Кесте 7 - Қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі педагог және білім алушы іс - 
әрекеті 
Педагог 
Білім алушы 


Оқу мақсаттарына талдау 
жасайды,танымдық деңгейді анықтайды. 
Тақырып бойынша білімге қол жеткізу 
жолын жобалайды 
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларына 
критерийлер құрастырады 
Тапсырмаларды орындауда критерийлерге 
сүйенеді.Критерий құрастыруға қатысады 
Қалыптастырушы бағалауға арналған 
тапсырмаларды құрастырады 
Тапсырмаларды орындайды 
Бағалаушылық пікір білдіреді 
Бағалаушылық пікір негізінде 
кемшіліктерін, жетістіктерін анықтайды. 
Кеңес береді, көмек береді, бағыттайды. 
Берілген көмек негізінде өзінің даму 
бағыттарын анықтайды 
Кері байланысты ұйымдастырады 
Мұғалім,сыныптағы білім алушылар мен 
кері байланыс орнатады. 
Білім алушының жетістікке жету 
жолындағы жіберген кемшіліктерін 
анықтап,толықтырады. 
Өзін-өзі бағалайды, диалог орнатады, 
мақсатын айқындайды. 
Топтық, жұптық бағалауды ұйымдастырады Жұпта, топта өз серіктестерін бағалайды, 
қарым-қатынас орнатады. 
Рефлексия жүргізеді 
Іс-әрекет, көңіл-күй рефлексиясына 
қатысады,өз іс-әрекетіне талдау жасайды.


57 
Білім алушыларда білім , білік, дағдылардың қалыптасу деңгейін бағалау, 
өлшеу, анықтау оқыту тәжірибесінің негізі. Оқыту мақсаттары білім алушының 
нені білуі, істей алуы қажеттігін анықтаса, оқыту міндеттері мақсатқа жету үшін 
қандай іс-әрекет жасау керектігіне жауап береді. Мақсатты әрекет тіліне 
ауыстыру бихевиористік оқыту аясында ХХ ғасырдың ортасынан бастап 
қалыптасқан.Оқытудың бұл түріне сәйкес оқыту мақсаттары бақыланған іс-
әрекеттердің тобы арқылы ұсынылады.Бұл жағдай,оқытуды қалыптасатын 
әрекеттер негізінде құрастырып, мақсатқа жету тәртібін бақылап, нақты 
бағалауға мүмкіндік береді.Білім алушылардың санасында жүз беретін ішкі 
үдерістер оларды сипаттап беруге , анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатты 
анықтауға кедергі келтіреді, мақсатты әрекеттер арқылы анықтау болса, 
педагогтің жұмысын жеңілдетіп, оқыту үдерісінің негізгі бағыттарын анықтап, 
оқытуды қойылған міндеттерді шешуге бағытталған тұтас технологиялық 
үдеріске айналдырады. Оқыту игерілген ақпаратты есте сақтау, қайта айту 
мақсаттарынан мәселені шешу, жаңаны құрастыруды қамтиді.Бұл мақсаттар 
оқыту үдерісінде қалыптастыру керек болған кәсіби әрекеттер тізімін көрсететін 
етістіктер көмегімен сипатталып, стратегиялық, тактикалық және оперативтік 
мақсаттардан тұрады.Тақырып, бөлім, пән бойынша оқыту мақсаттары бұл 
әрекеттік амал негізінде өз ерекшеліктеріне ие әрекеттерді сипаттау мен 
ұштасады. Іс - әрекеттік тұғыр негізінде бұл ерекшеліктер іс -әрекеттерді игеру
деңгейі ретінде анықталады.Оқыту мақсаттарын мұндай жағдайда педагогке 
жүзеге асырылатын іс - әрекеттер үлгісі түрінде құрастырған орынды.Бұл іс - 
әрекеттерді оқу барысында өлшеу, анықтау, бағалау педагогке қолайлы болады. 
Осыған байланысты,оқыту мақсаттары білім алушылардың жүзеге 
асыратын әрекеттерін сипаттаса, оқу үдерісінде мақсатқа жету педагогтің іс - 
әрекеттеріне, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетіне байланысты 
болып келеді. Мақсаттың іс - әрекеттер тізімі ретінде құрастырылуы педагогтің 
бағалау іс - әрекетін жүйелеп, жетістік деңгейі бойынша нақты, анық ақпарат 
алуға ықпал етеді. 
Оқыту мақсаты – әрекеттер арқылы жетуге мүмкін болатын күтілетін 
нәтиже, міндеттер әрекеттің тұжырымдары болып, олар тапсырмаларды орындау 
арқылы жүзеге асады. 
Демек, оқытудың мақсаты күтілетін нәтиже арқылы анықталады.Оқыту 
үдерісінде педагогтің бағалау іс - әрекеті білім алушылардың жетістікке жетуін 
қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.Жетістікке жету оқу үдерісінде 
қолданылатын тапсырмалар мен жаттығулардың сапасына байланысты.
М.А. Пинская бағалауды педагогті оқытуды кемелдендіру үшін қажетті 
ақпарат пен қамтамасыз ететін, білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді 
қатыстыруға ынтасын оятатын тетік деп санайды.Сонымен бірге бағалауды- кері 
байланыс, ал сол кері байланыс оқыту сапасын көтеру мақсатында жұмыс 
жасауы үшін,білім алушының пән мазмұнын игеруде сабақтың соңында қай 
деңгейге жеткенін емес,сабақ барысында оны қай деңгейге дейін игергенін 
анықтау маңызды,- деп тұжырымдайды [195; 23].


58 
Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруда білім 
алушыны тиісті жетістік деңгейіне жеткізу үшін педагогтің бағалау іс-әрекеті 
жоспарланып, реттелуі қажет деп санаймыз.Оқыту үшін бағалауды жүзеге 
асыруда педагогтің жоспарланған, нәтижеге бағытталған іс - әрекеті білім 
алушының жетістікке жетуін қамтамасыз етеді. 
Қалыптастырушы бағалау педагогтің іс-әрекеті мен ресурстардың бірігуіне 
негізделген алгоритм.Бұл алгоритмнің нәтижелі жүзеге асуы педагог тарапынан
құрастырылған тиімді сабақ жоспары мен таңдалған ресурстарға, ұйымдастыру 
формасына байланысты. Педагогтің қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру
іс - әрекетінің алгоритмін кезеңдік жүзеге асатын келесі іс - әрекеттер құрайды 
деп санаймыз: 
1.Оқыту мақсаттарын анықтау;(оқу бағдарламаларында көрсетілген 
мақсаттар) 
2.Оқытудың жоспарланған нәтижелерін анықтау;(оқу мақсаттары негізінде 
тақырып бойынша сабақ мақсатын және күтілетін нәтижені айқындау) 
3.Критерийлерді құрастыру;(сабақ мақсатына байланысты критерийлер 
құрастыру, талқылау,нұсқау беру) 
4.Жетістік ресурстарын дайындау;(тақырып аясындағы сараланған
тапсырмалар) 
5.Дескрипторларды 
құрастыру;(тапсырманы 
орындау 
қадамдарын 
айқындау) 
6.Білім алушының жетістікке жетудегі жеке іс-әрекетін ұйымдастыру; 
(серіктестік және қарым – қатынас) 
7.Кері байланысты жүзеге асыру; 
8.Білім алушылардың жетістік деңгейлерін талдау, анықтау, нақтылау; 
(тапсырмалар бойынша ақпарат) 
9.Талдау нәтижелерін сұрыптап, түзетулер енгізу; (мақсат бойынша 
жетістікті, кемшілікті анықтап, жаңа мақсат қою) 
10.Бағалаушылық пікір білдіру. (балл және баға) 
11.Кемшілікті түзетуге немесе жетістікті дамытуға қайта жоспар құру. 
Оқу мақсаттарының тиімді жүзеге асуы педагогтің ұйымдастырылған 
кезеңдік іс-әрекеттеріне байланысты.Қалыптастырушы бағалау жиынтық 
бағалаудың сапасын анықтау үшін қызмет етеді.Қалыптастырушы бағалауды 
жүзеге асыру ашықтық, қолжетімділік, әділеттілік принциптеріне негізделеді. 
Қалыптастырушы бағалаудың кезеңдерін оның принциптері негізінде 
төмендегідей тұжырымдауға болады: 
Кесте 8 - Қалыптастырушы бағалау кезеңдері мен принциптері 
Қалыптастырушы бағалау
Кезеңдер
Принциптер
Мақсатты айқындау
Қолжетімділік, 
нақтылық, 
дәлдік, жүйелілік, ікемділік.
Жоспарлау
Қолжетімділік,


59 
8- кестенің жалғасы 



Қалыптастырушы бағалау
Сараланған тапсырмаларды 
дайындау, ұсыну.
Қолжетімділік,зиян 
келтірмеу, 
денсаулықты 
сақтау, дамытушылық.
Оқыту 
үшін 
бағалауды 
жүзеге асыру.
Жүйелілік, әділдік, 
ынталандыру, 
ашықтық, 
дамытушылық.
Кері байланыс
Нақты ақпаратқа 
негізделу,түсініктілік, 
үйлесімділік, 
уақытылық,ізгілік.
Баға (Бағалаушылық пікір)
Әділдік, ашықтық, 
нақтылық, 
нұқсан келтірмеу.
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруда әр бір кезең аталған 
принциптер негізінде жүзеге асуы қажет.Оқыту үдерісінде қалыптастырушы 
бағалаудың принциптерін ұстану білім алушыларды ынталандыру, құндылықтар 
негізінде тәрбиелеу, әлеуметтендіруге мүмкіндік береді.Қалыптастырушы
бағалау оның әр бір кезеңінде белгілі бір іс-әрекеттің жүзеге асуы арқылы мүмкін 
болады,іс-әрекет жоқ жерде – қалыптастырушы бағалау болмайды. 
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін педагог тарапынан 
қурастырылған оқыту мақсаты қолжетімділік принципіне негізделуі қажет. 
Педагогтің әр бір іс-әрекеті жүйелі және мақсатқа бағытталған болуы шарт. 
Мақсаттың жүзеге асуы іс-әрекеттің нәтижелі екендігін айқындайды.Оқу 
үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру: 
- оқу сапасын арттыру; 
- білім алушылардың ынтасын арттыру; 
- жігерлендіру мақсатында жүзеге асырылады.
Оқу сапасын арттыру жүйелі, белсенді іс - әрекеттің негізінде мүмкін 
болады. Оқу үдерісіндегі педагог пен білім алушының бірлесе әрекет етуі, 
ақпараттардың нәтижесін бірлесе шешуі барысында даму үдерісі жүзеге асады.
В.В. Давыдовтың дамыта оқыту теориясына сүйенетін болсақ [196],әр бір 
оқу әрекеті – мақсатқа жетудің қадамы,оқу әрекеттерін мотивациялау құралы 
болып табылады. Бұл оқу әрекеттерін әмбебап әрекетке айналдыруға мүмкіндік 
береді. Оқыту үдерісінде қалыптасқан түсініктер білім алушының әрекетін
«әрекеттегі білім» ретінде қарастырып, алған білімін және дағдыларын 
тәжірибеде қолдануға ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде педагог оқу бағдарламасының барлық 
мақсаттарын қамтуы қажет.Ол үшін педагог қалыптастырушы бағалауды 
жоспарлау кезеңінде: 
- Оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын толық оқып шығып,оқу 
мақсаттарына талдау жүргізуі; 


60 
- оқу 
бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау 
критерийлерін құрастыруы; 
- тапсырмаларды құрастыруда дифференциацияланған амалды қамтамасыз 
ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдылары деңгейлері бойынша бөлуі; 
- бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды құрастыруы; 
- әр бір тапсырмаға тапсырмалардың негізгі кезеңдерін айқындайтын 
дискрипторларды құрастыруы қажет.
Педагогтің қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудағы әр бір бағалау іс 
- әрекеті білім алушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жүзеге асуы 
керек. Оқыту үшін бағалауға таңдап алынған немесе құрастырылған 
тапсырмалар оқыту мәнмәтіні негізінде топтастырылады.Дескрипторлар білім 
алушының тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындыққа тап болғанын 
және қиналатынын көрсетеді. Бұл жағдай білім алушылар және ата – аналар мен 
тиімді кері байланыс орнатуға ықпал етеді. 
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын 
дамыту үшін педагогке төмендегі іс - әрекеттерді жүзеге асыру маңызды: 
- тапсырмаларды орындауда қолданылатын қалыптастырушы бағалау 
әдістерінің санын көбейтіп, сапасын арттыру; 
- кері байланыстың тиімді формаларын қолдану; 
- қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін сипаттайтын сабақ 
жоспарын құру; 
- тәжірибені жақсарту және рефлексия жүргізу үшін сабаққа талдау жүргізу 
(білім 
алушылардың 
жұмысының 
сапасы,бағалау 
құралдарының 
сапасы,әріптестер және білім алушылар тарапынан кері байланыс,ата – аналар 
мен сұхбат т.б) [197;15]. 
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрастырылған 
тапсырмалар американдық психолог Б.Блумның ойлау дағдылары таксономиясы 
негізінде құрастырылуы қажет.Білім алушыларға тапсырмалар білу, түсіну, 
қолдану, талдау, топтастыру,бағалау деңгейлерінде ұсынылады. Блум 
таксономиясы бойынша әр бір деңгей тапсырмаларды саралап ұсынуға 
мүмкіндік береді. Педагог үшін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда 
білім алушының жеке дағдыларын нақты бағалау маңызды.Бағаның әділдігін 
қамтамасыз ету үшін педагогтің бағалау іс-әрекеті төмендегі ережелерге 
негізделуі қажет деп ойлаймыз: 
Сурет 11 - Педагогтің бағалау іс – әрекетінің ережелері 
Анық мақсат 
Қолжетімді жоспар 
Нақты критерий 
Тиімді әдістер 
Ынталандырушы бағалаушылық 
пікір,объектівті баға 
тиімді, 
үздіксіз 
кері
байланыс 
Объективті рефлексия 


61 
Күтілетін нәтижеге жетуде педагогтің оқушының оқу жетістіктерін бағалау 
іс - әрекеті анық, нақты мақсат негізінде жүзеге асады. Мақсаттың айқындығы 
күтілетін нәтижеге жетуде кедергілерді дер кезінде айқындауға мүмкіндік 
береді.Құрастырылған жоспар міндетті түрде білім алушылардың жас 
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.Критерийлердің нақты 
қойылуы тапсырмалардың саралануына ықпал етеді.Дискрипторларды 
құрастыруда қиындық туғызбайды.Қалыптастырушы бағалауды жүргізуде 
педагогтің негізгі ресурсы дурыс таңдалған бағалау әдістері. Бағалау әдістерінің 
сабақ кезеңдеріне лайық, орынды қолданылуы білім алушылардың 
мотивациясын дамытып, білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Педагогтің сапаға 
қол жеткізуіндегі негізгі құралы тиімді кері байланыс.Білім алушылар, ата – 
аналар мен үздіксіз кері байланыс орнату педагогке мақсатқа тез және кедергісіз 
жетуге мүмкіндік береді. 
Оқыту үшін бағалау яки қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес 
(Уильям,2007) оқыту үдерісі қатысушыларына байланысты қалыптастырушы 
бағалауды ұйымдастырудың үш позициясы анықталған:педагог бағалауы, өзін – 
өзі бағалау, бірін – бірі бағалау. 
Оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалаудың барлық кезеңдері 
педагогтің бағалау іс - әрекетіне және бағалау мәні,принциптерін дурыс түсініп, 
тәжірибеде тиімді қолдана алуына байланысты. 
Өзін – өзі бағалау білім алушыны өз алдына жұмыс жасауға,өзін – өзі 
басқаруға дағдыландырады.Білім алушы өзін – өзі бағалау арқылы өз іс -
әрекетіне талдау жасап, өзінің мықты және әлсіз тұстарын анықтайды.Алайда, 
өзін – өзі бағалау білім алушы тарапынан объективті жүзеге асуы үшін педагог 
дер кезінде бағыттаушы сұрақтарды қоя білуі қажет. 
Мысалы: 
- Қалай ойлайсын, сен бүгін сабақта нені жүзеге асыра алдың,қай
тапсырманы орындауда қиналдың? 
- Сен сабақтағы өз нәтижеңді қалай бағалайсын? 
- Нәтижеге жету үшін қандай әрекеттерді жүзеге асырдың? 
- Сенің өзіңе қойған бағаң әділ деп ойлайсынба? 
- Күтілетін нәтижеге жету үшін болашақта саған қандай әрекеттерді жүзеге 
асыру керек деп ойлайсын? 
- Бүгінгі сабақта сен бұрын білмеген нені үйрендің? 
Бұл сұрақтар білім алушының өзін – өзі бағалауының әділдігін анықтауға 
мүмкіндік береді.Педагог өзін – өзі бағалауды жүзеге асыруда білім алушыға 
дискрипторларды қолдану,өзін – өзі бағалау нәтижелерін талқылау арқылы өзін 
– өзі бағалауға көмектеседі. 
Оқу үдерісінде бірін – бірі бағалауды жүзеге асыру қалыптастырушы 
бағалаудың тиімді жүзеге асуына ықпал етеді. Бірін – бірі бағалаудың мақсаты 
білім алушылардың өз нәтижелерін жақсартуына көмектесу. Бірін – бірі бағалау 
кері байланысты ұсынып тұрған білім алушығағана емес, оны қабылдаушығада 
болашақта өз нәтижелерін жақсарту бағыттарын көрсетеді. Бірін – бірі бағалауда 
бағалау критерийлерін нақтылау маңызды, бұл бағалау білім алушылардың 


62 
салыстыру, коммуникация, дәлелдеу, сыни ойлау дағдыларының қалыптасуына 
ықпал етеді. Білім алушылардың бірін – бірі бағалауында педагогтің іс-әрекеті 
сыныптағы мәдениетті сақтау,олардың бірін – бірі бағалаудың мақсатын түсінуін 
қамтамасыз етуге бағытталады.Педагогке бірін – бірі бағалау үдерісін құрастыру 
және оны сүйемелдеу мен бірге оның салдарында ескерген орынды. Бірін – бірі 
бағалауды жүзеге асыруда маңызды фактор білім алушылардың қарым – 
қатынасын дамыту болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруда жеке, жұптық, топтық 
бағалауды жүзеге асыру педагогтен кәсіби құзыреттілікті талап етеді. 
Қалыптастырушы бағалаудың бұл түрлерін қолдану педагог пен білім 
алушыларға төмендегі мүмкіндіктерге қол жеткізуге ықпал етеді деп ойлаймыз: 
Кесте 9 - Қалыптастырушы бағалау түрлері және олардың мүмкіндіктері 
Қалыптастырушы 
бағалауда 
жұмыс
түрлері 
Педагог 
Білім алушы 



Жеке (Өзін – өзі 
бағалау) 
Жеке жұмысты жүйелі бақылау; 
Жеке жұмыс нәтижесін білім 
алушылар мен талқылау; 
Білім 
алушылардың 
қажеттіліктері, 
мүмкіндіктерін 
анықтап, жоспар қуру. 
Өз оқу әрекетінің нәтижесін 
түсіну; 
Қолға келтірілген нәтиже 
үшін жауапкершілікті сезіну; 
Өз білімінің 
«құрастырушысы» болу. 
Жұптық (Бірін- бірі 
бағалау) 
Жұптың ішкі жұмысын,жұптың 
бір- бірімен жасаған жұмысын 
бағалайды; 
Білім алушылар арасында 
Тиімді қарым – қатынас 
жасауға үйренеді; 
Өзі 
және 
серіктесінің 
жұмысы үшін 
серіктестік орнатады;Білім 
алушылардың рухани-
адамгершілік құндылықтарын 
дамытады. 
жауапкершілікті сезінеді. 
Топтық (Топтардың бір 
– бірін бағалауы) 
Барлық 
білім 
алушылардың 
жұмысын бақылап, талдайды; 
Көмекті қажет ететін білім 
алушылардың нәтижесін 
бағыттаушы сұрақтар мен 
тапсырмалар арқылы 
жақсартады. 
Критериялар негізінде тез 
нәтижеге жету; 
Әлеуметтік ортаға бейімделу; 
Қоғамда 
өмір 
сүруге 
дағдыланады. 
Педагогтердің бағалау іс-әрекеті мәселесіне арналған ғылыми мақалалар
мұғалімдер, тренерлерге арналған нұсқаулықтарда берілген тәжірибелік 
ақпараттарды талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге 
асыруда педагогтің бағалау іс - әрекетінің негіздерін Блум таксономиясы яғни 
танымдық деңгейлер негізінде төмендегідей саралап,топтастыру қажет деп 
санаймыз: 


63 
Кесте 10 - Блумның танымдық деңгейлері негізінде педагогтің бағалау іс – 
әрекетінің негіздері 
Педагогтің бағалау іс - әрекеті 
Блумның танымдық деңгейлері негізінде


Бағалауды жүзеге 
асыруда педагог 
біледі 
1.Білім беру стандарттарының мақсат, міндеттерін,оқытудан 
күтілетін нәтижелерді; 
2.Білім беру саласында мемлекеттік деңгейде қабылданған 
заңнамалар мазмұнын; 
3. Оқыту бағдарламаларын; 
4.ҚМЖ,ОМЖ құрастыруды; 
5.Оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүзеге асыру бойынша 
нұсқаулықтар мазмұнын.
Бағалауды жүзеге 
асыруда педагог 
түсінеді 
1.Критериалды бағалаудың мәні, мазмұны, құрылымы,принциптерін; 
2.Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды не үшін жүргізу 
қажеттілігін; 
3.Күтілетін нәтиженің мақсатқа тәуелділігін. 
Бағалауды жүзеге 
асыруда педагог 
қолданады 
1.Оқу мақсаты негізінде сабақ мақсатын құрастыру; 
2.Сабақ мақсаты негізінде критерийді анықтау; 
3.Критерий негізінде тапсырма құрастыру; 
4.Тапсырмалар негізінде дескриптор құрастыру; 
5.Қалыптастырушы бағалау әдістерін; 
6.Деңгейлік тапсырмаларды. 
Бағалауды жүзеге 
асыруда педагог 
талдайды 
1.Білім алушылардың жетістік деңгейлерін; 
2.Жетістік туралы ақпарат негізінде кемшіліктер мен жетістіктерді; 
3.Білім алушылардың психологиялық мүмкіндіктерін; 
4.Жеке,жұптық, топтық жұмыс кезінде әр бір білім алушының іс - 
әрекетін. 
Бағалауды жүзеге 
асыруда педагог 
топтастырады 
1.Кері байланыс арқылы білім алушылардың жетістік деңгейлері 
туралы ақпарат жинайды. 
2.Қолданылған әдістердің тиімділігін анықтайды. 
3.Әр бір білім алушының жеке жетістіктерін анықтайды. 
4.Алынған ақпарат негізінде жаңа жоспар құрастырады 
Бағалауды 
жүзеге асыруда 
педагог 
бағалайды 
1.Білім алушылардың жетістікке жетуін қамтамасыз ету үшін қандай 
амал, әрекеттерді қолдану қажеттігін анықтайды. 
2.Білім алушыларға , ата – аналарға нақты аргуметтер арқылы білім 
алушы жетістігі туралы ақпарат береді. 
3.Өз жұмысына рефлексия жасайды 
4.Оқу бағдарламаларында көрсетілген мақсаттардың 
орындалғандығын нақты дәлелдер арқылы анықтайды,болашаққа 
болжам құрады.
Оқыту үдерісінің интегративтілік түске ие болуына байланысты педагогтің 
бағалау іс -әрекеті үдеріс субъекттерін , тұтас оқыту процессін байланыстырушы 
болып табылады.Педагогтің бағлау іс-әрекетінің мотивациялық және 
қалыптастырушы қызметі білім алушының тұлғалық ерекшеліктеріне және оның 
эмоционалды - құндылықты, әлеуметтік- тұлғалық дамуына әсер етеді[198;25б]


64 
Біз педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекеті 
аясындағы ақпараттарды саралап,талдау нәтижесінде қалыптастырушы 
бағалаудың білім алушының психологиялық ахуалын жақсарту және 
денсаулығын сақтау қуралы ретінде төмендегі мүмкіндіктерді беретінін 
айқындадық: 
- Еркін көз қарас қалыптасады; 
- Рухани – адамгершілік құндылықтары дамиді; 
- Диалогтік мәдениеті қалыптасады; 
- Өзін – өзі дамыту дағдысы қалыптасады; 
- Толеранттық қарым – қатынасы қалыптасады; 
- Сыни ойлау дағдылары қалыптасады. 
Қалыптастырушы бағалау педагогтің бағалау іс - әрекетін қалай өзгертеді: 
- Бағалауда білім алушы пікірі мен санасуды үйренеді; 
- Тыңдау мәдениеті қалыптасады; 
- Білім алушының психологиялық ахуалын жақсарту, қадағалау қабілеті 
дамиді; 
- Денсаулықты сақтауға көңіл бөледі; 
- Бағалауда субъективтілік ұстанымына бағынуды үйренеді; 
- Тьюторлық,фасилитаторлық қабілеттері дамиді. 
Қорыта айтқанда, қалыптастырушы бағалау – білім алушылардың 
әлеуметтік дағдыларын, тұлғалық ерекшеліктерін, құндылықты бағдарларын, 
оқуға деген ынтасын дамытуға мүмкіндік беретін, педагог пен білім алушының 
денсаулығын сақтауға ықпал ететін критериалды бағалаудың негізгі түрі. 
Қалыптастырушы 
бағалауды 
жүзеге 
асыруда 
педагогтің 
ұйымдастырушылық, жобалаушылық және комуникативтік дағдыларының 
жоғары деңгейде болуы маңызды деп санаймыз. 
Ұйымдастырушылық қабілет тұлға құрылымының бір элементі болып, 
жағдаяттың ерекшеліктеріне байланысты білімді шығармашылық пен 
қолданып, әлеуеттің байқалуына және белсенді түрде ашылуына, социомәдени 
тәжірибенің дамуына әсер етеді.Педагогтің бойында ұйымдастырушылық 
қабілеттің болуы оқыту үдерісінің тиімді жүзеге асуын қамтамасыз етеді. 
Педагогтің ұйымдастырушылық қабілеті оның ұйымдастырушылық іс - әрекетті 
оқыту үдерісінде жүзеге асыра білуі,қарым – қатынас жасай алуы, жеке тұлғаға 
немесе ұжымға әсер ете білуі,өзін – өзі дамыту, өз алдына білім алуы, өзін –өзі 
тәрбиелей алуында көрініс табады. 
Педагогтің ұйымдастырушылық біліктерін төмендегі іс-әрекеттер құрайды 
деп санаймыз: 
- Оқу – тәрбие үдерісін жүзеге асыру білігі; 
- Оқу – тәрбие үдерісін жобалай алу; 
- Білім алушылардың мотивациясын қалыптастыру; 
- Білім алушылардың өзін – өзі басқаруын ұйымдастыру; 
Оқу үдерісінде бағалау іс - әрекетін ұйымдастыру үшін педагогқа қажетті 
ұйымдастырушылық біліктерді: 
- Оқыту үдерісін жобалай алу; 


65 
- Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру; 
- Білім алушылардың өзін – өзі, жұпта және топтық бағалауын 
ұйымдастыру қабілеті; 
- Инновациялық әдіс – тәсілдерді бағалау барысында тиімді жүзеге асыра 
білу құрайды. 
Біздің ғылыми жұмысымыздың міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 
талданған ғылыми әдебиеттердегі ақпараттарға сүйене отырып және оларды 
талдап, синтездеу арқасында біз педагогтің бағалау іс - әрекетінің мақсатын 
айқындадық. 
Критериалды бағалау жүйесін қолдану жағдайында педагогтің бағалау іс - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет