Масимова хуршидам ташболатовна


Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-



Pdf көрінісі
бет16/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
жетісітк бағалау

1.2 Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-
әрекетінің мәні, мазмұны, ерекшеліктері 
Қазақстандық білім беру жүйесінде қалыптасқан «білім» беруден 
жаңартылған білім беруге көшу мүмкіндіктері тәуелсіздік алғаннан кейінгі 
жылдары бір неше рет қарастырылды.Алайда, Жалпыға міндетті жаңартылған 
мазмұндағы білім беру стандарты кезең – кезеңімен 2016 жылдан бастап,орта 
білім беру ұйымдарында мақсатты түрде кезеңдік тәртіппен жүзеге асырылды.


37 
Кесте 3 - 12 жылдық білім беруге көшу кезеңдері 
Кезеңдер 
Сыныптар 
2016 жыл 
1- сыныптар 
2017 жыл 
1,2,5,7 - сыныптар 
2018 жыл 
1,2,3,6,7,8,10 - сыныптар 
2019 жыл 
1-11 сыныптар 
12 жылдық білім берудің сызбасы 0 + 11 сынып қағидасына негізделген 
Заманауи білім беру аясында оқу бағдарламалары жаңартылып, орта білім 
беру жүйесінде іске қосылды. Бұл оқу бағдарламалары өзіндік мазмұндық 
ерекшеліктерге ие болып, олардың мазмұндық ерекшеліктерін төмендегідей 
айқындауға болады:
Кесте 4 - Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Мазмұны 
Ерекшеліктері 
Пән мазмұны 
Оқу мазмұнын жобалаудың спиральдік (шиіршық) қағидатқа 
негізделуі.Тақырыптардың сыныптар, тақырыптар, тоқсандар 
бойынша күрделенуі.Игерілетін дағдылардың сыныптар және 
тақырыптар бойынша күрделенуі. 
Оқу мақсаттары 
Оқу мақсаттарының Блум таксономиясы негізінде иерархиялануы. 
Ойлау дағдылары 
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау 
Пәнаралық 
байланыс 
Бір білім саласы немесе пәндер арасында «ортақ тақырыптар»дың 
болуы,пәнаралық және пәнішілік байланыстың жүзеге асуына ықпал 
етеді 
Тілдік дағдылар 
Пәнді оқыту барысында тілдік дағдыларды дамыту (тыңдалым, 
оқылым, 
айтылым, 
жазылым).Бөлімдер 
мазмұны 
және 
тақырыптардың әлеуметтік дағдыларды дамытуға негізделуі. 
Жоспарлар 
Оқыту үдерісін технологияландыру, оқу жоспарларын қысқа 
мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді түрде жасақтау. 
Тақырыптар 
Тақырыптардың сұрақ түрінде проблемалық мәселені шешуге 
негізделуі 
Жұмыс формалары Жеке, жұптық, топтық 
Бағалау 
Критериалды бағалау жүйесінің қолданылуы. 
Ескерту - Автор тарапынан әдістемелік құралдарға салыстырмалы талдау жасау 
арқылы құрастырылды 
Заманауи білім кеңістігінде тұлғаның интеллектуалды білімін дамыту мен 
оны тәжірибеде қолдануын ұштастыра білу маңызды.Сондықтанда, құзыреттілік 
амалға негізделген білім берудің басты мақсаты жаңа ғасыр адамын 
қалыптастыру мен бір қатарда, білім беру сапасын арттыру арқылы адами 
капиталды дамытып, мемлекет және қоғам талаптарын жүзеге асыру болып 
табылады. 
Жаһандану жағдайында әлемдік талаптарға негізделген білім беру жүйесін 
қуру маңызды. Сапалы білім – мемлекет пен ұлттың болашағын айқындайды. 
Білім беру жүйесі бекітілген стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру 
бағытындағы жаңа үлгідегі білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асады.


38 
Заманауи білім беру аясында қазақстанның білім беру жүйесі «білімді 
тұлға» түсінігін жаңа формадағы «құзыретті тұлға» ұғымына ауыстырды 
[168;30]. Құзыретті тұлғаның компоненттерін біздің пайымдауымызша 
төмендегі өлшемдер құрайды: 
Сурет 2 - Құзыретті тұлға компоненттері 
«Құзырлылық», «құзыреттілік» ұғымдары жаһандану жағдайында біздің 
еліміздің білім беру жүйесіне басты амал ретінде енгізілді. Бүгінгі білім берудің 
басты мақсаты зияткерлік білімін өмірдегі түрлі жағдаяттарда қолдана алатын 
тұлғаны қалыптастыру болып саналады. Құзыреттілік амалға негізделген білім 
тұлғаның заман талаптарына сай дамуына ықпал етеді. Құзыретті тұлғаны 
дамыту кәсіби құзыреттілігі жоғары педагогтердің мақсатты іс – әрекетіне және 
біліктілік деңгейіне тікелей байланысты.
Құзыреттілік – ол оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген 
білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы 
ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті [169;6]
Кәсіби құзыреттілік – педагогикалық іс-әрекетті тиімді жүзеге асыруға 
мүмкіндік беретін мұғалімнің кәсіби және дербес тұлғалық қабілеттерінің 
жиынтығы
[
170;433б
].
Құзыреттілік мәселесін өз зерттеулері мен ғылыми мақалаларында отандық 
ғалымдардан Ш.Т Таубаева, К.С Қудайбергенова, А.Тұрғынбаева, Ж.Ы 
Намазбаева, М.А Абсатова, К.О Оразбаева т.б қарастырған. Жаңа ғасыр адамы - 
шығармашыл ойлауға қабілетті және проблемалық мәселелерді шешуде жаңа 
идея мен жаңа көз қарастарды байланыстыра білетін, ескі ақпараттардың 
негізінде жаңаны құрастыруға бейім, белсенді әрекет ете алатын , ақыл, энергия, 
жігерін ұйқастыра білетін, өз алдына мақсат қойып, мақсатқа жету жолдарын 
жобалай білетін, әлеуметтік дағдылары қалыптасқан тұлға. 
Құзыретті тұлға 
Ойлау
дағдылары 
Әлеуметтік 
дағдылар 
Белсенді 
әрекет ету 
дағдылары 
дағдылары 
Рефлексивтік 
дағдылар 
Өмір сүру 
дағдылары 
Сыни ойлау; 
Логикалық 
ойлау; 
Шығармашы
лық ойлау; 
Метатану. 
Қарым –
қатынас және 
құндылықтар; 
Серіктестікте 
жұмыс жасау; 
Келісім жасау 
біліктері; 
Ұйымдастыр
ушылық; 
Басқарушыл
ық; 
Көшбасшыл
ық;
Мақсат қою; 
Жобалау; 
Өзін – өзі 
бағалау; 
Өзін – өзі 
басқару;
өзін – өзі 
қорғау 
Бейімделу; 
Икемділік; 
Тұлғаға өзгермелі қоғамда өмір сүру үшін қажетті дағдылар 


39 
Европалық стандарттар негізінде, ұлттық болмысымызға сәйкестендірілген 
білім жүйесін құру мақсатында қазақстандық білім берудің жаңартылған 
стандарттары қабылданды.Бұл нормативтік құжат бүгінгі білімнің негізі 
саналады. Білім беру саласының негізі болған бұл құжат оқытудың мақсат, 
міндеттерін жүзеге асыруда қолданылатын жаңа ұғымдар, анықтамалар мен 
толықтырылды. 
Жаңартылған мазмұндағы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартында төмендегі жаңа ұғымдар қолданысқа енді: 
Кесте 5 - Жалпы орта білім берудің МЖМББС жаңа ұғымдар 
МЖМББС жаңа ұғымдар 
(Жалпы орта білім беру) 
Анықтамалары 
Оқытудан 
күтілетін 
нәтижелер 
оқыту процесі аяқталғаннан кейін білім алушының білуін, 
түсінуін, көрсетуін өрнектейтін құзыреттіліктер жиынтығы; 
Бағалау 
білім алушылардың оқуда қол жеткізген шынайы 
нәтижелерін 
дайындалған 
өлшемшарттар 
негізінде 
оқытудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі; 
Бағалау өлшемшарттары 
білім алушының оқу жетістігін бағалауға негіз болатын 
белгілер; 
Жиынтық бағалау 
анықталған оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), 
сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып 
аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі; 
Білім берудегі құндылықтар 
білім алушының тұлғасын қалыптастырудағы жетекші 
фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға 
негізделген 
оқыту 
мақсаттарының 
жүйесін 
қалыптастырудағы бағдарлар 
Ескерту - Дереккөз [171;5-6б]
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында білім 
беру деңгейіне байланысты келесі ұғымдар қолданысқа енді: 
Кесте 6 - Бастауыш орта білім берудің МЖМББС жаңа ұғымдар 
МЖМББС жаңа ұғымдар 
(Бастауыш орта білім беру) 
Анықтамалары 


Сыртқы жиынтық бағалау 
негізгі орта және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін 
меңгерген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін 
айқындау; 
Ішкі жиынтық бағалау 
оқу тоқсанының соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін 
оқып аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі 
мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын бағалау; 
Бағалау критерийлері 
мұғалім мен оқушыға формативті бағалау кезінде оқытудың 
мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін 
тұжырым (табыс критерийі) және ішкі жиынтық бағалау 


40 
6 – кестенің жалғасы 


кезінде білім алушының жұмысты қаншалықты орындағанын бағалауға 
мүмкіндік беретін тұжырымдар (балдарды қою критерийлері); 
Білім 
беру 
процесін 
мониторингтеу 
білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері 
мен жағдайларындағы өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, 
диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау; 
Формативті 
бағалау 
сабақта және/немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білім 
алушылардың меңгерген білімдері мен қалыптасқан дағдыларының 
ағымдағы деңгейін айқындайтын және ол оқыту барысында білім 
алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге 
асыратын, білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде 
тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын және оқыту мақсаттарына 
қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау. 
Ескерту – Дереккөз [172;6] 
Аталған жаңа түсініктер білім беру сатысы мен білім алушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкестендірілген түрде құрастырылған болып білім берудің әр 
бір сатысындағы педагогтің іс-әрекетінің бағыттарын айқындауға мүмкіндік 
береді.Білім беру стандарттарындағы жаңа ұғымдар білім алушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау мен байланысты болып, тұлғаның жетістікке жетуін 
қамтамасыз ету үшін бағалауда критериалды тәсілді қолдануды мақсат етеді. 
Демек, заманауи білім берудің жаңа бағыттарының бірі - критериалды бағалау 
жүйесінің енгізілуі.Қазақстан Республикасының Білім беру стандарттары оқыту 
үдерісінде критериалды бағалауды қолдану арқылы оқу сапасын жақсартуды 
көздейді.Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында білім алушыларды 
бағалауға байланысты қолданысқа енген ұғымдар: 
Сурет 3 - Жаңартылған мазмұндағы МЖМББС сатыларындағы ортақ ұғымдар 
Жалпыға міндетті білім беру стандарттары 
Бастауыш білім 
беру 
 Бағалау 
 Бағалау критерийлері 
 
Білім беру процессінің
мониторингі
 Формативті бағалау
 Жиынтық бағалау 
Негізгі орта білім 
беру 
Жалпы орта білім 
беру 
Педагогтің бағалау іс – әрекетінің мәні, мазмұны, қызметі, принциптері 
өзгерді 


41 
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында негізгі пәндік білім, білік, 
дағдыларды қалыптастыру мақсаты білім алушылардың жалпы пәндік 
құзыреттіліктерін қалыптастыруға көшірілді. Бұл жағдай бағалау жүйесінің 
өзгертілуіне алып келді. 
Қазақстандық білім беруде қолданылып келген бағалау жүйесі жаңа ғасыр 
талаптарына толық жауап бере алмайды.Заманауи білім беру білім алушыға тек 
білім беріп қана қоймай, оның жетістікке жетуін қамтамасыз етуі қажет. Білім 
беруде қолданылып келген қалыптасқан «бағалық» бағалау жүйесінің жаңа 
критериалды бағалау жүйесі мен салыстырмалы түрде анықталған кемшіліктері: 
- «бағалық» бағалау жүйесі мектеп және мұғалім тарапынан білім алушы 
жетістігін сырттай бақылау функциясын атқарады; 
- Білім алушының бағалаудағы дербестігін қалыптастыруға мүмкіндік 
бермейді; 
- Білім алушылардың жеткен жетістігін бұрынғы нәтиже мен салыстыру 
арқылы мұғалімге нақты жетістікті анықтап, әр бір білім алушыны жеке – жеке 
бағалау қиын. Бұл жағдай оқытудағы даралануды қиындатады; 
- Өзінің формалдығы және баға критерийлерінің жасырын болуы 
салдарынан баға білімнің нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейді. Білімді 
дамытудың кейінгі қадамын, нені жақсарту керек, қай бағытта жұмыс жасау 
қажеттігін анықтау қиын, бұл көп уақытта бала психологиясына зақым келтіреді. 
Толықтай мұғалімнің қолында болған «бағалаушылық» жүйе бір жағынан 
балаға, екінші жағынан оның ата – анасына психологиялық қысым көрсетудің 
қуралы болады.Мұғалім мен оқушының кері байланысы оқушы нәтижелерін 
жақсартуға көмек беру мақсатына емес, әлеуметтік және басқарушылық 
мақсаттарға қызмет етеді; 
- Мұғалімдер арасында оқушы жетістігінің сапасын емес,оның істеген 
жұмысының көлемі мен формасын бағалау тәжірибесі тараған; 
- Білім алушыларды бір – бірімен салыстыру үлгерімі нашар оқушылардың 
рухын түсірсе,озат оқушылардың толыққанды дамуына кедергі келтіріп, 
олардың мотивациясы мен белсенділігін әлсіретеді [173;4]. 
Қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылып келген бағалау нормалары
заманауи білім беру талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Алайда, бұл 
осы кезге дейін білім беру жүйесінде қолданыста болған бағалау жүйесі қажетсіз 
және пайдасыз болған дегенді білдірмейді. Бағалаудың ескі жүйесі қолданыста 
болған дәуірдің талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік берген, бүгін болса, қоғам 
көз қарасы, қажеттіліктері өзгерді сондықтанда, бағалау жүйесінде өзгерту 
қажеттілігі туындады. 
Білім берудегі өзгерістер заманауи қоғамның талаптарына сай келетін оқыту 
стратегиялары, білім алушылардың жетістіктерін бағалау тәсілдерінің өзгеруін 
қамтиді. Білім беру стратегиялары, бағалау тәсілдері білім берудегі қарым – 
қатынас қатысушыларының тұлғалық әлеуетін дамытуға қолайлы жағдайлар 
жасауға мүмкіндік беруі қажет. Білім сапасын жақсарту мақсатында қолданысқа 
енген критериалды бағалау жүйесі заманау білім берудің келесі мүмкіндіктеріне 
қол жеткізуге ықпал етеді: 


42 
- оқу үдерісінің әр бір кезеңінде білім алушылардың дайындық деңгейін 
анықтауға; 
- ағымдағы оқу жылы ғана емес, оқытудың барлық уақыттарында білімді 
игеру динамикасы бойынша объективті ақпарат алуға; 
- білім алушылардың жұмыстың барлық түрлері бойынша (өз алдына 
жұмыс, ағымдағы, қорытынды бақылау,үй жұмысы, шығармашылық жұмыс т.б) 
алған бағаларының мәнін саралауға; 
- ағымдағы және қорытынды баға арқылы білім алушының сіңірген 
еңбегінің мөлшерін анықтауға; 
- білімді бағалаудың объектівтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді 
[174;14]. 
Критериалды бағалау қалыптасқан бағалау жүйесінің кемшіліктерінің 
орнын толтырып, білім берудің тұлғалық – бағдарлы, құзыреттілік тәсілдеріне 
негізделеді. Заманауи білім беруде құзыреттілік тәсіл жаңа білім беру 
парадигмасы ретінде педагогтер мен білім алушылардың қарым – қатынасын 
өзгертуге бағытталған. Білім беру сапасының негізгі көрсеткішін метапәндік, 
пәндік және тұлғалық нәтижелерді, мемлекет, қоғам және тұлға талаптарын 
сипаттайтын жалпы білім беру талаптарын құрайтын білім беру 
стандарттарында көрсетілген білім беру бағдарламаларындағы нәтижелерді 
игеруге болған міндеттер құрайды. 
Заманауи білім берудегі тенденциялар негізінде білім берудің принциптері 
өзгерді. Бұл принциптер білім беру мазмұнының жаңа бағытта дамуына ықпал 
етеді: 
- Интеграциялау – өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қоғамның барлық тәрбие 
беру институттарының бірлігін қамтамасыз ету; 
- Ізгілендіру – әр бір тұлғаға қоғамның жоғары әлеуметтік құндылығы 
ретінде көңіл бөлу, жоғары зияткерлік, моральді және физикалық ерекшеліктерге 
ие азаматты қалыптастыруға нұсқау алу; 
- Дифференциация және дараландыру – әр бір білім алушының жеке 
қабілеттерінің толық айқындалып, дамуына мүмкіндік беру; 
- демократизациялау – педагогтер мен білім алушылардың белсенділігі, 
ынтасы және шығармашылығын дамытудың алғышарттарын құру ,білім беруді 
басқаруға күллі қоғамның жұмылдырылуы;[175;26] 
Бұл принциптерді жүзеге асыру барлық білім беру жүйесінің мазмұны мен 
ұйымдастыру формаларының өзгеруіне түрткі болады.
Білім беруде тұлғаның құндылықтарын, интеллектуалды мүмкіндіктерін, 
талпыныс бағыттарын айқындайтын критериалды бағалау жүйесі оқу 
бағдарламаларындағы нәтижелерге жетудің критерийлерге негізделген, 
күтілетін нәтижелерге бағдарланған болып, білім сапасының дамуына ықпал 
етеді. Оқу сапасын жақсартуға бағдарланған критериалды бағалау жүйесі оқу 
бағдарламаларында келтірілген оқыту мақсаттарына күтілетін нәтижелер 
арқылы жетуді көздейді. Критериалды бағалау білім беру үдерісінде 
педагогтердің мүмкіндіктер аясын кеңейтуге бағытталған. 
Бағалау білім алушылардың психологиялық ахуалына әсер ететін үдеріс. 


43 
Себебі, оқушыны мадақтау мен бағалау үдерісінде басқарушылық тонды 
пайдалану білім алушының көңіл – күйіне екі түрлі әсер етеді. Біріншісі, білім 
алушыға алға ұмтылуға мүкіндік берсе, екіншісі, білім алушы бойына үрей 
орнатады. Критериалды бағалау білім алушыларға өз іс-әрекетінің нәтижелерін 
сараптап, алға ұмтылуға мүмкіндік береді [176;157б].
Бағалау – нысанның өлшемі мен эталонның байланысы, нәтиже шығару 
болып табылады.Бағалаудың мақсаты әр бір педагогтің бағалауды қандай 
мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керек?- деген түсініктері негізінде 
айқындалады. Бағалаудың басты мақсаттары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет