101
сүйемелдеудің мәні зор. Көптеген ғылыми – зерттеу жұмыстарында
білім
алушыларды сүйемелдеу мәселесі қаралады. Оқу және оқыту үдерісінде білім
алушыларды қолдау олардың белгілі бір мәселе бойынша білім және
тәжірибелерінің, құзыреттіліктерінің дамуына ықпал етеді. Педагогтер
біліктілікті арттыру курстарында және курстан кейінгі сүйемелдеуді талап ететін
оқыту үдерісінің маңызды субъекттерінің бірі.Сондықтанда,
біз зерттеу
жұмысымыз мәселесінің тиімділігін қамтамасыз ететін шарттардың бірі ретінде
педагогтерді психологиялық, педагогикалық, әдістемелік сүйемелдеуді алдық.
Педагогті сүйемелдеу барысында оның кәсіби деңгейі мен өмірлік позициялары
арасындағы қайшылықтар орын алуы мүмкін.Психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік сүйемелдеу барысында болса, біздің ойымызша педагог өз
мамандығы аясында пайда болатын дағдарыстық құбылыстар мен негативтердің
шешімін таба алады.Сүйемелдеу нәтижесінде педагог
жаңа тәжірибе мен өз
қоржынын толықтырып, кәсібиліктің жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік
алады.
Осыған орай біз, өз зерттеу жұмысымыз аясында педагогтердің біліктілікті
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс –
әрекетін
дамыту мақсатында кәсіби әдістемелік сүйемелдеу картасын құрастырдық.
Кесте 13 - Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуды әдістемелік сүйемелдеу картасы
Сүйемелдеу
кезеңдері
Сүйемелдеу әдістері мен
формалары
Сүйемелдеу
процесінің бағыты
Сүйемелдеу нәтижесі
Бастапқы
диагностикалық
кезең
Педагогтің бағалау іс –
әрекетінің даму деңгейін
анықтауға негізделген
тест және сұхбат.
Педагогтің бағалау
іс – әрекетін
бақылау.
Анықталған қиындық
аймақтарын
жинақтау,
талдау,келесі кезеңге
жоспар құру.
Ынтымақтастық
қа бағытталған
кезең
Педагогтің бағалау іс –
әрекетінде анықталған
қиындықтардың шешімін
табу мақсатында тренер
– психолог диадасы
жұмысын жоспарлау.
Психологиялық
тренинг тренер –
оқыту үдерісі
субъекттері –
психолог бірлескен
жұмысын
ұйымдастыру.
Кәсіби әдістемелік
сүйемелдеудің
негізінде мәселенің
шешімін табу, қолдау
көрсету.
Жүзеге асыру
кезеңі
Бағалау іс – әрекетін
дамыту мақсатында өзін
– өзі ұйымдастыру,өзін –
өзі дамыту, мәселені
шешуде дербес жұмыс
жасауға мотивациялау.
Педагог тарапынан
бағалау іс –
әрекетін жүзеге
асыру процесін
бірлесе жоспарлап,
құрастыру.
Бағалау іс – әрекеті
дамыған педагог.
Сүйемелдеудің
үздіксіздігін
қамтамасыз ету.
Біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің бағалау іс-әрекетін
әдістемелік сүйемелдеудің келесі принциптер негізінде жүзеге
асуын
қамтамасыз ету қажет деп санаймыз:
102
-
Дәстүрлілік және инновациялық – бағалау іс - әрекетін жүзеге асыруда
инновациялар мен дәстүрлі, ұлттық ерекшеліктердің
кіріктірілуін өз ішіне
алады;
-
Әдістемелік және вариативтілік – бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруда
түрлі амалдардың жағдаятқа байланысты таңдап алынуы;
-
Интегративтілік және дифференциация – бағалау іс – әрекетін дамытуға
бағытталған түрлі құралдарды педагогтердің
дайындық деңгейлерін ескере
отырып таңдау;
-
Жауапкершілік – субъекттің өз шешімі үшін жауапты болуы
(сүйемелдеуші тек кеңес береді);
-
Үздіксіздік және жүйелілік – сүйемелдеудің үздіксіз жүзеге асуы.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту процесі психология және педагогика
талаптарына толық негізделген түрде жүзеге асса, педагогтердің жаңа талаптар
негізінде жүзеге асырылатын бағалау іс –
әрекетінде сенімсіздік, қиындықтар
азаяды. Жоғарыда сипатталған теориялық негіздемелер зерттеу жұмысымыздың
эксперименттік бөлімінде сыннан өткізіледі.Диссертациямыздың 2.4 тарауында
осы айтылған мәселелер бойынша жасалған жұмыстарымыз сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: