Масимова хуршидам ташболатовна


оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс -әрекетін тиімді ететін эталондар



Pdf көрінісі
бет30/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
жетісітк бағалау

оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс -әрекетін тиімді ететін эталондар 
мен ресурстарды құрастыру және қолдану.
Педагогтердің бағалау іс-әрекетін дамытудың бұл шарты қашықтықтан 
оқыту жағдайында тиімді саналады. 
Қашықтықтан оқыту технологиялары заманауи сандық және коммуни 
кациялық технологияларды қолдануға негізделген білім алушы мен 
оқытушының қашықтықтан қарым қатынас жасауы негізінде жоспарланған оқу 
нәтижесіне жету мақсатында оқу процесін ұйымдастыру амалы. 
Қашықтықтан 
оқыту 
технологиялары 
– 
қашықтықтан 
оқыту 
технологияларын қолдану негізінде білім алу және оны өмір бойына қолдану 


99 
мақсатында шығармашылық іс – әрекет тәжірибесін игеру және қабілеттерді 
дамыту, «шыңдалған» адами тәжірибені игеруге білім алушылар әрекетін 
ұйымдастырудың мақсатқа бағытталған процесі [246;173]. 
Н.Е. Попованың пікірінше қашықтықтан оқыту технологиясы – 
бақыланатын белгілі сабақтардың тобын өз алдына игеруге мүмкіндік беретін 
білім алу үдерісінде білім алушылар мен болған қарым – қатынаста 
қолданылатын құралдар, оқытудың түрлері және әдістер жиынтығы[247;18] 
Ғалым қашықтықтан оқыту технологиясының төмендегідей ерекшеліктерін атап 
көрсетеді: 
- икемділік – білім алушы керекті білімді өзіне ыңғайлы кезде және 
уақытта алады; 
- модульділік – модульдік принципте оқытуға негізделген; 
- паральлельділік – оқыту білім алушының кәсіби іс – әрекеті мен бір 
мезетте жүргізіледі; 
- Асинхрондылық – қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы 
жүзеге асырылатын оқу процесі білім алушыға ыңғайлы уақыт және сабақ 
кестесі арқылы жүргізіледі; 
- Үнемділік – дәстүрлі оқытуға қарағанда 50 % арзан; 
- Оқытушының жаңа ролі – танымдық үдерісін арттыру,түзету, кеңес беру 
арқылы қарым – қатынас орнату; 
- Оқу сапасын арнайы бақылау – емтихандардың қашықтықтан алынуы; 
- Оқытудың арнайы технологиялары мен құралдарын қолдану; 
- Оқу ақпараттарын заманауи құралдар арқылы жеткізу. 
Заманауи оқыту үдерісінде педагогтерге қашықтықтан білім беру 
технологияларын қолдану арқылы білім беру мәселесі зор маңызға ие болып тур. 
Бұл орайда, тыңдаушыларға білім беру бағдарламасын қашықтықтан оқыту 
технологиясын қолдану арқылы игеру уақытты үнемдеу және жұмыстан қол 
үзбей отырып кәсіби құзыреттіліктерін дамыту тиімді болып табылады. ХХІ 
ғасырдың 20 жылы қазақстандық білім беру саласының жаппай қашықтықтан 
оқытуға көшірілуі барысында қашықтықтан оқыту технологияларының 
маңыздылығы арта түсті. 
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында қашықтықтан оқыту технологиясының 
тиімді әдістерінен оқытудың дараландыру әдістері (телефон, ватсап,электронды 
почта), оқу материалын педагог тарапынан жеткізу әдісі (дәстүрлі сабаққа 
қосымша материалдардың электронды нұсқалары беріледі), оқу үдерісінің 
барлық қатысушыларының белсенді қарым – қатынасы әдісі (бұл әдіс оқытудың 
зерттеу және проблемалық қуралдары арқылы жүзеге асады,педагог 
проблемалық жағдаятты ұсынады және оның шешілуі үшін тиімді орта құрады, 
талқылау сұрақтары мен тақырыптарды таңдайды ), жобалау әдісі (өз алдына 
жоспарлау арқылы жаңа өнім немесе құбылысты құрастыру) қолданылды. 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №374 
бұйрығына сәйкес қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқыту 
процесін ұйымдастыру қағидаларында төмендегі ұғымдар қолданылады: 


100 
- тьютор – білім алушыға нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге 
көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;
- цифрлық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, 
графикалар, мультимедиалар және өзге де маңызды толықтырулар) толықтыру,
- мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графика, мәтін, 
дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және 
бағдарламалық құралдар кешені. 
Біз зерттеу жұмысымыздың 2.2 бөлімінде біліктілікті арттыру үдерісіндегі 
оқытушының оқыту үдерісінде атқаратын рөлдері, соның ішінде тьюторлық 
туралы тоқталып өтеміз. Қашықтықтан оқыту технологияларының мультимедия, 
цифрлық контент қатарлы ресурстары оқытудың күндізгі режіміндеде 
қолданылады. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуда қашықтықтан оқыту технологиясын 
қолдану біздің ойымызша төмендегі ішкі байланыс түрінде жүзеге асады: 
Үздіксіздік 
Сурет 17 - Қашықтықтан оқыту жағдайында оқыту технологиясын қолданудың 
ішкі байланысы 
Қашықтықтан оқыту жағдайында біздің ойымызша педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетін тиімді етудің амалы ол педагогтерге эталондар мен жұмыс жасауды 
үйрету және бағалауға арналған эталондар мен бағалау ресурстарын қолдану 
болып табылады.Біз зерттеу жұмысымыз аясында педагогтердің біліктілікті 
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
дамыту мақсатында педагогтерге бағалау ресурстары мен эталондарды және 
вебинарларды ұсынамыз. Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің 
талаптары, қажеттіліктеріне сәйкес қолдау көрсету барысында жасалатын 
жұмыстардың ерекшеліктері зерттеу жұмысымыздың 2.3 тарауында беріледі.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытудың біз ұсынып отырған келесі шарты 
- педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет