Масимова хуршидам ташболатовна


 Педагогтердің қиындық аймақтарын ескеру  К



Pdf көрінісі
бет37/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
жетісітк бағалау

7. Педагогтердің қиындық аймақтарын ескеру 
К
ур
ст
ан
 к
ей
ін
гі 
сүй
еме
лд
еу
 
1.Әдістемелік десант 
2.Практикалық,әдістемелік семинарлар 
3.Онлайн вебинар 
4.Педагогикалық қауымдастық 
5.Ғылыми – әдістемелік конференциялар. 
6. «Тәжірибелік алаң» айдары. 
7.Психологиялық, әдістемелік көмек 


130 
25- суреттің жалғасы 
25- сурет Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
дамытудың кешенді мазмұны. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту үдерісі қашықтықтан оқыту 
жағдайында өзіндік өзгешеліктерге ие болады.Себебі, офлайн және онлайн 
форматтағы жұмыс бағыттарының ерекшеліктері педагогтердің бағалау іс-
әрекетінің дамуына әсерін тигізеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 
319-III Заңының (2022.09.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 37-2 
«Қашықтықтан оқыту» бабында Қашықтықтан оқыту білім беру саласындағы 
уәкілетті орган тарапынан анықталған тәртіпке байланысты орта, қосымша, 
техникалық және кәсіби, ЖОО және жоғарыдан кейінгі білім беретін ұйымдарда 
жүзеге асырылады делінген.
Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту форматына көшу 2019 
жылдың екінші тоқсанында елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына 
байланысты басталды. Бұл орайда, білім алушылар, педагогтер және ата – аналар 
білім алудың жаңа мүмкіндіктері мен танысты.Бұл кезеңде педагогтер үшін білім 
берудің жаңа форматына көшу көптеген мүмкіндіктер мен қиындықтар тудырды. 
Елдегі білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту форматына көшіру 
барысында көптеген проблемалар анықталды.Біз осы қиындықтар мен 
кедергілерді төмендегідей топтастырдық: 
Педагогикалық проблемалар: 
- Педагогтердің ақпараттық – коммуникациялық технологиялар мен
жұмыс жасау дағдыларының жоқтығы; 
- Педагогтердің қашықтықтан оқыту методикасын білмейтіндігі; 
- Қашықтықтан оқытуға негізделген пәндік ресурстық базаның жоқтығы; 
- Қашықтықтан оқыту жағдайында бағалау практикасының жоқтығы; 
- Педагог тарапынан білім алушы мен байланыстың үзілуінің
(интернеттің болмауына байланысты), бағаның нақты, шынайы болмауының 
білім сапасына кері әсер етуі; 
- Педагогтердің цифрлық ресурстарды оқыту үдерісіне кіріктіруді 
білмеуі. 
Психологиялық проблемалар: 
- Бастауыш сынып білім алушылары үшін мұғалімнің көмегісіз білім алу
мүмкін емес, қашықтықтын оқыту жағдайында олар ата – аналарын мұғалім 
орнында қабылдай алмады; 
- Білім алушыларды толық оқыту процесіне шөгіру үшін қажетті болған өзін
Нәтиже: педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін жүзеге асыру бағытында өзін – өзі 
дамытуы,үздіксіз дамуы, кәсіби дамуы. 


131 
өзі басқару, ұйымдастырудың әлсіздігі немесе бұл дағдылардың 
қалыптаспағандығы;
- Жасы үлкен педагогтерге ақпараттық технологияларды игерудің 
қиындығы;
- Бағалау процессінің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты білім
алушылардағы оқуға деген мотивацияның төмендеуі. 
Әлеуметтік проблемалар: 
- Білім беру ұйымдарының материалдық базасы бұл жағдайға дайын 
болмады; 
- Ата – аналардың қашықтықтан оқыту процессіне болған қарсылығы; 
- Шалғай аудандарда интернет желісінің мүлдем жоқтығы немесе 
жетпейтіндігі; 
- Үйде білім алушылар үшін зейінді шоғырландыруға кедергі келтіретін 
факторлардың көп болуы; 
- Білім алушылардың үйде отырып білім алу үшін мүмкіндіктерінің 
жоқтығы (ноутбук, жеке смартфондардың,WI-FI); 
Қашықтықтан оқыту барысында педагогтер оқытудың синхронды, 
Асинхронды, онлайн форматтарын, «Сфера», «Bilim lend», «kundelik.kz», 
«zoom» платформаларын,«Wats.app» желісін, электронды почталарды қолданды. 
Әрине, қашықтықтан оқыту технологиясының тиімді тұстарыда жоқ емес. 
Мысалы: 
- Қашықтықтын оқыту уақытты үнемдеу үшін тиімді; 
- Бір уақытта көптеген білім алушыларды ақпарат пен қамтамасыз ету
мүмкіндігінің болуы; 
- Оқытуға кететін қаржының үнемделуі; 
- Ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін үйде отырып білім алу
мүмкіндігінің артуы; 
- Оқыту үдерісінің икемділігі. 
Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту мәселесі біліктілікті арттыру 
жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі болды.Себебі, қашықтықтан оқыту 
жағдайында бағалауды жүзеге асыру механизмдерінің әлсіздігі, педагогтердің 
бағалау ресурстарын талапқа сай құрастыра алмауы, қашықтықтан оқыту 
жағдайында бағалау ресурстарын құрастыруға арналған нұсқаулықтардың 
жеткіліксіздігі, тапсырмаларды бағалау шкаласын құрастыру алгоритмдерінің 
қалыптаспағандығы қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің бағалау іс – 
әрекетін дамытудың маңыздылығын арттырды. 
ЮНЕСКОНЫҢ 2020 жылға берген ақпаратына сүйенсек COVID-19 
пандемиясы кезінде әлемдегі 191 елдегі 990 324 537 білім алушы қашықтықтан 
білім алды.Бұл жағдай әрине білім сапасына өз әсерін тигізді. 
Қашықтықтан оқыту жағдайында педагог тарапынан білім алушының 
жетістіктерін бағалауда келесі артықшылықтарды атап көрсетуге болады: 
- Уақыт және қаржыны үнемдеу; 
- Білім алушы жауптарын сақтаудың мүмкіндігі; 


132 
- Кері байланыстың дер кезінде берілуі; 
- Тапсырманы орындауда қателіктердің азаюы; 
- Нәтижені тез анықтауға болатындығы. 
Алайда, қашықтықтан оқыту барысында бағалауды жүзеге асыруда 
аталған 
артықшылықтар мен төмендегідей кемшіліктердіңде бар екендігі анықталды: 
- Интернетке шығудың қауіпсіз еместігі; 
- Білім алушылар тарапынан жасалатын алаяқтық; 
- Білім алушының нақты білім деңгейін анықтаудың қиындығы; 
- Педагогтер және білім алушыларда қашықтықтан оқуға деген
бейімділіктің әлсіздігі; 
- Педагог және білім алушы арасындағы қарым – қатынастың
тұрақсыздығы [270;1306].
Біз өз зерттеу жұмысымыз аясында қашықтықтан оқыту жағдайында 
педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту 
мәселесін зерделеу мақсатында педагогтердің бағалау іс – әрекетін олардың 
пәндік салалары мен байланысты түрде қарастыруды дұрыс деп санаймыз. 
Сондықтанда, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің бағалау іс – 
әрекетіндегі ерекшеліктерді гуманитарлық пәндер және жаратылыстану бағыты 
бойынша пәндерден сабақ беретін педагогтердің бағалау іс – әрекеті тұрғысынан 
қарастырамыз. 
Білім алушылардың күнделікте сабақтағы жетістіктектері негізгі үш 
аспектіні қамтиді.Олар: тұлғалық, пәндік және метапәндік нәтижелер. 
Тұлғалық нәтижелерді бағалау білім алушылардың оқыту процесінде 
қалыптасқан құндылықты бағдарлы жетістіктерін оның өзіне, оқыту процессінің 
өзгеде қатысушыларына, оқыту процесінің өзіне және оның нәтижелеріне болған 
қарым – қатынасы саналады. 
Метапәндік нәтижелерді бағалау өзінің танымдық іс – әрекетін басқару 
және талдауға бағытталған регулятивтік, коммуникативтік және танымдық 
әмбебап оқу әрекеттерінің қалыптасуын бағалауды қамтиді.
Пәндік нәтижелерді бағалау әр бір пән бойынша игерілген білім 
алушылардың жоспарланған нәтижелер бойынша жетістіктерін көрсетеді.Білім 
беру стандарттары аясында бағалаудың негізгі нысаны оқытылатын оқу 
материалына негізделген оқу – танымдық, оқу – тәжірибелік тапсырмаларды оқу 
пәні мазмұнына сәйкес әрекетттерді және метапәндік әрекеттерді (танымдық, 
регулятивтік, коммуникативтік) қолдана отырып шешу. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқыту процесінің маңызды 
элементтерінің бірі. Бағалау және бақылау кезінде білім алушы және педагог 
арасында оқу материалын меңгеру және білім, білік, дағдыларды игеру деңгейін 
айқындау үшін кері байланыс жүзеге асырылады.Оқу жетістіктерін бағалау және 
бақылау білім алушылардың оқу – танымдық іс – әрекетін басқаруға мүмкіндік 
береді және білімді бекіту, қайталау аясында педагогикалық процессті басқару; 
білім алушылардың алған білімінің көлемі және сапасын бағалау аясында 
педагогикалық процессті басқару; білім алушылардың өзін – өзі бағалау, 


133 
бақылау дағдыларының қалыптасуы және дамуы аясында оқыту процессін 
басқару қатарлы қосымша мақсаттарды қамтиды[271; 21б] 
Ендеше, жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша оқытатын 
педагогтердің оқыту үдерісіндегі бағалау іс – әрекетінің ерекшеліктеріне 
тоқталайық. 
Гуманитарлық бағыттағы пәндер 
Жаратылыстану бағытындағы пәндер 
Бағалау ерекшеліктері 
Пән мазмұнын игеру деңгейі 
Пән мазмұнын игеру деңгейі 
Тілдік 
мақсаттар: 
пәнде 
терең 
меңгеруге ықпал ететін терминдерді 
білуі және қолдана алуы. 
Тілдік 
мақсаттар: 
пәнді 
терең 
меңгеруге ықпал ететін терминдерді 
білуі және қолдана алуы. 
Ақпарат пен жұмыс жасау дағдылары 
(мәтіндегі 
ақпаратты 
түсіну, 
интерпретация 
жасау, 
мәселені 
шешуде қолдану) 
Ақпарат пен жұмыс жасау дағдылары 
(мәтінді сандық 
түрдегі есепке 
түрлендіру, 
мәселені 
шешуде 
қолдану) 
Тілді нақты жағдаятта тәжерибеде 
қолдану дағдысы 
Формулаларды,өлшемдерді 
нақты 
жағдаятта өмір мен байланыстыра 
отырып қолдану дағдысы 
Карта мен жұмыс жасау дағдысы 
Ландшафттық ж.б карталар мен 
жұмыс жасау дағдысы 
Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру 
Тәжірибелік 
жұмыстарды 
жүзеге 
асыру 
Шығармашылық 
тапсырмаларды 
орындау 
Тәжірибелік жұмыстарды орындау 
18- кесте. Жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша оқытатын 
педагогтердің оқыту үдерісіндегі бағалау іс – әрекетінің ерекшеліктері 
Кестеден көріп турғанымыздай гуманитарлық және жаратылыстану 
бағытындағы пәндерде білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалауда пәннің 
ерекшеліктеріне байланысты берілетін тапсырмалардың мазмұны және 
құрылымында ерекшеліктер байқалады. 
Мысалы: гуманитарлық бағыттағы пәндерде білім алушылардың тілдік 
дағдыларды игеруіне, мәтіндегі ақпарат пен жұмыс жасау дағдыларына, 
ақпаратты құрастыру, өңдеу, интерпретация жасау, шығармашылық 
тапсырмаларды орындау дағдыларын бағалауға ерекше назар аударылса, 
жаратылыстану бағытындағы пәндерде графикалық мәтіндер, есептер, 
формулалар мен жұмыс жасау дағдылары, есептерді шешудің түрлі амалдарын, 
жолдарын анықтау, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу дағдыларының қалыптасу 
деңгейін бағалауға назар аударылады. 
Қашықтықтан оқыту жағдайында гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту 
процессінде педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
жүзеге асыруда кездескен кедергілер мен кемшіліктер: 
- Педагогтердің білім алушылардың белсенділігін бағалауға тырысуы 


134 
(мысалы білім алушының zoom платформасына уақытында қосылып, 
белсенділік танытуы) педагог бұл жағдайда білім алушының нақты білім 
деңгейін білмейді, оның белсенділігінғана бағалайды, яғни бағалау формальды 
боладыда, объективтілік жойылады; 
- Педагогтердің білім алушылардың неше сабаққа қатысқандығын ескере 
отырып бағалауы; (бұл жағдайда күнде онлайн сабаққа кіріп отырған білім 
алушы пәнді терең меңгере алмауыда мүмкін); 
- Педагогтердің білім алушылардың білім , білік, дағдыларын тек тест 
тапсырмалары арқылы бағалауға тырысуы (білім алушы тестке басқалардың 
көмегімен немесе интернеттің көмегімен жауап беруі мүмкін, әсіресе уақыт 
шектеуі болмаған жағдайда) бұл жағдайда білім алушының пәндік білімі емес, 
ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары маңызды болып қалады және 
бұл бағалаудың объективті болуына кері әсерін тигізеді; 
- Педагогтердің білім алушыларды реферат, өзіндік жұмыстарды орындау 
деңгейіне, белсенділігіне қарап бағалауы; (қашықтықтан оқыту жағдайында 
білім алушылардың реферат, өзіндік жұмыстарды өздері орындағандығына 
кепілдік жоқ ) бұл жағдайда білім алушының пәндік білімі емес, тематикалық 
ақпарат пен жұмыс жасауға болған икемділігі бағаланады, ал бұл бағаның 
объективтілігіне әсерін тигізеді; 
- Педагогтердің бағалауға арналған тапсырмаларды интернет желісінен еш 
бір түзетулерсіз алып қолдануы (бұл білім алушының бағасының 
объективтілігіне әсер етеді); 
- Бағалауға арналған ресурстардың тек төменгі деңгей негізінде
құрастырылуы; (бұл білім деңгейі жоғары білім алушылардың мотивациясының 
жойылуына әсер етеді) 
Біздің ойымызша, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің бағалау 
іс – әрекетін дамыту үдерісін ұйымдастыру үшін педагогтердің өздері қолданып 
жүрген, оларға қолжетімді желілер мен сервистерді, бағдарламаларды қолдану 
орынды. Себебі, педагогтердің өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жаңаны 
үйрету олардың психологиялық тұрғыдан жаңаны үйренуге болған ұмтылысын 
арттыруға көмектеседі. 
Қашықтықтан оқыту барысында қолданылатын оқыту формалары 
қатарына вебинарлар, видео - сабақтар, кейстерді жатқызуға болады. 
Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің бағалау іс – әрекетін 
дамыту үдерісінде педагогтерге әдістемелік көмек ретінде қашықтықтан 
оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді саналатын 
тапсырмаларды әзірлеп, оларды бағалау критерийлерін ұсыну олардың бағалау 
іс – әрекетін дамытуға ықпалын тигізеді. 
Біздің ойымызша, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің бағалау 
іс – әрекетін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тапсырмаларды 
құрастыруда төмендегі критерийлерге сүйену орынды: 
- Тапсырманың тақырып мазмұнына сәйкестігі; 
- Тапсырманың сыни ойлауға, ойлаудың белгілі бір деңгейіне негізделуі; 
- Тапсырманың білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі; 


135 
- Тапсырманың логикалық ойлауға негізделуі; 
- Тапсырманың білім алушы үшін түсінікті жасақталуы; 
Бұл критерийлер негізінде құрастырылған тапсырмалар білім
алушылардың пәнге деген қызығушылығынғана оятып қоймай, олардың 
үйренуге деген мотивациясын оятады. 
Енді нақты гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бағалауға арналған
тапсырмаларды құрастыруда неге ерекше мән беру керек?
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің критерийлерін құрастырған кезде 
репродуктивті деңгейдегі тапсырмалардың (терминологияны білу,нақты 
фактілерді,жұмыс құралдары және амалдарын) оқыту процесінің ажырамас 
бөлігі екендігін ескеру қажет.Сондықтан, критерийлер жүйесін құрастыру 
кезінде іс – әрекеттердің продуктивті және репродуктивті ерекшеліктерін ескеру 
қажет.
Ендеше, оқыту үдерісінде сол продуктивті және репродуктивті іс – 
әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қалай 
құрастыруға болады? 
Бұл орайда, педагогқа критериалды бағалаудың теориялық негіздерінің бірі 
ретінде анықталған Б.Блумның оқу мақсаттарының таксономиясын қолданған 
орынды. 
Біз гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша тапсырмалар құрастыруда 
олардың күрделілігіне ерекше мән беру қажет деп санаймыз және бағалауға 
арналған тапсырмаларды төмендегідей топтастырамыз: 
№ 
Тапсырманың түрі 
Тапсырманың 
деңгейі 
Қалыптасатын
дағдылар 
Бағаланады 

Білу, 
түсінуге 
арналған 
тапсырмалар 
(пән 
бойынша 
терминдер) 
Төменгі 
деңгейдегі 
тапсырмалар 
Мәселені шешуде 
пәннің 
академиялық тілін 
қолдану, 
интерпретация 
жасау. 
Тақырыпқа байланысты 
терминдерді білу, түсіну 
деңгейі. 

Тақырып бойынша 
алынған ақпаратты 
қолдануға 
бағытталған 
тапсырмалар 
(кестелер, картамен 
жұмыс, сызбалар) 
Орта деңгейдегі 
тапсырмалар 
Мәселені 
шешу, 
логикалық 
ойлау 
дағдылары. 
Тақырып 
бойынша 
берілген 
тапсырманы 
орындау 

Шығармашылық 
тапсырмалар (эссе 
жазу, 
баяндама, 
мақала, жоба жасау 
т.б) 
Жоғары 
деңгейдегі 
тапсырмалар 
Сыни 
ойлау, 
бағалау, 
талдау, 
зерттеу дағдылары 
Жаңа идеяны ұсына алу, 
жағдаятарға өзіндік баға 
беру 
қабілеті,коммуникативтік 
дағдылары 

Жағдаяттық 
тапсырмалар 
(кейстер, 
ойын 
құрастыру) 
Логикалық ойлау, 
креативті 
ойлау, 
коммуникативтік 
дағдылары 


136 
19- кестенің жалғасы 






Тесттік тапсырмалар 
Тесттік 
тапсырмалардың 
құрастырылу 
ерекшелігі және 
мазмұнына 
байланысты төменгі 
немесе жоғары 
деңгейдегі 
тапсырмалар деп 
бөлу қажет 
Логикалық 
ойлау, 
сыни ойлау, мәселені 
шешу, дағдылары. 
Дұрыс 
анықталған 
жауап, жоғары 
деңгейдегі 
тесттерде 
мазмұнға 
байланысты 
сәйкестендіру 
дағдылары, 
мәселені шешу. 
19- кесте. Гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бағалауға арналған 
тапсырмалар ерекшеліктері 
Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін
тиімді бағалау үшін тапсырмаларға критерийлер және дескрипторларды олардың 
күрделілігін ескере отырып құрастыру қажет. Қашықтықтан оқыту жағдайында 
білім алушыларға оқулықтың бетін, ол жерден нені оқу керектігін көрсетіп 
тапсырма беру оқыту қызметіне жатпайды.Білім алушының өз алдына жұмыс 
жасауы үшін оны ойлауға мәжбүрлейтін тапсырмаларды құрастыру керек. 
Біз қашықтықтан оқыту жағдайында гуманитарлық пәндерді оқыту
барысында педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің 
тиімділігін арттыруда тапсырмаларды балл қою арқылы бағалау орынды деп 
санаймыз. 
Шығармашылық тапсырмаларды бағалау талаптарын ескере отырып, біз
гуманитарлық бағыттағы пәндерде көп қолданылатын тапсырманың түрі эссені 
бағалау критерийлерін құрастыру барысында пәннің мазмұндық ерекшелеріне 
назар аудару қажет деп санаймыз. 
Шығармашылық тапсырмалар: тарихи эссені бағалау критерийлері. 
№ 
Бағалау критерийлері 
Баллдар 
Баллды 
бағаға 
айналдыру 
шкаласы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет