АТ – есептік кезең соңында Кредитті пайдаланғаны үшін туындайтын және ай сайын жеңілдікті кезеңде өтеуге жататын ай сайынғы төлем (Клиенттің Өтінішінде көрсетілген өтеу сұлбасы бойынша есептелген кредитті өтеу сомасын, банк комиссиясының сомасын, оверлимит сомасын (болған жағдайда), мерзімі кешіктірілген берешек сомасын (болған жағдайда), өзге берешек сомасын (болған жағдайда) қамтиды.
Берешек – Клиенттің/Карточка ұстаушысының Карточка бойынша Банкпен көрсетілген қызметтерді төлеу, алынған Кредитті қайтару, есептелген сыйақыны, айыппұлды, өсімпұлды, тұрақсыздық айыбын қайтару бойынша орындалмаған міндеттемесі.
Өтініш –Клиенттің/Карточка ұстаушысының осы Шарт бойынша белгілі банктік қызметтер көрсетуді сұрайтын, жазбаша нысандағы еркі.
Импринтер – слиптегі Карточканың беттік жағының ізін алуға мүмкіндік беретін механикалық құрылғы. Дауыстық авторлау режимінде Карточка бойынша Карточкалық операцияларды жүргізу кезінде слипті ресімдеу үшін Банк-Эквайерлермен/Сауда және сервис кәсіпорындарымен қолданылады.
Интернет-банкинг – Банк клиенттеріне – Интернет желісіне жалғанған өзінің компьютерінен дербес ЕКБ жүйесінің пайдаланушыларымен электрондық банктік қызметтерді ұсыну.
Карточка, Төлем Карточкасы – осындай Карточка ұстаушысына Карточкалық операцияларды жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаны алуға, валюталарды айырбастауға және Банкпен анықталған және оның шарттарымен басқа операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын өзге құралдар немесе электрондық терминалдар арқылы Клиенттің Шотына орналастырылғарн ақшаға қол жеткізу құралы. Төлем карточкасы дебеттік карточкаға және кредиттік карточкаға бөлінеді.
Карточкалы операция – тауарларды және қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу, қолма-қол ақшаны алу, шетел валютасымен айырбастау операциялары және Шартпен және банктің ішкі құжаттарымен белгіленген шарттармен басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін Карточканы немесе оның деректемелерін (Карточканың нөмірін, әрекет ету мерзімін, құпия кодын (CVV 2)) қолданумен жүзеге асырылған операция.
Капиталдау – дебеттік карточкалар бойынша Шоттағы ақша қалдығына есептелген сыйақыны /Биллинг күнінде Банктің есептелген сыйақыныс Кредиттік карточкалар бойынша Кредит сомасына қосу.
Код сөзі – «Интернет-банкинг» жүйесі және басқалар арқылы Карточка ұстаушысын сәйкестендіру, авторлау, карточканы телефон арқылы шектеу және шот бойынша үзінді алу үшін қажетті қосымша мәліметтер.
Кредит – Клиентпен Кредиттік лимит аясында нақты пайдаланылған ақша сомасы.
Кредиттік карточка – Клиентке (Заемшыға) оған ұсынылған Кредиттік лимит аясында төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы.
Кредиттік Лимит – қайтару, төлемділік, мерзімділік шарттарымен жаңғыртылатын/револьверлік кредиттік желі түрінде Клиентке (Заемшыға) ұсынылатын ақша қаражаттары.
Қол жетімді кредиттік лимит - Клиент (Заемшы) Кредит сомасын шегерумен пайдалана алатын белгіленген Кредиттік лимит аясындағы ақша қаражаттары.
Шығындар лимиті – Клиенттің меншікті ақшаларының қалдығын және Шотта және/немесе Қол жетімді Кредиттік лимитті қамтитын ақша сомасы.
Халықаралық төлем жүйесі/ХТЖ – бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы, осы төлем карточкалар жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес ХТЖ қатысушылары арасындаңы төлем карточкаларын қолданумен төлемдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құжаттар және ұйымдастыру-техникалық шаралар.
Алаяқтық транзакциялар/операциялар – төлем карточкасын, оның деректемелерін, жасанды төлем карточкасын немесе төлем карточкасын ұстаушымен заңсыз орындалған өзге заңсыз тәсілді қолданумен қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар және/немесе заңсыз қолма-қол ақшасыз төлемдер.
Овердрафт – Клиенттің шотындағы меншік ақша сомасынан артық жұмсалған ақша сомасы.
Оверлимит –карточкалық операцияны орындауға ақша жетіспеген жағдайда Банкпен Заемшыға ұсынылатын кредиттік лимит сомасынан артық заем. Оверлимит бойынша сыйақы сомасы Кредиттік лимит бойынша сыйақы ставкасына сәйкес келеді.
Есептік кезең – Алдыңғы биллинг күнінен бастап Ағымдағы биллинг күніне дейінгі уақыт кезеңі. Есептік кезең 31 (отыз бір) күннен артық болмауы тиіс.
Авторлау параметрлері – Клиенттің/Карточка ұстаушысының «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру кезінде оны сәйкестендіруді жүргізетін символдар жинағы (Пайдаланушының аты, пароль, жады сөзі).
Өтеу кезеңі/Жеңілдікті кезең –жасалған Банктік заем шартына сәйкес Есептік кезеңнен кейін басталатын немесе Заемшыға айыппұлдарды қолданбай берешекті өтеу мүмкіндігі ұсынылатын Клиенттің өтінішінде көрсетілетін уақыт кезеңі.
Мерзімі кешіктірілген кезең – Банк мерзімі кешіктірілген кезең ішінде сыйақы ставкасы екі еселенген мөлшерде мерзімі кешіктірілгені үшін айыппұл есептелетін өтеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап кредиттік лимит бойынша берешекті қайтару күніне дейінгі уақыт кезеңі.
Пароль - Клиентпен/Карточка ұстаушысымен таңдап алынған, «Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу үшін қолданылатын, Банкке белгісіз құпиялы символдар жинағы.
ХТЖ ережесі – ХТЖ және оның қатысушыларының функцияларының, тәуекелдерді басқарудың жалпы қағидаларын, эмиссия және эквайринг бойынша талаптарды ( сауда-сервистік желіні құру және қызмет көрсету), төлем карточкаларына қызмет көрсету тәртібін, төлем сервистерін, карточкалық транзакциялар бойынша дауларды шешу процедурасын, карточкаларға және төлем жүйесінің қатысушылары үшін ХТЖ белгіленетін және ХТЖ қатысушыларымен сақтау үшін міндетті болып табылатын сауда маркаларына және басқаларға қойылатын талаптарды сипаттайтын карточкалық операцияларды жүргізу ережелерінің және стандарттардың жинақтары.
Сауда және сервис кәсіпорны - оларға жеткізілетін тауарларды және/немесе қызметтерді төлеу бойынша қолма-қолсыз төлемді жүзеге асыру үшін төлем карточкасын қабылдайтын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Дербес сәйкестендірілген нөмір/PIN-код - Карточка ұстаушысына берілген және Карточка ұстаушысын сәйкестендіруге арналған құпиялы 4-санды код.
Карточкаға қызмет көрсету пункті - Сауда және сервис кәсіпорны, банктің, Банкоматтардың қолма-қол ақша беру пункттері.
Қолма-қол ақша беру пункті - POS-терминал немесе импринтер арқылы банктік картаны қолданумен қолма-қол ақша қаражаттарын қабылдау және/немесе беру бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын.
Жасанды төлем карточкасы – алаяқтық Карточкалық операцияларды жүзеге асыру мақсатында ішінара немесе толығымен заңсыз жасалған төлем карточкасы.
Жұмыс күні – банктер Қазақстан Республикасында банктік операцияларды жүргізу үшін ашылған күн.
Төлем карточкасының деректемелері – оның Ұстаушысына, Эмитентке және төлем карточкасының жүйесіне тиесілі төлем карточкасын белгілеуге мүмкіндік беретін төлем карточкасында мазмұндалған және/немесе онда сақталған ақпарат.
Алаяқтық тәуекелі жоғары елдер – басқа елдердегі алаяқтық салдарынан туындаған зияндардың орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда карточкалармен байланысты алаяқтық салдарынан зияндар немесе жағдайлар орын алатын елдер (осындай елдердің санына кіреді: Австралия, Австрия, Албания, Белоруссия, Бельгия, Болгария, Босния, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гонконг, Греция, Дания, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Корея, Косово, Латвия, Литва, Малайзия, Мальдивы, Мексика, Молдова, Монтенегро, Нигерия, Нидерланды, Норвегия, Біріккен Араб Эмираттары, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тайланд, Тайвань, Тунис, Түркия, Украина, Филиппины, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Эфиопия, Жапония).
Банкпен белгіленген ақшаны пайдалану лимиті – белгілі уақыт ішінде (ай, апта, тәулік) Клиентке/Карточка ұстаушысына Банкпен белгіленген ақша сомасының жоғары мөлшері.
Клиентпен белгіленген ақшаны пайдалану лимиті – белгілі уақыт ішінде (ай, апта, тәулік) Қосымша карточка Ұстаушысына қол жетімді Қосымша картчка/лар бойынша Клиентпен белгіленген ақша сомасының жоғары мөлшері.
Слип – Карточкалық операцияларды жүргізу кезінде қағаз жүзінде Импринтер көмегімен жасалған Банк-Эквайердің немесе Сауда және сервис кәсіпорнының төлем құжаты. Соңғы жүргізілген операция сомасымен Карточка ұстаушысының келісімімен кассирдің және Карточка ұстаушының қолтаңбасымен куәландырылады. Карточка ұстаушысының Шотынан тауарлар/қызметтерге ақша алу үшін негіздеме болып табылады.
Стоп-лист – жоғалған, ұрланған және шектелген Карточка нөмірлерінің тізімі.
Банкке қызмет көрсету желісі – төлем карточкаларын қолданумен транзакция жүзеге асырылатын банктің иелігіндегі электрондық-механикалық құрылғылар желісі.
Басқа банктің қызмет көрсету желісі - төлем карточкаларын қолданумен Карточка операциялары жүзеге асырылатын барлық басқа банктердің иелігіндегі электрондық-механикалық құрылғылар желісі.
Чек – Карточканы қолданумен Карточка операцияларының жүргізілгендігін растайтын құжат.
Авторландыру орталықтары – Дауыстық авторлауды жүргізетін және Карточка ұстаушысының атынан немесе Банктің бастамасы бойынша Карточканы шектеуді орындайтын Төлем жүйесінің мүшесі – банкттердің бөлімшесі. Авторландыру орталықтары тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді.
Эмитент – Төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын Банк.
Эквайер / Банк-Эквайер – Карточка ұстаушысының Шотынан Сауда және сервис пайдасына ақшаны қабылдау үшін, Карточка ұстаушысының Карточкасын қолданумен тауарлар/қызметтер үшін төлем жүргізу кезінде ресімделген чек-слипке сәйкес банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым. Эквайер төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақшаны беруді жүзеге асыратын банк болып табылады.
Card Service – Карточка ұстаушыларына тәулік бойына қолдау көрсететін қызмет.
POS-терминал – автоматты режимде Карточка бойынша Карточка операцияларын авторландыру үшін қолданылатын электрондық терминал. Карточка бойынша қолма-қол ақша беру үшін Банк-Эквайерлермен немесе тауарларды/қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу үшін Сауда және сервис кәсіпорнымен қолданылады. Соңғы жүргізілген операция сомасымен Карточка ұстаушысының келісімімен кассирдің және Карточка ұстаушының қолтаңбасымен куәландырылатын чек басып шығарылады.
MasterCard International /Visa International
халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті
Төлем жүйесінің төлемдік карточкаларын шығару туралы шартқа
№3 қосымша
Карточкалы кредиттеу бағдарламалары бойынша сыйақының жылдық тиімді ставкалары
Өнімнің атауы
|
Клиент сегменті
|
Базалық ставка/Тиімді ставка*
|
«Credo ЗП» кредиттік карталар - «БТА Банкі» АҚ шығарылған дебеттік (жалақы) карточкаларын ұстаушылар үшін
|
TOP
|
19% жоғары/28,13% жоғары
|
Middle/Mass
|
20% жоғары/28,6% жоғары
|
«Credo VIP» кредиттік карточкалар
|
|
12% жоғары/23.1% жоғары
|
*Сыйақының тиімді ставкасының мөлшерін есептеу кезінде есепке қабылданады:
-
Сыйақының базалық ставкасы (жылдық % көрсетіледі);
-
Сыйақыны есептеу кезеңі ішінде қаржы қызметін алу үшін бір реттік және оның байланыстың Банктің барлық қызметтерін қоса алғанда, Клиенттің барлық төлемдер сомасы (кредитті ұйымдастыру үшін комиссия, төлемдік карточкаларға жылдық қызмет көрсету үшін және т.б.).
*Сыйақының базалық ставкасы – банктік өнім аясында қарастырылған шарттарға байланысты клиенттердің әрбір санаты үшін есептеледі.
MasterCard International/Visa International
Халықаралық төлем жүйелерінің
және Smart Alem Жергілікті төлем жүйелерінің
Төлем карточкаларын шығару туралы
шартына №4 қосымша
Әрекет етуші клиенттерге арналған
«Депозит 24-Плюс card» банктік өнімі бойынша шарттар
1) Карточканың қолданылу мерзімі
|
3 (үш) жыл
|
2) Шот валютасы
|
Теңге.
|
3) Карточка түрі
|
Негізгі - VISA Electron Instant.
Қосымша карточка немесе карточканы қайта шығару кезінде - Visa Electron/Maestro International.
|
4) Негізгі карточкаға жылдық қызмет көрсету үшін комиссия (қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы карточкалар бойынша)
|
700 теңге.
|
5) Карт-шот бойынша ақшаларды жұмсаудың шартты лимиті
|
Банк «Депозит 24-Плюс Card» өнімі бойынша тәулігіне 500 000 (бес жүз мың) теңгеден артық емес, тәулігіне 350 000 (үш жүз елу мың) теңге мөлшерінде банкоматтар және Банк бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшаны алуға шектеу белгіленеді. Осыған байланысты Карточка ұстаушысы Банкке ақшаны жұмсауға қойылған шартты лимитті өзгертуге өтініш бере алады.
|
6) Қолма-қол ақшаларды алу үшін комиссия
|
«БТА Банкі» АҚ банкоматтарында және қолма-қол ақша беру орындарында – 0,7%.
ҚР аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында және қолма-қол ақша беру орындарында - 1% (кем дегенде 350 теңге).
ҚР аумағынан тыс әрекет ететін басқа банктердің банкоматтарында және қолма-қол ақша беру орындарында – 1,75% (кем дегенде 465 теңге)
|
7) Балансты сұрау үшін комиссия
|
Банк желісінің банкоматтарында - 20 теңге.
|
8) Банк желісінің банкоматтарынан Шот бойынша шағын-үзінділер алу үшін комиссия
|
50 теңге.
|
9) Банк ішінде төлем карточкасынан төлем карточкасына аудару үшін комиссия
|
80 теңге
|
10) Карточканы жоғалтқан/бүлінген/ұрлатқан жағдайда оны қайта шығару бағасы
|
Қайта шығару алдыңғы қайта шығарылатын карточканың қалған әрекет ету мерзіміне Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес Visa Electron/Maestro International Дербестендірілген карточкаларға жүзеге асырылады.
|
11) Қосымша карточка бойынша жылдық қызмет көрсету
|
VISA Electron Instant негізгі карточкасына жеке карточкалар бойынша Банкпен бекітілген тарифтерге сәйкес қосымша карталардың жылдық қызмет көрсету бағасын төлеу арқылы қосымша дербестендірілген карточка шығарылады. Қосымша карточканы шығару мерзімі негізгі карточканың қолданылу мерзімінен көп болмау керек.
|
12) SMS-хабарлау үшін комиссия
|
SMS-банкинг үшін Банкпен бекітілген тарифтерге сәйкес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |