Бейінді пәндер комбинациясы
№
|
1 бейінді пән
|
2 бейінді пән
|
мамандықтар саны
|
1
|
математика
|
физика
|
52
|
2
|
математика
|
география
|
18
|
3
|
биология
|
химия
|
22
|
4
|
биология
|
география
|
12
|
5
|
шет тілі
|
тарих
|
10
|
6
|
география
|
шет тілі
|
4
|
7
|
тарих
|
Адам. Қоғам. Құқық
|
5
|
8
|
тарих
|
география
|
7
|
9
|
химия
|
физика
|
5
|
10
|
оқыту тілі және әдебиеті
|
тарих
|
7
|
11
|
шығармашылық емтихан
|
шығармашылық емтихан
|
33
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
175
|
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.
«Қ. Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәнінен IІ тоқсан бойынша ҰБТ-ға дайындық жүргізу туралы
ЕСЕБІ
Математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық жұмыстары аптасына 2 рет қосымша сабақ ретінде жүргізіліп отырады. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп отырады.
Атқарылған жұмыстар туралы жалпы мәлімет
ҰБТ-ға дайындық үшін математикалық сауаттылықтан қосымша сабақтар әр аптаның сәрсенбі күні, ал математика пәнінен жұма күні жүргізіліп отырады
Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі
Математика пәнінен тарау бойынша қайталау
Қосымша талдау жұмыстары сатылай кешенді түрде жүргізіледі
Тарау бойынша тест жұмыстары алынып отырады
Тест жұмсына міндетті түрде қатемен жұмыс жүргізіледі
Математикалық сауаттылық бойынша тест кітапшаларымен жұмыс жүргізіліп отырады
Оқушылар туралы жалпы мәлімет
II тоқсанда математика пәні бойынша 11 «А» сыныбынан барлығы 15, 11«Ә» сыныбынан барлығы 8 оқушы ҰБТ-ға дайындалды. 11 «А, Ә» сыныбында «Алтын белгіге» үміткерлер жоқ, үлгерімі төмен оқушылар бар. Тақырыптық тест жұмысы күнтізбелік жоспар бойынша жүргізілді.
Ережені,теорияны, формулаларды білмегендіктен, материалдарды меңгермегендіктен тест өз нәтижесін бермейді. Сол себепті оқу жылының басынан математика пәнін тарауға бөліп оқыту әдісін қолданамыз. Математика пәні бойынша негізгі ұғымдарды 5-9,10 сыныптарда өтеді. Сондықтан жұмыс тарау бойынша ережелерді қайталаудан басталады. Ережелерге сүйене отырып, математиканың әр саласына жеке-жеке сатылай кешенді талдау жұмыстары жүргізіледі. Сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізу өте тиімді. Оқушы талдау жасау арқылы тақырыптық тарауды толық меңгереді, есінде нақты сақтайды, уақытты ұтымды пайдаланады. Әр тарауды қайталап толық меңгергеннен кейін тест жұмысын алып отырамын. Тест жұмысында жіберілген қателері бойынша қатемен жұмыс жасалып, жауаптары талданады. Тіпті кей кездері тест жұмыстарын жасап болғаннан кейін өздеріне тексеруге беремін.
Математика пәнін 11«А» сыныбынан 4 оқушы (Серік Әмина, Ештұрды Арапбек, Қарсыбай Бақдәулет, Шекербек Нұрдәулет), 11 «Ә» сыныбынан 1 оқушы (Қарсыбай Ердәулет)таңдау жасап отыр. Тест кітапшаларындағы сұрақтармен және интернет жүйесіндегі сайттар арқылы тест жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, тарау бойынша өтілген тақырыптарға шолу жасап, әр тарау сайын тест жұмысы алынып отырады.
Математикалық сауаттылық немесе математика пәнінен болсын, әрбір тест жұмысының соңында қатемен жұмыс жүргізіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |