Математика, физика және информатика институты



бет1/3
Дата07.02.2024
өлшемі104.31 Kb.
#491155
  1   2   3
Аида сөж


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


Математика, физика және информатика институты

СОӨЖ 1
Тақырыбы: Өмір сүру жағдайларының оқушылардың өсуі мен дамуына тигізетін әсері. Физикалық даму - баланың денсаулық жағдайы мен әлеуметтік аманшылығының маңызды көрсеткіші

Пәні: Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері


Топ: ФОК 232
Орындаған: Қорғанбекова Аида
Қабылдаған: Атыраубаева Роза

Алматы, 2023 - 2024


Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады. Биологиялық(генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторларға. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық қоршаған орта және биотикалық әлеуметтік орта факторларын білуге болады. Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттееуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлдем болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық рөлін арттығырақ даму процесінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса сәбиге ата - анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі соның ішінде аурулары да міндетті түрде берілу керек. Солай десек те тұқымқуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды. Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін арттығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғув мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан “вундеркинд” жасап шығаруға болады. Сондвқтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Акселерация; латынша (accelerae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қәзіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді. Табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қабілетін азайтатындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлу керек. Организмнің өсіп даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаланлырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл жаңдылықтарды білу балалар мен жасшспірімдер гиегиенасы бөлімінің дәрігеріне жас жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бала мен жасөспірімдердің денсаулығын даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге санитарлық дәрігер өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады. Яғни осы заңдылықтары терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру тәрбиелеу оқыту процестеріне тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес,




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет