"Алғырлар" 9А тобы.
Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты
Біз 48 мектептің ұланымыз
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға.
Білім алып 48 ші орта мектепте
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз. Біз "Алғырлар" тобы.
" Тапқырлар" 8А
Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды. ... Біз " Тапқырлар" тобы.
“Дарындылар” 8Ә
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басп озған,
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған... Біз “Дарындылар” тобы..
“Ұтқырлар ” 8Б
«Математика, физика, информатика» құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде... Біз “ Ұтқырлар ” тобы.
І жүргізуші:
Шақырамыз келіңдер!
Есеп – қисап, жұмбақ ойды шешуге
Күш, өнерді, жиып келіп, білімді
Жиып бәрін ойды ортаға салуда.
«Ұтқыр ойдан - ұтымды жауап» екінші кезеңмізді бастайық. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.
1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )
4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )
1. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
2. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
3. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
4. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? ( ¾ бөлігі )
5 . Ең үлкен хорда? ( диаметр )
1. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская )
2. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция )
3. Компьютердің теледидары? (монитор )
4. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
5. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі? (18 рет)
1 Ұзындығы 2см және ені 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)
2. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)
3. 2 жылда неше күн бар?(720)
4. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады?(кесінді)
5. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)
Достарыңызбен бөлісу: |