Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет50/54
Дата19.05.2022
өлшемі7.15 Mb.
#457530
түріСеминар
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
umk mom 2021-22

8-тақырып. Сандар

  • 1-тапсырма. «Натурал және бөлшек сандар» тақырыбына әдістемелік талдау жасаңыз (V сынып).

  • 2-тапсырма. «Бөлудің қасиеттері» тақырыбын талдаңыздар (V сынып). Осы тақырыпты түсіндіруде мұғалімнің негізгі міндеті қандай? Аталған тақырыпты түсіндіру барысында қандай әдістемелік қиыншылықтарды байқайсыз? Осы тақырыпты қаншалықты меңгергендігін қалай тексересіз?

  • 3-тапсырма. «Теріс сандар» (VІ сынып) тақырыбын түсіндіру бойынша сабақ жоспарын құрыңыздар. Оқушылармен жұмыс істеу барысында қандай әдістемелік қиындықтар туындауы мүмкін? Осыдан шығу жолы қандай?

4-тапсырма. VІІ – ІX сынып алгебра оқулығының құрылымымен танысыңыздар. Мектепте (алгебра бойынша) қандай теориялық материалдар оқытылады? Жаңа қандай ұғымдар қарастырылған. Теориялық материалдың мазмұнын беру қағидасы қандай?

  • 5-тапсырма. «Ондық логарифм қасиеттері» (ІХ сынып) тақырыбы бойынша әр түрлі қиындық дәрежеде практикалық 6 карточка құрастырыңыздар.

  • 6-тапсырма. Функция ұғымы математикалық ұғымдардың негізгісі болып табылады. Қазіргі оқулықтардағы функция ұғымы калай анықталған?

7-тапсырма. Функцияның анықталу облысын табу жаттығуларын орындау барысында оқушыларға қиындық туғызады. Мұғалімнің толық түсіндіруі өте қажет.

  • 8-тапсырма. Функция және квадраттық функция қасиеттері бойынша оқушылардың білімін тексеру нұсқаларын қарастырыныздар.

9-тапсырма. Көрсеткіштік функция ұғымына кіріспе материалының құрылымымен танысыңыздар. Көрсеткіштік функция қасиеттерін түсіндіру (І нұсқа) және осы қасиеттерді бекіту (ІІ нұсқа) бойынша сабақ жоспарын құрып, өткізіңіздер.

  • 11-тапсырма. «Теңдеулер түбірі» ұғымын қалыптастыру әдістемесін мазмұндаңыз. Бір, екі, бірнеше түбірлері бар, шексіз түбірлері бар, түбірлері жоқ теңдеулерге мысалдар келтіріңіздер.

  • 12-тапсырма. «Теңдеу және теңсіздік» тақырыбын түсіндіру мақсатында сабақ жоспарын құрыңыздар. Осы тақырыпты мазмұндау барысында мұғалім қандай басты моментке көңіл бөлуі керек.

  • 13-тапсырма. «Квадрат теңдеулер», «квадрат теңсіздіктер» (VІІІ сынып) тақырыбы бойынша білімін тексеру мақсатында бақылау жұмысын құрастырыңыздар.

  • 14-тапсырма. Х-ХІ сынып оқулықтары бойынша иррационал теңдеулерді шешіңіздер. Оларды шешу үшін қандай тәсілдерді қолдануға болады?

  • 16-тапсырма. Математика курсында тригонометриялық теңдеулерді шешу үшін қандай әдістемені білу қажет? Мысал келтіріңіздер. Кандай шешу әдістемесін қарастыру пайдалы?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет