5-тақырып. Математикалық ұғымдар және оларды оқыту
Әдістемесі
Негізгі сұрақтар: 1) ұғымдар, мазмұны, ұғым көлемі мен олардың арасындағы байланыс; 2) ұғымның түрлері; 3) 8 сынып геометриясының мазмұны.
Әдебиеттер: [3, 7, 13, 22, 24, 26, 28, 30, 32, 35, 42, 44, 50], сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімге арналған оқу құралы (8 сынып).
1-тапсырма. Ұғым - қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиетін сипаттайды. Ұғымға мысал: сан, кесінді, шек, туынды және т.б. Ұғымға тән сипаттамаларды айтыңыздар.
2-тапсырма. Ұғымның мазмұны деп, нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығын айтады. Ұғымның көлемі деп, нәрселердің осы ұғымға тарайтын жиынтығын айтады. Мысалы, «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны-үш қабырға, үш төбе, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Мысалдар келтіріп, сол ұғымның көлемі мен мазмұнын айтыңыздар.
3-тапсырма. 8 сынып геометрия курсын оқу барысында жаңа ұғымдарды жазыңыздар. Олардың ішінен салыстырылатын, үйлесімді және үйлесімсіз, тепе-тең, айқасатын және қамту қатынысындағы ұғымдарды табыңыздар.
4-тапсырма. «Түзу сызық» анықталмаған ұғымын қалыптастыру әдістемесін тұжырымдаңыздар.
5-тапсырма. Қандай геометриялық ұғым 8 сыныпта абстрактілі-дедуктивтік әдіспен өткізіледі. Оның өткізу әдістемесі қандай? Оқушыларға оны түсіндіру жоспарын құрастырыңыздар.
6-тапсырма. Абстрактілі-дедуктивтік жолмен енгізу ұғымы неден тұратынын еске түсіріңіздер. «Квадраттық функция» (1нұсқа), «Ұқсас функциялар» (2 нұсқа) ұғымын классификациялауды осы жолды қалай қолдануға болады?
7-тапсырма. 8 сыныпқа арналған геометрия оқулығымен танысыңыздар. Оның әдістемелік негіздері қандай? 8 сыныпта планиметрия курсы бойынша қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Әр тақырыпқа қанша сағат бөлінген? Қандай теоремалар дәлелденеді? Қандай салу есептері шығарылады?
8-тапсырма. 7 сыныпта «Бұрыштың косинусы» ұғымына сабақ жоспарын құрастырыңыздар. Осы ұғымды оқу кезінде оқушылардың ынтасын қалай арттыру керек?
9-тапсырма. «Параллелограмм», «ромб», «тіктөртбұрыш» ұғымдары арқылы шаршыға анықтама беріңіздер. Осы тапсырманы орындау үшін оқушы қандай білім мен іскерлікті меңгеруі тиіс? Осыған ұқсас бірнеше тапсырмаларды құрастырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |