Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


-тақырып. Математиканы есептер арқылы оқыту



бет48/54
Дата19.05.2022
өлшемі7.15 Mb.
#457530
түріСеминар
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
umk mom 2021-22

6-тақырып. Математиканы есептер арқылы оқыту

  • Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқытуда есепті рөлі; 2) қазіргі математиканы оқытуда есептің міндеттері; 3) есеп шығаруға үйрету; 4) 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығының мазмұны.

  • Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5, 14, 15, 20, 25, 27, 28, 33, 37, 39, 40, 41, 48, 49, 50, 51], сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге арналған оқулықтар (9 сынып).

  • 1-тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.

  • 2-тапсырма. Мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?

  • 3-тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?

  • 4-тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?

  • 5-тапсырма. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.

  • 6-тапсырма. Бірнеше есепті бір тәсілмен шешуден гөрі, бір есепті бірнеше тәсілмен шешу пайдалы екені белгілі. Бір не екі мысалдар келтіріп, шешу тәсілдерін көрсетіңіздер.

  • 7-тапсырма. «Үшбұрышты шешу» (9сынып) тақырыбы бойынша танымдық сипатта есептерді қарастырыңыздар және сабақта тәрбиелік мәнін талқылаңыздар.

  • 8-тапсырма. Геометриялық есептерді шешу әдістерімен танысыңыздар. Төменгі сыныптарда геометрия курсы бойынша осы әдістердің қайсысы кең қолданылады?

  • 9-тапсырма. Төменде берілген есептерді шешудің әдістемелік жұмыс нұсқаларын көрсетіңіздер:

  • 1. Параллелограмның қабырғалары 10 см-ге және 3 см-ге тең. Үлкен қабырғаға ірегелес жатқан екі бұрыштың биссектрисалары қарама-қарсы қабырғаны үш кесіндіге бөледі. Осы кесінділерді табыңыз.

  • 2. Тік призманың табаны-тең бүйірлі үшбұрыш. Оның тең қабырғаларының арасындағы бұрыш α-ға тең. Жоғары табанының төбесінен тең бүйірлі жақтарының диагональдары жүргізілген, олардың арасындағы бұрыш β-ға тең. Пизманың бүйір бетін табыңыздар.


  • 10-тапсырма. 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығымен танысыңыздар. Мұнда қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Оқу материалының үлестірімі қандай? Қанша бақылау жұмысы қарастырылған. Емтиханға дайындақ мақсатында қайталау материалдары қалай жоспарланған?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет