1. Пәннің мазмұны мен құрамы туралы жалпы міндеттер:
1) мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау; курс мазмұнының шығуы мен дамуының ерекшеліктері мен алғы шарттарын ашып көрсету;
2) математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.
2. Пәннің мазмұны мен құрамы жөніндегі дербес міндеттер:
1) орта мектепте математиканы оқытудың қазіргі таңдағы міндеттері мен мақсаттарын анықтай, осыған сай пән мазмұнының ғылыми дәрежесін көрсету;
2) математика пәніне керекті ғылыми материалды іріктеп алу принциптерін көрсету және оларды оқыту ретін анықтау;
3) шетелдік мектептердегі математика пәнінің мазмұнын зерттеу және кәдеге жарайтындарын пайдалану;
4) оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың және олардың одан әрі жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау болып табылады.
3. Математиканы оқыту жөнінде жалпы міндеттер:
1) математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;
2) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процестерін зерттеу;
3) математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау;
4) педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту процесіне икемдеу және практикаға енгізу техникасы мен әдістемесін жасау.
4. Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер:
1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;
2) оқушылардың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;
3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;
4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
5) сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.
5. Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:
1) математиканы оқыту процесіде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәндерін ашып көрсету;
2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;
3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |