Тәулік 1-тапсырма Табиғат көріністеріне қара. Бұл тәуліктің қай уақытында болатынын сағат
циферблатынан көрсет. Тәулік мезгілдерінің қалай аталатынын айт.
2-тапсырма Сағаттың қандай «тілдері» бар? Олардың айырмашылығын айт. Қазір күндіз
болса, сағат нешені көрсетіп тұр. Ал егер түн болса ше?
3-тапсырма Әр сағат қандай уақытты көрсетіп тұр?
Шамалар
8
1-тапсырма Достарыңа сұрақтарға жауап беруге көмектес.
Бір аптада 7 күн (тәулік) бар. Апта күндерінің атауын есіңе түсір.
Жауабы: Бір жылда неше ай бар?
Жауап:бір жылда ____ ай бар.
Бір айда неше күн бар?
Жауап: бір айда ____ күн бар.
Күнтізбе бойынша анықта. Қараша айында неше күн бар?
Жауап: қараша айында____ күн бар.
Қараша айы аптаның қай күнінен басталды?
Жауап: 25 қараша аптаның қай күніне сәйкес____келген?
Жауап: Жұма қараша айының қай күндеріне сәйкес____келген?
Жауап: Біз сынып жетекшісімен туған өлкеге саяхат жасауға шықтық. Саяхат 20 шілдеде
басталып, 25 шілдеде аяқталды. Саяхат неше күнге созылды?
Жауап: саяхат ____ күнге созылды.
2-тапсырма Жылдың әр мезгілінде шағын қалада неше баланың дүниеге келгенін көрсететін
диаграмманы оқы.
9
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері 1-тапсырма Жыл мезгілдерін ата. Әр жыл мезгілінде неше ай бар? Топ мүшелерімен бір айдың
күнтізбесін дайында. Ол үшін қандай білім керек екенін ойлан.
10
2-тапсырма
Кешкі сауын сағат 17.00-де басталады. Жолға сауыншының 30 минут уақыты
кетеді. Сауыншы сауын басталғанға дейін 15 минут ерте келу үшін, үйден сағат
нешеде шығуы керек?