§2. Астана қаласының аумағында құрылыс объектілері мен
объектілерді қайта жаңартуды жобалау
77. Жобалау құжаттамасын әзірлеу осындай жұмыс түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындайды.
-
Жобалау құжаттамасында қауіпті (зиянды) табиғи және техногендік, антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен тұрғындар, аумақтар мен елді мекендер қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды орындау бойынша шаралар көрсетілу тиіс.
-
Қолданыстағы (пайдаланудағы) объектілерге енгізілетін өзгерістер жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттың орын-жайларын немесе өзге де бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар барысында да, өзгертілген объектіні кейіннен пайдалануда да басқа меншік иелерінің мүддесін қозғайтын жобалық шешімдердің бар болуы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді көрсету тиіс.
Егер орын-жайлардың (тұрғын үй бөліктерінің) жоспарлы қайта жаңартылуы (қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы) немесе орын-жайлар шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің (қос меншік иелерінің) мүдделерін қозғаса, жобаға олардың осы өзгерістерге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса берілуі тиіс.
Әзірленген жоспар сәулет-жоспарлау тапсырмасының негізгі талаптары мен ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс. Жобалау әзірлемелері сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқыған жағдайда құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жобаны сараптамаға бергенге дейін (сараптама жүргізу қажет болса) оларды сәулет және қала құрылысы органымен түпкілікті келіседі.
-
Астана қаласында объектіні жобалау кезінде ғимараттар мен орын-жайлардың сәулетінде, сондай-ақ құрылыс жүргізуді ұйымдастыруда мәдениет пен дәстүрлердің ұлттық ерекшеліктерін ескеру қажет.
-
Қалалық жасыл қорды құру, сақтау мен көбейту мақсатында объектілерді жобалау мен салу кезінде объектіні салуға берілген жер учаскесі ауданының кемінде 20% аумақты көгалдандыруға қарастыру керек.
-
Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) өз қаражаты есебінен көтерген объектілер бойынша жобаларды сараптауды аттестациядан өткен жеке тұлға (сарапшы) немесе мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жататын сараптамалық жұмыстардың құзыретіне жатпайтын сараптамалық жұмыстардың түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар аккредиттелген заңды тұлғалар (сараптама орталықтары) жүзеге асырады.
-
Мемлекеттік инвестициялардың есебінен немесе олардың қатысуымен көтерілетін объектілер, сондай-ақ қауіптілігі ықтимал және техникалық күрделі объектілер бойынша әзірленген жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуге жатады.
-
Қала құрылысы тәртібін, жобалаудың тиісті сапасын сақтау, Астана қаласының Бас жоспарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы және Астана қаласының аумағын қала құрылыстық игеру кезінде мемлекеттік нормативтерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жобалау құжаттамасын бекіткенге дейін оның Астана қаласының Бас жоспарын әзірлеушілермен (авторлармен) қала құрылысы регламенттері мен түбегейлі жоспарлау жобасының жоспарына сәйкес болу бөлігінде келісілуін қамтамасыз етеді.
-
Құрылыс жобалары және басқа да жобалау құжаттамасы сараптаманың оң қорытындысымен және Астана қаласының Бас жоспарын әзірлеушілердің (авторлардың) келісімен бірге келісу үшін сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады. Сәулет және қала құрылысы органы ұсынылған құжаттарды келіп түскен мезеттен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіседі.
-
Жобаны сәулет және қала құрылысы органы келіскен (оң қорытынды) жағдайда жобаны құрылыс салушы (тапсырыс беруші) бекітеді және құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылыс) жүргізуге рұқсат алу үшін МСҚБО жібереді.
-
Жоба құрылыс нормаларынан, сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптары мен ұсынымдарынан ауытқуы жағдайында жоба ескертулермен пысықтауға қайтарылады. Жобаны қайта қарау осы Қағидада және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді, ірі сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде қоса салынған, жапсарланған және/немесе жер асты гараждары мен автопаркингтерді қарастыру қажет.
-
Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игеріліп және қайта жаңартылып жатқан аумақтарды және басқа да елді-мекендерді абаттандыру кезінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен орын-жайларға мүгедектердің қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс. Тұрғын үй құрылыстары шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерінің және еңбек ұсыну объектілерінің жанында орналасқан жеңіл автокөліктерді уақытша сақтау үшін ашық тұрақтарды жобалау кезінде мүгедектердің жеке автокөлік құралдары үшін орын қарастырылуы тиіс.
§3. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) және шағын қабатты құрылыстарын жобалау ерекшеліктері
90. Жеке тұрғын (үй-жайлық) құрылыстарға үй-жайлық (коттедждік) және қоршалған құрылыс жатады, онда әрбір тұрғын үйдің (пәтер) өз үй-жайлық жер учаскесі болады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру нормалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленеді.
91. Жеке тұрғын үйді жобалау мен салу сәулет-жоспарлау тапсырмасына, құрылыс нормаларына және осы Қағидаға сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
-
Жеке шағын қабатты құрылыс ауданында:
1) әлеуметтік-тұрмыстық маңызы бар объектілерді орналастыру үшін аумақ қалдырылу;
2) көше-жол желісі мен инженерлік инфрақұрылымды қарқынды салу жүзеге асырылу тиіс.
-
Инженерлік жабдық орталық қалалық жүйелерге қосылуды да, жергілікті және орамдық дербес құрылыстарды жайғастыруды да көздеу тиіс.
§4. Астана қаласының аумағында инженерлік желілер мен
құрылыстарды жобалау ерекшеліктері
-
Объектілердің қызмет етуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен орын-жайлардың желілерін жобалау ұзындығына қарамастан қаланың инженерлік қызметтерінің техникалық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде сәулет және қала құрылысы органы берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, электрмен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, суық және ыстық сумен жабдықтаудың инженерлік коммуникацияларын әрбір пәтерге енгізу қаланың инженерлік қызметтерінің бекіту арматурасы мен есептеу құралдарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үйдің жалпы пайдалану орындарында қарастыру қажет.
-
Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалауды тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымдары немесе жеке тұлғалар сәулет және қала құрылысы органы берген трасса сызбаларының негізінде жүзеге асырылады.
-
Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық саты мен түрлерінде координаттардың қалалық жүйесіндегі 1:500 масштабта, биіктіктің Балттық жүйесіндегі толыққанды және түзетілген топографиялық түсірілімде (6 айдан артық емес мерзімге жарамды) орындалу тиіс. Инженерлік желілер мен құрылыстардың әзірленген жобалары міндетті түрде сараптамадан өтеді. Сараптамадан кейін жоба сәулет және қала құрылысы органына келісуге жіберіледі. Сәулет және қала құрылысы органының инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары келіп түскен мезеттен жеті жұмыс күні ішінде келісіледі және бір жыл ішінде күшінде болады. Инженерлік құрылыстардың жобалары (сорғы, қосалқы станциялар және басқа да объектілер) міндетті түрде мемлекеттік сараптамадан өтеді. Іздестіру материалдары (техникалық есебі бар топографиялық түсірілім) Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының арнайы бөліміне тапсырылады.
-
Инженерлік желілер мен құрылыстарды салу жұмыстарын жүргізуге рұқсатты МСҚБО осы Қағидаға сәйкес сәулет және қала құрылысы органы келіскен және бекіткен жоба негізінде береді.
-
Жобалау құжаттамасын әзірлеу, магистралдық коммуникацияларды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын салу, пайдалану мен кейіннен қайта өңдеу кезінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде іргелес аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумақтар мен тұрғындарға қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін жоятын шешімдер қабылдану тиіс.
-
Жобаланған инженерлік желілер мен құрылыстар Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізілуге жатады.
10-тарау. Тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта жаңарту
(қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
-
Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты қосып беруді) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертуді талап ететін ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде құрылыс салушы (тапсырыс беруші) белгіленген тәртіппен қосымша жер учаскесін беру немесе оған меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін Әкімдікке жүгінеді және Әкімдік оң шешім қабылдаған жағдайда тиісті сәйкестендіру құжаттарын алады.
-
Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты қосып беруді) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертуді талап етпейтін ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс беруші) сәулет және қала құрылысы органынан жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын алады.
Жер учаскесін бөлген (аумақты қосып берген) жағдайда орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс беруші) заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға қабылдағанға дейін сәулет және қала құрылысы органына объектінің атқарушылық топографиялық түсірілімін орындауға тапсырыс береді және оны қағаз және электронды жеткізушіде ұсынады, аталған түсірілім Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізілуге жатады.
-
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен қолданыстағы нормативтер бойынша әзірленген жобалау құжаттамасы жоба бойынша сараптаманың қорытындысымен сәулет және қала құрылысы органының келісуіне жатады.
-
Тұрғын ғимаратындағы тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөліктерін өзгертуге мүдделі және Әкімнің тиісті шешімі бар тұлғалар тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін МСҚБО-ға өтінішпен жүгінеді.
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат алу үшін өтінішке өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі;
2) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған болжанып отырған өзгерістер жобасы (нобайы).
-
Объектінің конструкциялары мен функционалдық (нысаналы) мақсатын өзгертусіз жер учаскесінің (аумақтың, тас жолының) қолданыстағы шекарасында жүзеге асырылатын пайдаланудағы тұрғын үй ғимараттарындағы орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алмаусыз Әкімдіктің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
-
Қолданыстағы орын-жайларды (ғимарат бөліктерін) өзгерту жөнінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тарту:
1) өтініш берушінің өзгертілетін объектіге тиісті меншік құқығы не өтініште көрсетілген ғимараттың орын-жайын немесе бөлігін өзгертуге меншік иесінің (қос меншік иесінің), сондай-ақ, аталған өзгерістер мүдделерін қозғайтын өзге де орын-жайлардың меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі болмау;
2) жобаланған өзгеріс орын-жайды нормативтік құқықтық актілермен немесе нормативтік техникалық құжатармен тыйым салынған немесе шектелген қызмет түрлері үшін пайдалануды көздеу;
3) өзгерту жобасының техникалық талаптарға немесе мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес болмау жағдайларында өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Дәлелді бас тарту өтініш иесіне жазбаша түрде өтініш иесінің құжаттары сай келмейтін нақты нормативтік құқықтық актілер және (немесе) нормативтік техникалық құжаттар көрсетіліп беріледі.
Өтініш беруші рұқсат беруден дәлелді бас тартуға негіз болған кемшіліктерді жойған кезінде қайта берілген өтініш жалпы негізде қаралады.
-
Сәулет және қала құрылысы органы келіскен жобалау құжаттамасының және қайта жаңартудың (қайта жабдықтаудың, қайта жоспарлаудың) негізгі өлшемдерін бекіту негізінде МСҚБО өтінішті берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді.
-
Ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жабдықтау, қайта жобалау) аяқталғаннан соң объект мемлекеттік қабылдау комиссиясымен немесе қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдауға жатады.
Объекті пайдалануға қабылданғаннан кейін орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (өтініш иесі) сәулет және қала құрылысы органына объектінің мекен-жайына өзгеріс енгізу үшін сәйкестендіру және құқық куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
-
Төмендегілерге:
1) жалпы пайдаланымдағы және «қызыл сызық» шегінен шығатын және инженерлік желілерді иеліктен шығару аймағындағы кондоминиумдардың жалпы үлестік меншік жерлерінде кәсіпкерлік объектілеріне витриналары бар кіру топтарын;
2) жасыл екпелерге арналған учаскелерде орын-жайларды;
3) ауланың, орамішілік аумақты қысқарту есебінен құрылыстарды қосып салуға рұқсат берілмейді.
-
Автопаркингтерді автокөлік құралдарын орналастыру мақсатында пайдаланбау үшін қайта жаңартуға (қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға) жол берілмейді.
11-тарау. Құрылыс салу
-
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру
-
МСҚБО мынадай құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлерін жүргізуге рұқсат береді:
-
жер жұмыстары және топырақтағы арнайы жұмыстар;
-
ғимараттар мен құрылыстардың (соның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитен, жол өтпелері, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) негізгі және (немесе) қоршау конструкцияларын салу;
-
желілік құрылыстарды салу жөніндегі арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары;
-
сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстарды, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді жайғастыру;
-
конструкциялар мен жабдықты қорғау және әрлеу жөніндегі жұмыстар;
-
автомобиль және темір жолдарын салу;
-
технологиялық жабдықты монтаждау (қайта құру), іске қосу жұмыстары;
-
қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзумен, уақытша инженерлік желілерді, жолдарды, қоймалық алаңшаларды жайғастырумен, сондай-ақ жерді құнарландыру мен құнарлы жер қабаттарын алумен байланысты дайындық жұмыстары.
-
МСҚБО-ның рұқсаты құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастауға) жүргізуге, тұрғын ғимараттардағы жекелеген орын-жайларды немесе жекелеген бөліктерді қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ресімделеді.
-
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін құрылыс салушылар (тапсырыс берушілер) МСҚБО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Әкімдіктің құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру туралы шешімінің көшірмесі;
3) жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы оң қорытындысының (бір сатылы жобалау кезіндегі жұмыс жобасы бойынша, не болмаса екі сатылы жобалау кезіндегі жоба бойынша) көшірмесі;
4) бас мердігердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру құқығына құрылыс-монтаждау жұмыстары түрлерінің тізімі бар мемлекеттік лицензия көшірмесі;
5) мемлекеттік экологиялық сараптама оң қорытындысының көшірмесі.
-
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат:
1) объектінің қондырғысының және қызмет ету тағайындалуын өзгертпей, жер учаскесінің қолданыстағы шекарасында (аумағы, тас жол) жүзеге асырылатын объектілерді қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу;
2) жол жабындарын және көшелердің, алаңдардың, өту жолдарының, төселген тастарды күрделі жөндеу, кіші сәулеттік нысандарды, ашық сәнді бассейіндерді, су бұрқақтарын, қалалық рәсімдеу құрылғыларын, ландшафтты сәулеттік және көгалдандыру элементтерін орнату мен жайғастыру;
3) уақытша мақсаттағы қосалқы және көмекші құрылымдар салу жағдайларында талап етілмейді.
-
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастау) жүргізуге рұқсат алу үшін берілген өтінішті қарау мерзімі өтінішті берген сәттен бастап жеті жұмыс күнін құрайды, мерзімі өткеннен кейін МСҚБО құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастау) жүргізуге рұқсат, не болмаса рұқсат беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
-
Астана қаласының Бас жоспарына немесе аудандық жоспарлау (Астана қаласын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді сызбасына) сәйкес орындалған, белгіленген тәртіппен бекітілген түбегейлі жоспарлау жобалары немесе құрылыс жүргізу жобалары болмаған жағдайда құрылыс салуға рұқсат берілмейді.
-
Құрылыс салуға берілген рұқсат жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімінің ішінде әрекет етеді. Егер объект нормативтік ұзақтығының барлық мерзімінің ішінде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшін тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алуға міндетті. Құрылысты жалғастыру үшін жаңа рұқсат беру осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
-
Құрылыс салуға берілген рұқсаттың әрекеті тапсырыс берушінің немесе мердігердің (жұмыс мердігерлік тәсілде болған жағдайда) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу лицензиясының әрекет ету мерзімімен шектеледі.
-
Рұқсат берілген құрылыс-монтаждау жұмыстары құрылыс салушының (тапсырыс беруші) немесе мердігердің (жұмыс мердігерлік тәсілде болған жағдайда) лицензиясына сай келуі тиіс.
-
Құрылыстың бастапқы тапсырыс берушісін (құрылыс салушы) немесе құрылысты жүргізуші мердігерлік (бас мердігер) ұйымды ауыстырған жағдайда бұрын берілген рұқсат тапсырыс берушінің (құрылыс салушы) өтініші бойынша қайта тіркелуге жатады. Мұндай өтініш өзгеріс өткізілген күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей рұқсат берген органға беріледі. Бұлай болмаған жағдайда берілген рұқсат қайта тіркеуге өтініш берген аталған мерзім өткеннен кейін күшін жояды.
-
Жобалау құжаттамасын өзгерісі болжанған құрылыс объектісінің мақсатты тағайындалуы өзгерген жағдайда құрылыс салуға берген рұқсаттың күші жойылады.
-
МСҚБО белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген сәулет-жоспарлау құжаттамасы болмаған жағдайда құрылыс салуға рұқсат беруден бас тартады.
-
Құрылыс салуға рұқсаттың әрекеті жұмысты жүргізу қағидаларын бұзу, бекітілген жобадан ауытқу және басқа да заңнама талаптарын бұзу анықталған жағдайда, оның ішінде:
1) жер учаскесін мақсатсыз пайдалану;
2) жобалау құжаттамасының рұқсат берілген жер учаскесінің пайдаланылуына сәйкессіздігі;
3) жобалау құжаттамаларының құрылыс нормалары мен ережелеріне, сондай-ақ табиғат қорғау, санитарлық және өртке қарсы нормаларға, жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заңнама талаптарына сәйкессіздігі;
4) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкессіздігі болған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Сонымен қатар, құрылыс салушыға (тапсырыс беруші) жазбаша түрде хабарлама және тиісті ұйғарым беріледі.
-
Орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрылыс салуға рұқсатқа, қала құрылысы регламенттеріне, мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін бақылауды МСҚБО жүзеге асырады.
-
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) құрылыс аумағын дайындауы: құрылыс салудың Бас жоспарына сәйкес құрылыс алаңдары аумағын қоршау; объектінің негізгі көрсеткіштерін көрсете отырып, паспортын орнату; құрылыстарды бұзу (кейіннен қайта өңдеу) – техникалық шешімді ұсынумен; уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орнату және оларды уақытша ішкіаудандық желілерге қосу; уақытша ішкіаудандық және ауданнан тыс инженерлік желілерді төсеу; уақытша кіреберіс жолдарын, өтпе жолдары мен алаңдарды салу; автомобиль және арнайы көліктің дөңгелектері мен шанақтарын жуу орындарын жабдықтау.
Бірінші кезең құрылыс аудандарының дайындығы жөніндегі актілермен ресімделіп, оған Астана қаласы аудандарының әкімдері құратын қабылдау комиссиясының мүшелері қол қояды;
2) құрылыс салушы (тапсырыс беруші) құрылыс аудандарының дайындығы жөніндегі актіні ұсынғаннан кейін МСҚБО заңнамаға сәйкес құрылыс салуға рұқсат береді.
125. Қасбет элементтері мен түсін өзгерту сәулет және қала құрылысы органымен міндетті келісуге жатады.
126. Қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы орын-жайларды қайта жаңарту, қайта жобалау, қайта жабдықтауға рұқсат беру рәсімдерін өту Қағидада көзделген ерекшеліктермен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |