§ 2. Құрылыс алаңдарын ұстау мен жүкті тасымалдауға
қойылатын талаптар
127. Құрылыс алаңы құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілгеннен бастап құрылыс салушының жүргізуінде болады.
Құрылыс алаңының шекарасы барлық мүдделі органдармен келісілген және құрылыс салушымен (тапсырыс берушімен) бекітілген қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес әзірленген құрылыстық бас жоспармен белгіленеді.
-
Құрылыс алаңы, онда орналасқан ғимараттар, уақытша құрылыстар мен орын-жайлар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге, сондай-ақ Астана қаласының аумағында абаттандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келуі тиіс.
-
Объектілерді салу кезінде қауіпсіздікті, өмір тіршілігін қамтамасыз ету, қаланы абаттандыруда кері әсерді болдырмау, ластауға жол бермеу, ыңғайлы техникалық процессті және құрылыс алаңдарының өлшемдері бойынша құрылысты эстетикалық қабылдауды құру мақсатында екі метрден кем емес мырышпен қапталған боялмаған пішіндерден қоршаулар орнатылады.
Сонымен бірге атмосфералық ауада салынды заттармен (шаңдармен) ластануын болдырмау мақсатында салынып жатқан объектіні шаңнан қорғайтын экранмен жабу түрінде табиғи қорғау іс-шаралары орындалуда.
130. Құрылыс материалдары мен құрылыс қалдықтарын тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралының жүк бөлігі өту бөлігінің ластану апаттық жағдайдың туындауына жол бермейтін тиісті арнайы материалмен жабылуы тиіс.
131. Жүк тасымалы, көлік қозғалысы құрылыс жүргізуді жүзеге асыру кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
§3. Құрылыс объектісінің паспорты
132. Тапсырыс берушілер, мердігерлер туралы (объект құрылысы мердігерлік тәсілмен болған жағдайда), жобалардың авторлары, құрылыс үрдісін авторлық қадағалау және технологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғалар, жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы мәлімет, авторлық қадағалау, технологиялық қамтамасыз ету нәтижелері туралы ақпарат Сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына, өндірістік, коммуналдық, тұрғын үй мәніндегі (үш және одан астам қабаттар) құрылыс объектілеріндегі мемлекеттік нормативтер мен стандарттарға сәйкес Құрылыс паспорттарында жазылады.
133. Құрылыс паспорттарының нысаны елорданың қала құрылысы кеңесімен бекітіледі. Құрылыс паспортының мазмұны, тіркеу тәртібі, жүргізілуі, ресімделуі мен сақталуы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау органымен белгіленеді.
§4. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау
134. Объектілер мен кешендерді, олардың құрылысы аяқталғаннан кейін пайдалануға қабылдау, қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта өңдеу мен күрделі жөндеу Сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
-
Объектілерді пайдалануға қабылдауды объекті толық дайын болған кезде мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы жүргізеді.
-
Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру үшін құрылыс салушы (тапсырыс беруші) құрылысы аяқталған объектіні қабылдау актісін ресімдеу үшін Әкімдікке жүгінеді. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын Әкімдік бекітеді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасары мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының басшысы мен Астана қаласы МСҚБО басшысы мемлекеттік қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары болып табылады.
137. Объектінің толық дайын болуына іші қапталмаған, сырланбаған, түсқағаз жапсырылмаған, егер құрылыс жобасында көзделген жағдайларда таза еден салынған, санитарлық-техникалық жабдық пен құрылғылар, тұрмыстық маңыздағы электртехникалық құралдар, газ және электр ас үй плиталары, пәтерішілік есік блоктары орнатылған тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жатады.
Бұл ретте объекті бойынша сыртқы әрлеу жұмысы, сондай-ақ жалпы қолдануға арналған орын-жайларда (ғимараттың кейбір бөліктерінде) ішкі әрлеу жұмыстары толық көлемде орындалуы тиіс.
Мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы мұндай объектілерді барлық жоғарыда көрсетілген жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
Абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, жылдың суық уақытында белгіленген жұмыс түрлерін аяқтау мүмкін болмаса, мердіген мен тапсырыс беруші қабылдау комиссиясына олардың толық аяқталуы мерзімімен жұмыс түрі мен көлемін көрсетумен кепілдік хатын ұсынады. Қабылдау комиссиясының актісінде толық көлемде оларды аяқтаудың нақты мерзімдерімен осындай аяқталмаған жұмыстардың түрлері мен көлемі көрсетіледі.
138. Егер салынған объектілерді пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асыратын жағдайда, тапсырыс беруші болып жұмыс комиссиясы тағайындалады.
-
Жұмыс комиссиясының өкілеттігі және міндетті құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
-
Объектілер мен кешендерді пайдалануға қабылдау жұмыс комиссиясының ескертулерін жойғаннан кейін жүзеге асырылады және белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен ресімделеді.
Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қолын қойған актілерді, қала құрылысы кеңесі немесе қаланың бас сәулетшісі бекіткен нобайлық жобаны, салынған объектінің қасбеттері мен абаттандыру аумағы бойынша фотоматериалдарды, көрсетілген инженерлік коммуникациялармен 1:500 масштабтағы атқарушылық топографиялық түсірілімді қаланың бас сәулетшісіне қол қоюға ұсынады.
141. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының басшысы кейіннен қабылдау актісін Астана қаласының МСҚБО-ға жіберумен салынған объект бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес болса, оған қол қояды.
142. Астана қаласының МСҚБО басшысы кейіннен қабылдау актісін комиссия төрағасына бекітуге және Әкімдік қаулысын дайындауға, сондай-ақ оны статистика органдарында тіркеуге жіберумен салынған объект сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және өзге де жобалық құжаттаманың нормаларына және құрылыс объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар мен нормаларға сәйкес болса, оған қол қояды.
143. Белгіленген тәртіппен бекітілген салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін негіз болып табылады.
144. Объектілерді пайдаланудың кепілденген мерзімдері азаматтық заңнамаға сәйкес белгіленеді.
12–тарау. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) құрылысы
§1. Жеке тұрғын үй салу
-
Жеке тұрғын үй салу бойынша құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) іс-әрекеті мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскесін беру туралы немесе оған меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінде құрылыс жүргізуге рұқсат беру туралы Әкімдікке жазбаша өтініш білдіреді;
2) жер учаскесіне құқық беретін және сәйкестендіру құжаттарын ресімдейді және оларды тіркеу органдарында тіркейді;
3) сәулет және қала құрылысы органынан жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды алады;
4) сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес нобайлық жоба мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді;
5) МСҚБО-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш білдіреді;
6) жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін (объект пайдалануға қабылданғанға дейін) құрылыс объектісі мен инженерлік желілердің атқарушылық топографиялық түсірілімін орындайды;
7) салынған объектіні пайдалануға қабылдау үшін қабылдау комиссиясына ұсынады;
8) қайта салынған жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу органдарында тіркейді.
-
Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жеке тұрғын үй құрылысын инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға енгізуге құқылы.
-
Инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды салу құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен еркін негізде жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым объектісін салу жобасын сәулет және қала құрылысы органы келісу тиіс.
-
Жеке тұрғын үй құрылысы кезінде жапсарлас аумақтарда тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ыңғайлы технологиялық процессті және құрылыс аудандарының эстетикалық жағынан қабылдау мақсатында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жер учаскесін қоршайды және Астана қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп ұстау, тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету ережесіне сәйкес өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.
-
Топографиялық пен атқарушылық түсірілім сәулет және қала құрылысы органына ұсынуға жатады.
§2. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйді қабылдау
-
Қайта салынған жеке тұрғын үйлердің барлық құрылыс – монтаждау, абаттандыру және жер учаскесін қоршау жұмыстары аяқталғаннан кейін жобаға сәйкес қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдайды.
-
Пайдалануға қабылдау актісін ресімдегенге дейін МСҚБО атқарушылық түсірілімнің нақтылығын және салынған мүлік объектісінің жобаға сәйкес болуын тексереді.
-
Жеке тұрғын үйді қабылдау қабылдау комиссиясының актілерімен ресімделеді.
-
Қабылдау комиссиясының актісі тапсырыс берушінің жеке тұрғын үйге жеке меншік құқығын тіркеу үшін негіз болады.
13-тарау. Уақытша құрылысты орналастыру
§1. Тұрғындарға тиесілі көлік құралдарын сақтау мен оларға
қызмет көрсету үшін құрылыстарды орналастыру
154. Елорда аумағында автопаркингтерді, гараждар мен автотұрақтарды жобалау мен салу бас жоспарға, қала құрылысы регламенттері мен құрылыс нормаларын және ережелерді, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтай отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Гараждарды, автотұрақтарды заңсыз салуға, сондай-ақ қолданыстағы автотұрақтарға қалқалар орналастыруға жол берілмейді.
155. Тұрғылықты жері бойынша уақытша металлдан салынған гараждарды орнатуға және қолдануға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың расталған (МӘС) анықтамасы (қорытындысы) бар тірек-қозғалысы жүйелері зақымданған мүгедектердің ғана құқығы бар.
156. Гараждарды жобалау үшін жер учаскелерін таңдау Астана қаласының Бас жоспары мен қала құрылысы регламенттеріне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
157. Стационарлық авто жанар-жағар май құю (САЖҚ) және техникалық қызмет көрсету станциясы (ТҚС) ыңғайлы көлік кіреберістері ұйымдастырылған жалпы қалалық магистральдарда арнайы бөлінген аудандарда және бекітілген нормативтерге сәйкес орналастырылуы тиіс.
158. САЖҚ және ТҚС орталық жалпы қалалық магистральдарда, халықтың жаппай жүретін объектілерінде, өзендер мен сулы жерлерде салуға жол берілмейді.
159. Бір ауданда нормативтерге сәйкес ТҚС, САЖҚ, автомобильдер жуу пункттері мен қызмет көрсетудің басқа да объектілерін қосуға болады.
§2. Сауда объектілерін орналастыру
160. Эстетикалық сәулет келбетін сақтау және көшелерді тиісті санитарлық жай-күйде күтіп ұстау мақсатында уақытша объектілерді орнату Астана қаласының аумағында уақытша сауда объектілерін орналастырудың 2010-2013 жылдарға арналған (1-қосымша) сызбасына және Астана қаласының аумағында уақытша сауда объектілерін кезең-кезеңмен шығару сызбасына (2-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
161. Қолданыстағы сауда объектілері оларды бұзу немесе басқа учаскеге көшіру жөнінде негізделген ескерту берілгенге дейін жұмыс істей алады.
-
Сауда объектілері орналасқан жер учаскелері сауда объектілерінің иелерімен уақытша жер пайдалану құқығында пайдаланылады.
-
Жалпы пайдалану жерлерінен жер учаскелері жалпы қолданыс үшін шығын келтірмейтін жеңілдетілген түрдегі (сауда шатырлары, дүңгіршектер, жарнамалық орын-жайлар және басқа да сервис объектілері) орын-жайларды орналастыру үшін азаматтарға және жеке тұлғаларға жерді уақытша пайдалануға берілуі тиіс. Бұл ретте жалпы қолданыстағы жерлердің құрамынан учаскелерді беру, сонымен бірге жолдардың бойында (көшелер, өту жолдары) Астана қаласы көшелерінің бөлінген желектерінде орналасқан ақылы автотұрақтарды қоспағанда, базарлар, ақылы автотұрақтарды орналастыруға жол берілмейді.
§3. Мұздан жасалған құрылыстар
-
Мұздан жасалған құрылыстар мұз қалашығының ең үздік құрылымына алдын ала жарияланған конкурс бойынша жобасыз салынады.
-
Мұз қалашығы әкімнің шешімімен қалалық алаңдарда қала құрылысы кеңесімен бекітілген нобайлық жоба бойынша салыну мүмікн. Қажет болған жағдайда тапсырылған тақырып бойынша мұздан жасалған қалашық жобасына ашық конкурс жариялануы мүмкін.
-
Мұз қалашығын көркемдік салуда дағдысы бар, мұздан жасалатын құрылыстарды салуға арналған конкурсты жеңіп алған заңды тұлғалар (мамандандырылған заңды тұлғалар және т.б.):
1) мұздан салынған қалашықты пайдалану және мұздан салынған құрылысты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша кепілдік міндеттемелерді ұсыну;
2) мұздан салынып жатқан құрылысты бекітілген нобайлық жобаға сәйкес келуін қамтамасыз ету;
3) ауа райының тез жылынып кетуіне байланысты, келушілер үшін мұздан салынған қалашық жабылуы тиіс және оларды қайта монтаждау мүмкін болған жағдайды қоспағанда, мұздан салынған қалашықты пайдаланған кезде оның мықтылығын және орнықтылығын қамтамасыз ету;
4) мұздан салынған құрылыстың бетін құдықсыз және металлдан жасалған құрылғыларсыз тегістеуді қамтамасыз ету тиіс.
-
Мұздан салынған құрылысты пайдалану мерзімі оның қысымдық режиміне және ауа райы жағдайына, сондай-ақ мұздан салынған құрылыстың жағдайына байланысты 2,5 -3 ай.
-
Пайдалануды аяқтау, әзірлеу және мұздан салынған құрылысты шығару уақыты әкімдіктің келісімі бойынша пайдаланушы ұйыммен белгіленеді және белгіленген тәртіппен актімен ресімделеді.
-
Конкурс бойынша мұздан салынатын қалашықты салған кезде оны пайдаланумен коммуналдық қызметтер айналысады.
-
Бекітілген нобайлық жоба бойынша мұздан қалашық салынатын кезде уақытша пайдалануға қабылдауды Астана қаласының мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Қалған жағдайларда мұздан салынған қалашықты пайдалануды пайдаланушы ұйым уақытша пайдалану үшін теңгеріміне қабылдау актісімен жүзеге асырылады.
14-тарау. Инженерлік желілерді және құрылыстарды жөндеу мен салуға, шағын сәулет нысандарын және қалалық ресімдеу мен абаттандырудың басқа да бөліктерін орнатуға байланысты қала аумағының жерлерін қазу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
-
Жол жабындыларын, тротуарларды, гүлзарлар мен басқа да объектілерді, қалалық шаруашылық элементтерін бұзумен қалалық аумақтарды ашу МСҚБО жұмыстарды жүргізуге берілген рұқсатының негізінде жүзеге асырылады.
-
Жол жабындыларын ашу, жалпы пайдаланымдағы көшелерді, аудандар мен басқа да орындарды қазу бойынша жұмыстар мүдделі қызметтермен келісімдер бар болған жағдайда жүргізіледі.
-
Жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін МСҚБО мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш беруші және/немесе мердігер туралы ақпараты бар белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) қосымшасымен сұратылған жұмыс түрлерін жүргізуге арналған лицензия көшірмесі;
3) бұзылатын абаттандыруды қайта қалпына келтіруге кепілдеме хаты;
4) жұмыс жүргізу бойынша келісілген жоба (жаңа құрылыс кезінде), учаскенің топографиялық түсірілімі (инженерлік желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде);
5) жұмыс жүргізу кестесі;
6) егер жұмыс аймағында жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаса, оларды қазып алуға, басқа жерге отырғызуға рұқсат;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бақылайтын аймақ шегінде жұмыс жүргізу кезінде оның рұқсаты;
8) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат (жаңа инженерлік желілер мен құрылыс салу кезінде).
-
Жұмыс өндірісіне рұқсат алу үшін өтініштерді қарау өтініштерді тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде болады, мерзімі өтуі бойынша МСҚБО жұмыс өндірісіне рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлел келтірілген хат береді.
-
Қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылмайтын өндірісін, жол жабындыларын ашу, көшелерді, аудандар мен жалпы қолданыстағы басқа да орындардың қазуды талап ететін инженерлік желілерде апаттар болған жағдайда рұқсатты ресімдеусіз, бірақ мүдделі қызметтер мен МСҚБО-ға тез арада (24 сағат ішінде) хабар беру кейіннен оны ресімдеуге болады.
-
Сақтанудың және инженерлік желілер мен құрылыстың бұзылуын алдын алудың қажетті шараларын қабылдау үшін жұмыс өндірісіне рұқсат алған тұлға МСҚБО-ға жұмыстың басталуына дейін қырық сегіз сағаттан кешіктірмей:
а) алдағы жүргізілетін жұмыстар орнына пайдаланушы ұйымның өкілдерін шақырады;
б) олармен бірге қолданыстағы желілер мен құрылыстың нақты орналасуын белгілейді;
в) олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
Пайдаланушы ұйымның басшылары жұмыс өндірісі орнына өздерінің өкілдерінің келуін қамтамасыз етеді және жұмыс өндірісі кезінде өздеріне тиесілі желілер мен құрылыстың сақталуын қамтамасыз етудің жеткілікті жазбаша түрде шарттар береді. Пайдаланушы ұйымның басшылары байланыс желілерін, электр кабельдерін, басқа да инженерлік желілерді өткізу орындары мен жұмыстар жүргізілетін учаскелердегі күзетілетін аймақтарды көрсетеді, онда сұлбада көрсетілген, аталған өкілдермен және рұқсат алғандармен қол қойылған сигналдар мен ленталар нақты көрсетілген.
-
Рұқсат алушы жұмыс өндірісінде құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын бастағанға дейін мыналарды орындайды:
1) қоршау қазудың жоспарланған шекаралары бойынша және белгіленген үлгідегі белгілерді орнатуға дайындайды;
2) көлік қозғалысы орындарында (мүмкін болған жағдайда) тиісті қоршаулар мен жол жүру белгілерін орнатумен көлік қозғалысы үшін өтпе жолдар дайындайды;
3) жаяу жүргіншілер қозғалысы орындарында сілтемелер көрсетілген жаяу жүргіншілерге арналған көпіршіктер дайындайды және түнгі уақытта қазылған учаскелерде жарықтандыруды қамтамасыз етеді;
4) механизм жұмыстарының аймағында жасыл екпелер бар болса, олардың сақталуын кепілдендіретін және құбырлар мен құдықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жабық қалқандармен қоршайды;
5) инженерлік желілердің сақталуын және арық желілері мен нөсер кәріздерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шара қабылдайды.
-
Өту жолдарын тиісті белгілермен жабылуын талап ететін қазу кезінде айналып өту нақты көрсетіледі. Автокөлік бағдарларын өзгерту қажет болған жағдайда тапсырыс беруші азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлаумен, оларды Астана қаласының мүдделі қызметтері және жол полициясымен келіседі.
-
Жетілдірілген жабындысы, жасыл екпелері бар көшелер мен алаңдардағы жерасты құрылысын төсеу және қайта орнату, мүмкіндігінше жабындылар мен жасыл екпелерді бұзып алмай жабық тәсілмен («тесу» көлденең бұрғылау әдісімен) жүргізіледі.
Орамішілік абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланған жерлерде орам іштерінде, абаттандырылған көшелер мен аудандарда, сондай-ақ қайта жаңарту және күрделі жөндеу кезінде төсемнің ашық тәсілі қолданылады.
Траншеяларда жұмыс жүргізу жол төсемдерін барынша сақталуын кепілдендіретін алдын ала дайындықтан кейін жүргізіледі.
Жұмыстарды орындау орнына материалдарды жеткізу жұмыс басталғанға дейін жиырма төрт сағат ішінде жүргізіледі. Материалдарды орналастыру орны қолданыстағы құрылыстың, абаттандыру элементтерінің бұзылуы мен аумақтың ластануын жою, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету есебімен белгіленеді.
-
Көшелерде, аудандар мен басқа да абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын өткізу үшін транштар мен шұңқырларды қазу мынадай шарттарды сақтай отырып, жүргізіледі:
1) жұмыстар жұмыс өндірісі жобасына сәйкес шағын учаскелерде орындалады;
2) келесі учаскедегі жұмыстар, қалпына келтіру жұмыстары мен аумақты тазалау жұмыстарын қоса алғанда алдағы жұмыстардың барлығы аяқталғаннан кейін басталады;
3) траншеялар мен жерден қазылып алынған қатты жабындылар мен топырақтар тезарада жұмыс орнынан шығарылып тасталады;
4) уақытша пайдаланымдағы және жапсарлас аумақ қанағаттанарлық жағдайда болады, сондай-ақ жұмыс өндірісі учаскесінде (құрылыс алаңдарынан) ластануды болдырмау және таратпау жөніндегі іс-шаралар көзделуде;
5) ішкіалаңдық, кіреберіс жолдары мен шығу жолдарын жайластыру, сырттан келетін көлікке шектеу қою немесе жолдарды жабу (ЖПБ, ІІД келісе отырып), дөңгелектер жуатын пункттерді жабдықтау көзделуде;
6) жасыл екпелер, жер асты құдықтарының қақпақтары, су ағатын торлар мен жинақтағыштар топырақпен немесе құрылыс материалдарымен жабылып тасталмайды;
7) траншеяларды қайта жабу құмды топырақпен, ұсақталған тас кесектерді себумен немесе басқа да цементтік қасиеттері бар аз қысылатын материалдармен жүргізіледі;
8) жабындылардың ені кемінде 7 метр, көшелердің өту бөлігінде қазылған орындардағы жабындыларды қалпына келтіру, сондай-ақ жол төсемдерінің 50 және одан астам пайызын жабындының еніне байланысты емес ашу кезінде жұмыс өту бөлігінің жалпы ені бойынша орындалады, ал жабындының ені 7 метрден асса жабындыны қалпына келтіру транш бойынша және құрылыс механизмдері жұмысының аймағында орындалады;
9) ені кемінде 3 метр тас жолдарды қазған кезде, сондай-ақ еніне байланысты емес 50 және одан астам пайызды қазған кезде жабындыны қайта қалпына келтіру тротуардың жалпы ені бойынша және құрылыс механизмдері жұмысының аймағында жүзеге асырылады;
10) егер де жерді қазған кезде жобада көрсетілмеген жер асты коммуникациялар шығып қалса, онда рұқсат алушы аталған коммуникация тиесілі кәсіпорын өкілдерін, жеке тұлғаларды, сәулеттік орган өкілін шақырады;
Аталған коммуникация тиесілі кәсіпорын басшылары, жеке тұлғалар рұқсат алушының шақыруы бойынша пайдаланушы кәсіпорын өкілдерін жұмыстарды орындауға орынға жібереді.
-
Жұмыс учаскесіндегі абаттандыруды қалпына келтіру жұмыс жүргізуге құқық беретін рұқсатта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
-
Рұқсат алушы қалпына келтірілген учаскені:
- көше-жол желісінің учаскелерін қазу кезінде – МСҚБО-ға;
- қалалық аумақты қазған кезде – Астана қаласы аудандары әкімдіктерінің жауапты мамандарына ұсынады.
-
Егер инженерлік желілерді төсеу орындарында қатты жабындылардың бұзылуы пайда болған жағдайда рұқсат алушы жұмыс өндірісіне екі жыл ішінде бұзылған орындарды жөндейді және асфальт бетондық жабындыларды қайта қалпына келтіреді.
-
Инженерлік желілерді жөндеу және инженерлік құрылыс салынуының ақталуы бойынша, бірақ соңғы топырақпен жапқанға дейін құрылыс салушы (тапсырыс беруші) немесе құрылыс мекемесі мекеменің күшімен М1:500 атқарушылық топографиялық түсірілімін егер де тиісті жұмысты жүргізу құқығына лицензиясы бар болса, орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, оның бір данасы сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады.
Люктері және құдықтары бар коммуникацияның атқарушылық түсірілімі (бұрылу бұрыштарынсыз тікелей учаскелерде), траншеялар себілгеннен және сыртқы абаттандыру элементтері толық қалпына келтірілгеннен кейін жүргізілуі тиіс.
-
Барлық инженерлік желілер мен олардың құрылысының, оның ішінде аумақты абаттандырудың атқарушылық түсірілімі бір данада сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады және Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізуге жатады. Атқарушылық сызба инженерлік желінің немесе құрылыстың паспорты болып табылады және салынып жатқан объектінің инструменталдық геодезиялық түсірілімі негізінде орындалған жоспары мен бөлігі болып танылады.
-
МСҚБО мен жол полициясының рұқсатында көрсетілген шарттар бұзылған жағдайда басталған жұмысты тоқтатуға, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, мүдделі қызметтерге белгіленген тәртіпте келтірілген шығындарды өндіру бойынша жұмыс жүргізу үшін ақпарат ұсынуға, бұзған тұлғаларға заңнамаға сәйкес шара қолдануға құқылы.
-
Құрылысы аяқталған инженерлік желілер мен құрылысты пайдалануға қабылдау, люктер, құдықтар орнату және абаттандыру элементтерін толық қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мемлекеттік немесе қабылдау комиссиясымен заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
-
Құдықтардың, жылы камералардың, көшелердегі және елорданың орамішілік аумақтарындағы люктердің жағдайына жауапкершілікті заңнамаға сәйкес пайдаланушы ұйым немесе жүргізуінде аталған инженерлік желі бар ведомство алады.
188. Сәулет және қала құрылысы органында тіркелген және мемлекеттік немесе қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданған жобадан ауытқып кеткен жер асты инженерлік желілер пайда болған кезде, мұндай желі, желіні пайдалануға қабылдаған тұлға есебінен қайта өткізуге жатады.
15-тарау. Инженерлік желілердегі апаттарды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары
189. Өндірістің тоқтап қалуына себеп болған инженерлік желілер мен құрылыстар бұзылған кезде, пайдалануында осы құрылыстары бар мекеменің басшылары мен уәкілетті өкілдері апат туралы дабыл алғаннан кейін мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) бұзылып қалған желілерді өшіріп және қайта қосу үшін жауапты тұлғалар жетекшілігімен апаттық бригадаларды жедел шақырады;
2) МСҚБО-ға, абаттандыру қызметіне, жол полициясына, өртке қарсы қызметке, сондай-ақ апат болған орында шектес жер асты шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға апат жөнінде хабарлайды. Ал қоршаған ортаға шығын келтірген жағдайда жоғарыда көрсетілген ұйымнан басқа қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орган, ал апат су құбырларында және/немесе кәріздік желілерде болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабардар етіледі.
Егер үлкен апат түнгі уақытта болса, телефонограмма апаттың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі органға, апатты жою жөніндегі ұйымның іс-әрекетін үйлестіру үшін әкімдіктің тиісті қызметіне жіберіледі.
190. Апатты жою бойынша жұмыстар өтпе жолдардың жабылуын талап еткен жағдайда, жол полициясы органы өтпе жолдарды уақытша жабу және айналып өту бағдарларын, сондай-ақ бұзылған желілердің иелерімен бұзылуды жою мерзімін белгілеу туралы мәселені шешу жөнінде шара қабылдайды.
191. Апаттық салдарды жою жөніндегі жұмыстар инженерлік желілер мен құрылыстың бұзылуына жол берген ұйымға жүктеледі. Апаттық салдарды жою жөніндегі жұмыс өндірісінің барлық жағдайларында жұмысты жүргізіп жатқан ұйым жұмысты тоқтатпай, мемлекеттік сәулеттік құрылысты бақылау органынан жұмыс өндірісіне рұқсат алуға міндетті.
192. Егер жер асты құрылыстары жарамсыз болып және жарамдылығын ауыстыруға қолдануға болатын басқа да құрылыс бар болса, жарамсыз болған құрылыс пайдаланудан шығарылып тасталады.
193. Қолданылмайтын құрылысты жою және қазылған жерлердегі жабындыларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар мемлекеттік сәулеттік құрылысты бақылау органынан рұқсат алынғаннан кейін жүргізіледі.
3-бөлім. Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жүзеге асырылуын бақылау
194. Сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық қызметтің жүзеге асырылуын бақылау Бас жоспарға және өзге де бекітілген қала құрылыстық құжаттамаларға, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
195. Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
196. Тексеріс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
4-бөлім. Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасының талаптарын бұзу үшін жауапкершілік
197. Осы Қағиданы бұзуға жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Астана қаласы, 2011 жыл, Астана қаласы
Мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 432/58-IV шешімімен бекітілген және
Астана қаласының Әділет департаментімен
2011 жылдың 15 сәуірінде № 671 тіркелді.
________________________________________________________________________________
Астана қаласының аумағында құрылыс салу
ҚАҒИДАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |