Мазм ұ н ы Кіріспе



бет7/8
Дата20.05.2022
өлшемі284.5 Kb.
#458463
1   2   3   4   5   6   7   8
dip -bauyrzhan-momyshulynyn-shygarmashylyq-laboratorijasy

Қ о р ы т ы н д ы

Әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр салттары бар. Ұлттық ерекшелікті айқындай түсетін белгінің біреуі сол ғасырлар бойы қалыптасқан әдет ғұрыптар екені белгілі. Бакең қуаныш болсын қайғы болсын дастарханға жаппай арақ қоюды ұнатпайды. Бұл ата-баба дәстүріне жат екенін, әсіресе кісі өлгенде арақ ішіп, артында төбелес шығаруды бейбастық санайды.


«Қазір жас өлсін, кәрі өлсін марқұмның жүзін топырақ жасырмай жатып саусылдатып тізіп қояды. Қойылған соң ішіледі, ішілген соң кейібіреулердің көзіне түйенің екі өркеші төртеу болып елестей бастайды, неге бұлай, ей, дейді, біреу жылайды, біреу күледі, енді біреу даурығып көпке-көрнеу өтірік мақтауға кіріседі. Сөйтіп, қаралы үйде артық ауыз сөз туып та кетеді. Барлық жерде кездеседі демеймін, бірақ өз көзіммен көрмесем айтпас едім. Бір композитордың қырқында еске түсірейік деп оның шығарған әндерін айтып, сондан кейін тірі композиторларды еске қоса түсіріп, аяғы концертке айналды. [33; 184 б].
Бөтелкені мөлтілдетіп тізіп, ән салып ата-бабам өлім жөнелтмеген.
Балаға біреудің қатты ұрысып, зекіп, ұруды Баукең дұрыс тәрбие санамайды. Әрі бұндай әрекет істеген келіні мен баласына дұрысын айтып, түзеп те отырған. Ойымыз дәлелді болу үшін мына бір эпизодты мысалға келтірейік.
«Атамның сондай тапсырмасының біреуін орындап үйге келсем, Ержан дегенің барлық ойыншықтарын атасының бөлмесіне тасып апарыпты. Ойыншықтың шашылмаған жері жоқ.
–У-у-у, пых-пых, – деп үйді басына көтеріп, төрт аяқтап паравоз болып жатыр екен.
– Бұның не? Атаның мазасын алдың ғой, шық қане! Ана жаққа барып ойна, – деп орнымнан жұлқып тұрғызып, есікке қарай итеріп жібердім де, шашылып жатқан кубик, машина «солдаттарын» жинай бастадым.
– Бармаймын ол жаққа. Атамның қасында ойнаймын, – деп қайтадан ойыншыққа жармасты.
– Барасың-, – деп қолынан мықтап ұстап есікке қарай жетелеп едім, Ержан кетпеймін деп тырыса бастады.
Осы кезде үндемей қарап жатқан атам:
– Ежик, маманы тыңдау керек, – деді немересіне. Осының өзі жеткілікті болды. Қолына сыйған ойыншығын алып, бөлмеден шыққан. Қалғанын мен жинап, еденді жым-жылас етіп, енді бітіріп келген шаруамды баяндайын деп аузымды ашқаным сол еді...
– Керегі жоқ, – деді төбемнен қойып қалғандай екпінмен.
– Отыр! –Сұқ саусағымен орындықты көрсетті. Пышақпен кескендей сөзі де, қимылы да шұғыл. «Ол тықыр мен бұл тықыр ұқсамайды» деп өзі айтатынындай, бір пәленің басыма төніп келе жатқанын біле қойдым.
– Сенің балаң екені рас! Қалай тәрбиелеймін десең де ерік өзіңде. Баланың арасына түсуден аулақпын. Бірақ менің көзімше Ержанды жұлқылама! – Соңғы сөздерін тісін шықырлатып айтып, тістенген қалпы үндемей сәл отырып:
– Маған бөгет болып жатса, мазамды кетірсе, өзім тіл таба алам. А таких безграмотных педагогов мне не нужно, понятно?! – деп айқайлап жіберді. Басымды көтеруге шама қайда!
– Айналдырған жалғыз баланы жер-әлемге сыйғызбайсыңдар. Бала ойнамаған, бала шашпаған үйлерің құрысын! Не сұмдық бұл! Жұмыс істеп жатырмын деп анау данышпанның қасынан қуады, әрі бар тамақ пісіріп жатырмын деп сен айдап шығасың. Маған келіп еді жұлмалап ала жөнелдің. Кез келген жерінен теуіп ойнайтын доп па бала сендерге? Он человек Надо уважать достоинство ребенка!
Немересі Ержанның өз әке-шешесі бар ғой. Баукең солар ойлансын. Маған не жоқ демейді. Керісінше баласы мен келініне ой салады.
Мына Ержанды балалар бақшасына беру керек, екі жылға жетпей мектепке барады. Балаларға үйреніп, тіл табысуы оңай болмайды. Өйткені жалғыз өсіп үйренген бала ешкімге қосыла алмай таяқ жейді. Көп баланың тобы жат болып көрінеді, де мектепке барғанда баланың психикасына жаман әсер береді. Балалардан қашқақтаған соң олар бұны қабылдамай, көпке дейін араларына сіңдірмей, түртпектейді. Балалардың қарым-қатынасының өз заңдылықтары бар екенін ұмытпаған жөн. мүмкін, мектеп бітіргенше де, көптің ішінде жүріп, жалғызсырап, мектепті жат көріп кетуі ғажап емес. Сонда қандай білімінің нәтижесін күтпексіңдер? Коллективке үйренбеген бала эгоист, өзімшіл болып өседі, өзін басқалардан ерекше, артық екенмін деп санайды. Ал ондайлардан шынайы азамат шықпайды. Ауылда болса бір сірә, далада еркін жүру мүмкіндігі мол болар еді. Қалада төрт қабырғаға қамалып отыр, айнала қаптаған машина, өзін көшеге шығарып жіберу қауіпті. Үнемі ертіп алып шығуға сенің де мүмкіндігің болып жатқан жоқ. Қайта алып кеткенде өңіне қан жүгіріп, жел қағып қоңырқайланып келеді. Бала өзі шамалас тең-тұстармен жиі араласып, асыр салып ойнап жатпаса жетектеген алып шығып әкелуден пайда шамалы, әншейін эпизодтық бірдеме болады. Содан кейін, бұның жазу танып, кітапты өздігінен оқығанда мәз болмаңдар. (Ержан жаза алмағанмен төртке толар-толмаста жазуы ірі ертектерді өзі оқи беретін). Ол көзіне зиян және мектепке барып әліппені оқи бастағанда «мұның бәрін білем» деп мұғалімді зейінсіз тыңдап, сабақ үстінде зерігіп отыратын болады, міне, осы жерде, өзімшілдіктің алғашқы белгісі қылтияды. Сондықтан, мұны ойластыру керек, кейінге қалдырмайтын жай нәрсе емес», - дейді [33; 184 б].
Кітапта Бауыржанның немересі Ержанмен қарым-қатынасын көреміз.
Бір байқағанымыз Баукең баланы көрер көзге елжіреп еркелетпейді. Бірақ жақсы қылығы үшін мақтаудан да қашпайды. Ал бала бойынан еріншектікті, жалған сөйлеп, бір нәрсені жасырып қалуды байқаса, оған жаны төзбейді. Онда да бірден ақырып, ұрысып ала жөнелмей, ол әдеттің жағымсыз екендігін әр түрлі мысалдармен ұқтырып түсіндіреді. Ол немересімен ересек адамдармен сөйлескендей аса байыппен, салмақты, өзімен тең ұстап әңгімелеседі.
Баукеңнің бір жақсы жері-тек өзі айтушы ғана болмай, баланың да пікірін біліп, ой-өрісінің дамуына ықпал етіп отыратындығы.
Немересін әсіресе ана тілін шубарламай, таза сөйлеуге, нақышпен ойын жеткізуге дағдыландырады. Баланың тілін жетілдіруде ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі мақал-мәтелге көп сүйенген. Бала не түсінеді деп немқұрайлыққа салынбай, Ержанға мақал, нақыл, жұмбақ, жаңылтпаш үйреткен.
Ол келіні Зейнепке «Мына Ержанға мақал, нақыл үйрет. Жай сылдырлатып жаттатпай, алдымен мағынасын ашып, санасына сіңдір, сонда ұмытпайды», - деп кеңес береді. Тұжырымдай келгенде, біз «Шуақты күндерді» оқи отырып, Баукеңнің ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын ұстаздық қырын танимыз [34; 184 б].
Қорыта келгенде, Бауыржан Момышұлы ең алдымен сұрапыл заманда шыңдалған қаһарман жауынгер, ер қолбасшы, шын мәніндегі гуманист биік мәдениетті, рухани дүниесі бай, рухы биік адам. Есімі тарихтың тақтасына бас әріптермен жазылған адам — тар өткел, қия шатқалдан өткен қиынға өршелене ұмтылған, өз сөзімен айтқанда: "дұшпанына берілмеген", "досына берілген" үлкен жүректі адам.
Бауыржан соғыс жылдарының әйгілі батырына айналса, бейбіт замандағы жазушылық сапарында да ірі ерліктер жасаған тұлға. Ол ұлттық прозамыздағы саяси, әскери тақырыпты биік идеялық — көркемдік тұғырға көтеруші М. Ғабдуллин, Ә. Шәріпов, Қ. Қайсенов, Жангелдин, Р. Қошқарбаев сияқты майдангер қаламгерлердің алдыңғы легінде болды, соғыс сұрапылы мен адам психологиясын деректі нақтылық, алуан сырлы сезім нанымдылығымен суреттеуде дара дәстүр сілемдерін қалдырды, озық шеберлік үлгілерін көрсетті.
Соғыстың сұрапыл жылдарындағы ерлігі үшін көптеген медаль, ордендермен марапатталған, халықтың қаһарман батыр аталған Баукең творчестволық еңбегі үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды, "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі", "Халықтар Достығы" ордендерін алды.
Оның жазушылық сапарын нұрландырып, шабытына-қанат, қаламына нәр, үніне-сенім қосқан еңселі адамгершілік, қайраткерлік тұлғасы. Қоғамдық ауқымдағы өрелі ойлары мен барынша адал, бүкпесіз, ашық сезімі, асқақ та нақты саяси — әлеуметтік мұраты, айқын көркемдік — эстетикалық принциптер жүйелі Бауыржан Момышұлын заңды түрде қазақ әдебиетінің іргелі өкілдерінің қатарына қосады. Екі тілде ( орыс, қазақ ) еркін жазған қаламгер ұлттық топырағымызда әскери — патриоттық тақырыпты меңгеру жолында дербес дәстүр соқпағын салды. Жауынгер жазушының шыншыл шығармалары идеялық өзектілігі тұрғысынан ғана емес, творчестволық шеберлік ыңғайымен келгенде де әр алуан зерделі суреттерге жомарт. Бұл — Бауыржан Момышұлы мұрасының өміршең сипаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет