Мазм ұ н ы Кіріспе


«Москва үшін шайқас», жазылу тарихы



бет4/8
Дата20.05.2022
өлшемі284.5 Kb.
#458463
1   2   3   4   5   6   7   8
dip -bauyrzhan-momyshulynyn-shygarmashylyq-laboratorijasy

1.2 «Москва үшін шайқас», жазылу тарихы

«Москва үшін шайқас» үш кітаптан тұрады. Бірінші кітап Бауыржан Момышұлы басқаратын батальонның жау қоршауын бұзып-жарып, өз тобына, негізгі күшке қосылуынан басталады. Батальон «...жан түршігерлік арпалыспен қанды шеңгел жау шебін жарып өтті. Қанаттарының ұшын шалдырып, жаудың берік қамалдай шебін ойрандап, талқандап бұзып шықты».


Жау қоршауын бұзып шығып, өз тобына келіп қосылған батальонның еңсесі биік, шаршап-шалдыққанына қарамастан, сергек, салтанатты шерумен келеді. Жауынгерлер мен командирлер бір-бірін жете біліп, бір-біріне берік сеніп қарайды.
Батальонның салтанатты шеруіне генерал Панфилов та жүрегі шуаққа толып, ет-бауырды елжіреп көз салады. Бұл сәт туралы автор:
«...Шынымды айтсам, ә дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Шеңберді жарып өтіп, жау сыртынан келіп, өз тобымызға қосылғандарыңды көріп, қуанышым қойныма сыймай кетті. Жақсы келіпсіздер, жақсы келіпсіздер... – дей беріп, тебіренген генерал кілт тоқтап маған шешінуді ұсынды», - деп жазады.
Қанша күн, қанша түнді қауіп-қатер үстінде өткізіп, денесі де, миы да мейлінше ширығып әрі шаршап келген батальон командирі генералдың қуанышқа, әкелік сүйіспеншілікке толы сөздері мен ықылас-мейірімінен кейін едәуір болаңсиды, жүрегі елжірейді. Қайсар батальонның ержүрек командирі осы тебіренулі күйінде өзінің туған әкесін, әкесімен соңғы кездесуін еске алады. Алыс жолдан оралып, ауылына жақындай бергенде еңсесі түсіп бүкірейген қарт әкесінің үйден кібіртіктей басып жүгіре шығып, қарсы алып, әкелік мейірім билеп, қол-аяғы қалтырап, көкірегі сырылдап, көзі жасаурап, ұлының қолын ұстап аймалап сүйіп, мойнын теберіктей иіскеп, әңгімелейді. Әсіресе, генералдың мына ғибраты Б.Момышұлының есінде мәңгі қалып қояды:
«...Уставты біледі екенсіз, сізге оны қолданба демеймін, бірақ оның тармақтарын орнымен қолданған жөн, нақты жағдай не айтады, оймен, орнымен болғаны жөн! Уставты жаттанды қолдануға, әрине жабысып қалуға мен тыйым саламын».
Генерал ғибрат еткен бұл қағида Б.Момышұлының соғыс ісінде басты принципке айналады. Генералдың әскери ойлары мен тұжырымдары, идеялары, тактикалық әдістері оның шәкіртінің ісі арқылы сәтті жалғасады.
Батальон командирі өзіне де, өзгеге де қатал. Өзін де, өзгелерді де темірдей тәртіпке бірегей бағындырған. Тәртіп бұзған жағдайда, ол ешкімнің де маңдайынан сипамайды. Лейтенант Брудный взводымен тосқауылда тұрып, жау бастырмалатып шабуылдап келе жатқанда, рұқсатсыз позициясын тастап шегінген кезде, батальон командирі оны орнынан алып, батальоннан мүлде қуып жібереді. Өз айыбын жуу үшін Брудный бірнеше рет көзсіз ерлікке де барады. Бірақ батальон командирі тарапынан қолдау болмаған соң, сағы сынып, жасып жүреді. Кейін генералдың ықпалымен өзінің тым қатты кеткенін, тым қатал болғанын ұққан соң, командир Брудныйды бұрынғы орнына қайта қояды. Бір жарым взвод жауынгерлер тобына командир болу туралы нұсқау алғанда ғана ол жадырап, бұрынғы жайсаң қалпына орала бастайды.
«Брудный екі қолын сілтеп, адымын кере басып, ентелей жөнелді. Біраздан кейін қадамы қысқарып, иығы қомдалып, басын шұлғып төмен қарағандай болды. Маған ол қолымен көзін сүрткендей көрінді.
– Брудный! – деп айқайладым мен. Ол шұғыл тұра қалып, маған қарай бұрылды.
Мен жұдырығымды көрсетіп:
– Не сметь плакать! – деп зекірдім.
– Есть не плакать! – деп жауап қатты да, маяға қарай жүгіре жөнелді. Мен оның даусынан, жүгірісінен қуаныш сезімін байқағандай болдым. Оның соңынан қарап тұрғанымда, көзім мұнарланып, жүгіріп бара жатқан лейтенант пен шөп маясы сағымдалып, бұлдырап кетті. Көзімнің жасын бір сығып алып, басқа взводтың позициясына қарай жүріп кеттім» [11; 302 б].
Жауынгер үшін сеніммен, командирінің сенімінен айырылудан үлкен рухани соққы болар ма? Сол соққы жанын жегідей жеп, жүрегін сыздатқанда, ол қайда барып байыз табарын білмейді. Жаны жадырап, қабағы ашылмаса да, командирінің жүзіне жасып, сығалап қарап, одан кешірім ізін тапқысы келіп қиналады. Ойында, ішінде не болып жатқанынан еш хабар бермейтін, ешкімге ләм-мим деп сыр ашпайтын командирдің жүзінен көңіл жұбатар жылылық таба алмаған соң, бәріне үнсіз көніп, өзі жасаған айыбының ауырлығынан одан сайын жаншыла түседі. Батальон командирі қайтадан сенім білдіріп, тиісті әскери тапсырма бергенде, іштей үгіліп жүрген жауынгердің қуанышы мен ризалығы сыртына бұрқ етіп, көз жасын ілестіре шығады. Жауынгеріне ауыр, қатал, бірақ әділетті айып артқанмен, сонысына өзінің де қабырғасы қайыса қиналған командирдің көңілін қол астындағы жауынгерінің аңғалдығынан асып түсіп жатқан адалдығы мен Отаны үшін жан қиюға бар қайсар қаһармандығы қатты тебірентеді. Батальон командирі бұл тұстағы өзінің ой-сезімін, күйініш-сүйініштерінің сырына үңіліп, оны саралап тануға да, өзгеге танытуға да ықылас білдірмейді. Тек сол тебіренулі, толқулы хал-ахуалының сыртқы, түр-тұлғадағы белгілерін берумен шектеледі.
Осы жауынгер, лейтенант Брудный, батальон командирінің көз алдында жау оғынан қаза болады.
«...Немістер атакаға шықты. Жалмұхаммед Бозжанов келді.
– Брудный! – деп тұра қалып: – Сен мұнда неғып жатырсың? А?
– Ол ұйықтап жатыр. Тимегін оған, – дегенімде:
– Сізде, жолдас комбат, ешқандай мейірім жоқ екен ғой! – деп ол маған зекірді. – Өлімді қалай ұйқы деп тұрсыз?
Оны мен өлтіргем жоқ! соғыс өлтірді. Кінәлағыш болсаң, соғысты кінәлағын...
– Кешіріңіз ағатай. Абайсызда айтып қалдым...»
қан майданның қақ ортасында қаны мен терін төгіп жүргеніне қарамастан, тірілер үшін өлім, әсіресе, жақын адамның өлімі ойға да қонбайтын, ақылға да сыймайтын бір сұмдық іс секілді. Бозжановтың комбатқа айтқан айыптау сөзінен осыны аңғаруға болады. Оның комбаттан кешірім сұрауының негізінде тіріні, тірі жүрген, бірақ кез келген сәтте Брудный секілді көз жұмуы да мүмкін дос, жолдасының, бауырының көңілін бекер қабаржытқысы келмеген азаматтық, жауынгерлік сүйіспеншілік жатыр.
Батальон командирі бірде Бозжановқа зекіріп қалып, ізінше, оңаша қалғанда, онысына өкініш білдіреді:
«...Бозжановқа неге зекірдім. Ол менің бұйрығымды нақтап, қайта қайталап, бұрылды да шығып кетті. Сол кезде оның арқасы маған өкпелеп, сәл бүрісіңкірегендей болды. Менің жаныма, әсіресе, сонысы қатты батты. Неге ғана зекірдім?..» [12; 216 б].
Б.Момышұлының ой-сезімдері, күйініш-сүйініштері, әсіресе, жауынгерлер туралы, олардың көңіл-күйі, өз нұсқау-бұйрықтарының оларға әсері жайындағы толғаныстары бұрынғы эпизодтарда эпикалық суреттеу тәсілдері, портреттік жекелеген я тұтасқан күрделі сипаттамалар, детальдар арқылы ашылатын. Мына жерде батальон командирінің өзінің де жаны қиналып, жүрегі ауырады. Үнемі сұсты, қатал қалыпқа көрініп, сұсты, қатал сөйлейтін командир, осылайша, бір сәт өз ойы, өз сезімі сырын ашады. «Жота» әңгімесінде автор осы қырынан көрінген-ді. «Взвод командирінің көмекшісі Николай Редин» ауыр жарақаттанып, өлмеші халде жатқанда, полковник қатты қиналады. Көз жұмып бара жатып, бұрынғы шәкірті, қазіргі командиріне ризалық сезімін «Совет Одағына қызмет етемін!» деген қасиетті сөзімен жеткізіп үлгірген Н.Редин, шынынды да, шексіз құрметке лайықты еді. Дивизия командирі ұстазының суынған денесін құшақтап, еңіреп жібереді. Енді бір тұстарда Б.Момышұлының мұндай жаны қиналған толқулы шақтары публицистикалық қысқа баяндаулар арқылы беріледі.
Б.Момышұлы полк командирі болып тағайындалғаннан кейінгі бір ұрыста екі жас әрі дос лейтенанттың бірі екі аяғынан қатар жараланады, ал екіншісі оған қарамай кетеді. Екеуі әскери училищені бірге бітірген, бір ротада, взвод командирлері. Басқа жағын айтпағанда, тіпті бір училищеде бірге оқып, бір ротада қатар қызмет атқарып келе жатқан екі жас лейтенанттың мына күйлері полк басшысына ауыр тиеді. Бұл туралы полк командирі кейін былай деп жазады: «Училищеден кейінгі қызмет жағынан да, ұрыс кезінде де олар мені өздерінің ұстазы деп санайтын. Екеуі де біздің батальонның барлық ұрыстарының ішінде болған жауынгер жігіттер. Міне, мен енді полк командирі болғанда, біреуі ауыр жараланып, орнынан қозғала алмай отыр, бірі болса, оның қазір мен өзім жарағын сыпырып алдым.
Мен олардың қасынан кеттім».
Кейін жаралы жолдасын жауға қалдырып, өзі тайып отырған бірер жауынгерге командир тиісті жазаларын береді. Бұл жазалар да командирдің бұйрығы бойынша орындалады. Мұндай бұрықтары жөнінде полк командирі мынаны жазады: «Приказ-бұйрық – командирдің ішін өртеп, сай-сүйегін сырқыратып, ішек-бауырын езіп, жүрегім құм ете шыққан лебі». Бұл пікір, әрине, тек әлгіндей жазаға байланысты шешімдерге ғана емес, соғыс жағдайындағы барлық бұйрықтарға түгел қатысты. Өйткені соғыс жайындағы бұйрықтардың қай-бұйрығының салмағын, шығыс пен кірістің арасалмағын жете бағдарлап, жете танып-білген командир ғана осылай жаза алады [13; 114 б].
Б.Момышұлы соғыс ісін қатқан қағидалар бойынша жүргізбейді. Екі қарап, бір шоқитын қарға қимылдан да аулақ. Қатал, қайсар әрі қырағы. Соғыс ісіне техника мен адамдардың айқас-шайқасы деп қарамай, оны ой мен парасаттың, ақыл мен айланың арпалысы ретінде бағалайды. Соған орай ол кей тұстарда күші басым жауды аз күшпен-ақ тізе бүгуге мәжбүр етеді. Әрине, бұл да белгілі шешімнің, бұйрықтың нәтижесі екендігі анық. Мұндай шешім-бұйрық кей тұстарда командирдің алғыр ойы мен нар тәуекелшіл ержүрек табиғатынан шығып жатады. Мына бір эпизодқа назар аударып көрейік: Дивизия командирінен әскери стратегиялық және техникалық мәні бар бірнеше деревня мен пункті қорғау туралы бұйрық алғанына қарамастан, командир солардың бірін, Матренино деревнясын тастап, кері шегінеді. Ізінше Матрениноны алып, тауық пен торғай қуалап, мәре-сәре болған, сөйтіп бейқам жатқан жауды шағын күшпен үш тараптан бірдей соғып, қуып салады. Жаудың батальонының документтері, екі танкі мен үш машинасы олжа болады.
Батальон командирі Матрениноны тастап шығу туралы бұйрық бергенде, кейін жауды қайта қуып шығуды көздеген еді. Расында да шаршап, шалдығып кеткен жау тобы деревняда демалып, жан шақыруды көздейтігінде сөз жоқ еді. Деревняны тастап «қашқан» совет жауынгерлері лезде қайта шабуылдар деген ой оларда болмауы да ғажап емес-ті. Б.Момышұлы Матренинодағы өз жауынгерлерінің тобына деревняны тастап, «қашуға» бұйырғанда, осыны, жаудың қырағылығын төмендетуді мақсат тұтқан деуге болады. Шағын операция батальон командирі ойлағандай сәтті өтті. Жау қашып, жауынгерлердің мерейі өсіп қалды. Дивизия басшылары да бұған дән риза болады. Алайда бұл орайдағы батальон командирінің шешімі де, жалпы осы тактикалық операцияның өзі де нартәуекелдің көрінісі болатын. Мұндай іске қызу әрі батыл ойлы командир ғана бара алуы мүмкін еді. Сонымен қатар бұл жерде ойдың қызулығы мен батылдығынан басқа сергек психологтың, әскери психологтың сарабдал санасының қызметі де айрықша көрініс берген.
Дивизия командирі шегініп бара жатқан жаудың жолын кесу мақсатында Грошково деп аталатын қыстақты алуды тапсырғанда да Б.Момышұлы соғыс ісі мен соғыс өнеріне жетік дарынды полк командирі ретінде көзге түседі. Командирдің ой-толғанысы да бұл орайда көп жайдың бетін ашады.
«Грошково алдымызда жап-жақын-ақ тұр. Бірақ та ол жалғыз емес, алты ағайынды. Онымен қоныстас алты қыстақ Грошковоны ат тағасындай қоршап іргелес тұр... Алты қыстаққа алты жақтан күреп тазалаған алты даңғыл жол жосып келіп, барлығы барып ортасындағы бір қыстаққа қосыла түйіледі. Содан тағы бұтақтана жан-жаққа тарайды. Ол қыстақтың аты Бородино екен».
Полк командирі жер жағдайымен таныса келіп, Грошковоны жау қолынан алудың жолдарын, амалдарын іздестіреді, оны жау қолынан тартып алудың полк, дивизия үшін тиімді және тиімсіз жақтарына үңіледі. Ақыры, мына қорытынды ойға тоқтайды: «Біздің Грошковоны алып, қызыққа оралған аттай болып шатасып, торға түскен құстай бұлқынып жатқанымыздан біздің әскерге не пайда. Ешқандай пайда жоқ. Залал-зиян мол. Біздің полк істен шығады. Қатардан шығып, өз басымен әуре болып жүріп, аман да шыға алмаймыз».
Дивизия командирінің Грошково қыстағын алу туралы бұйрығынан кейін, полк командирінің мына толғанысы жөнсіз болып көрінуі мүмкін. Өйткені бұрықтың аты бұйрық, оны тек орындау керек. Бірқатар командирлер осылай ойлайды, солай әрекет етеді. Бұ йрық болмаған жағдайда, бұғып отыра береді. Осындай командир басқарған бір механизацияландырылған бригада Б.Момышұлының көз алдында тоз-тоз болып бытырап кетеді:
Армия штабының генерал Панфилов Б.Момышұлының батальоны соғысып жатқан Горюны селосы жағына тұтас бір механизацияланған бригада жіберілгенін айта отырып, Б.Момышұлына уақытша сол бригаданың командиріне бағыну бұйырылғанын ескертеді.
Бригада жаумен арпалысып, қиын жағдайда жатқан батальонға ешқандай қол ұшын бермейді. Өз тарапынан да тиісті шешім қабылдап, әскери белсенділік танытпайды. Көмек сұрап, бірнеше рет хабар салған батальон командиріне: «Мен әлі шешім қабылдай қойған жоқпын, әзірге өздерің соғыста тұрыңдар, жағдай кейін қандай болар екен, көрерміз», - деп отыра береді. Бригада басшысы шешім қабылдағанша жау тобы шепті бұзып, алға өтіп кетеді де, бұлар жаудың тылында қалып қояды. Бригада басшысы подполковник өз адамдарын таратып, қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шығу туралы шешім қабылдайды. Сөйтіп, «Шеті ойылмаған тың бригада барлық техниканы тастап, жауға қарсы бір оқ атпастан 1941 жылдың 20 ноябрінің ертесінде дәрменсіз подполковниктің бұйрығымен көз алдымызда «қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шықпақ болып» ағаш-ағашты паналап тарап кетті».
Командирдің әскери танымының саяздығы, қабілетсіздігі осындай берекесіз, қылмыспен ұштасып жатқан нәтижеге алып келеді. Бұлайша жоғарыдан бұйрық күтіп, қам-қаракетсіз қол қусырып отыру да, жоғарыдан келген бұйрықты орындауға құлшынып, дегбірсіз дедек қағу немесе тағатсыз тұра шабу да командирдің алымды, алғыр, елгезек табиғатын, тәртіпке бағынған тура, турашыл бетін таныта алмайды [30; 72 б].
Б.Момышұлы өзінің ой-толғаныстарымен де, әскери-соғыс өнеріне жетік оралымдылығымен, парасаттылығымен де дара, ешкімге ұқсамайды. «Бұйрық – біліп берсең бұйрық; жаңылсаң, қателессең, ол бір – бүлік. Бұйыру оңай емес», - дейді Баукең.
Жағдайды толық анықтап, жете білгеннен кейін, командир бірнеше қорытынды жасайды:
«Бірінші қорытынды: алты қыстақтың шаңырағын тіреп тұрған сырығы Бородино, жау ордасының мықты тірегі де сол, қалғандары оның таяныштары. Екінші қорытынды: мына алты қыстақ, жолысып жатқан алты арнадан күш береді. Үшінші қорытынды: дұшпанның бекінісі мықты, күші мол, біздің күшіміз аз. Төртінші қорытынды: шегінуге бұйрық жоқ. Алдымыздағы мақсат – жауды күйрету...
Екі жол бар: біреуі жақын, жақын да болса алыс. Ол – бұйрық бойынша жалғыз Горошковоны алу. Бірақ ол мақсатқа жеткізбей, жарым жолда қалдыратын қатерлі жол. Екінші жол алыс, алыс та болса жақын. Ол – алты қыстақты бірден алу».
Полк командирі алты қыстақты бірден алу туралы шешім қабылдайды. Шешім бұйрыққа ұласады.
Әлгі механизацияландырылған су жаңа бригаданың подполковнигіне ойлаған жағдайда, полк командирі мұндай шешім қабылдамаған болар еді. Онда ол «жақын, жақын да болса алыс жолды» таңдар еді. Өйткені бұйрық солай. Бірақ Б.Момышұлы бұйрықтың мазмұн-мәнін өзінше, Б.Момышұлына ғана түсінеді. Соған орай Б.Момышұлына ғана әрекет етеді. Берілген бұйрықтың мәніне, оны орындаудың, жүзеге асырудың мақсатына ден қойып, олардың мәнісін анықтаған соң, командир, жоғарыда айтылғандай, оны орындаудың екі жолы барына көз жеткізеді. Бірі – тура, жақын, бірақ баянсыз жол; екіншісі – ауыр, қатерлі, алыс, бірақ баянды жол. Командир бұйрықта көрсетілген Горошковоны алу міндеті оның маңында тізе түйістіре орналасқан қыстақтарды қоса алуға мәжбүр етеді. Маңындағы бес қыстақтағы жауға тиіспей, тек бір ғана Горошковоны бес жақтан қыспаққа алған жағдайда, ол еңбектің бәрі зая кетеді. Оның үстіне полк қиын, қатерлі жағдайда қалуы анық. Алты қыстақты қатар алу алмағайып, қауіпті іс екендігі рас, әйтсе де шабуылдың мезгілін дәл белгілеп, операцияны тұтқиылдан, тез әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асырған жағдайда, жаудың жайрап түсетіндігі күмән қалдырмайды.
Тәуекелшіл, белсенді, жауынгер ой, ақыры, жеңіске жеткізеді. Б.Момышұлының полкі жаудан алты қыстақты қатар, бір мезгілде тартып алады.
Жаудың кезекті бір шабуылын тойтарып, тыныс ала берген сәтте, шепке генерал келеді. Беті қайтып, шегініп бара жатқан жауға қарап тұрып, генерал Б.Момышұлына:
«– Не қып тұрсыздар, аналарды өкшелей қумастан», - деп зекиді. Генералдың бұл ескерту-зекуіне полк командирі өз пікірін қарсы тосады:
«– Жолдас генерал, бізге бекінген орыннан қозғалу өте қауіпті, – дей бергенімде, генерал санын бір ұрып күрсініп, тұрған жеріне отыра кетті. Әбден құсаланды білем, ашулы көзімен маған бір қарап, орнынан тұрып, бұрылмастан алға қарай жүріп кетті».
Генералдың мынандай ескерту-зекуінен кейін, Б.Момышұлының орнында басқа бір капитан болса, бәлкім, ол қорғаныстағы қолды тік көтеріп, қарсы шабуылға бастар ма еді... Иә, табысқа, жеңіске көзі жетпей, тіпті сәтсіздікке ұшырайтынын сезіп тұрса да, қолды шабуылға шығаруы мүмкін. Өйткені генералдың ескертпесі әрі зеки айтқан ұсынысы төменгі дәрежедегі командирлерге бұйрықтан кем әсер етпеуге тиіс. Соған қарамастан Б.Момышұлы мына жерде өз шешім-байламы бойынша әрекет етеді, генералдың зеки, жанама түрде берген нұсқауын қостамайтындығын ашық, тұжырымды айтып салады. Онысы, бірбеткей, сыңаржақ немесе бір сәттік тыз етпе турашылдық емес, шені жоғары адамның алдындағы әдепсіздігі я мінезсіздігі де емес. Істің жайы солай [14; 224 б].
Кейіпкер образын толыстырып, даралай түсуге оның ой-толғаныстары мен күйініш-сүйініштерінің сипатын танытумен қатар, осы секілді нақты іс, белсенді қарекеттер де айрықша қызмет атқарады.
Б.Момышұлы өз шығармаларының бетінен соғыстың қиын ауыртпалығын, Отан қорғаушылар өмірінің қаһармандық әрі трагедиялық суреттерін көрсетеді. Автор қатардағы жауынгерлер мен әскери қолбасылардың ел мен жер, Отан алдындағы парызына, қасиетті парызына адалдығын тебірене отырып баяндайды. Ұшқан ұя, туған Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің қарапайым жандарды жаппай ерлікке, адамгершіліктің, азаматтықтың шырқау биігіне, қаһармандық қиясына бастаған айрықша қуатты, ұлы сезім екендігін тарихи нақты оқиғалар арқылы бейнелейді.
«Москва үшін шайқас» ел адамдарының ерлігін, қайсар рухын, Отанға деген баянды махаббатын жырлап қана қоймайды, сонымен қатар ол Отан қорғаушы жауынгерлерге, олардың тағдырына деген сүйіспеншілік пен құрметке де толы.
Егер жазушы қаһарман тек әрекет пен бұйрық-жарлық, ұрыс сахналарын ғана суреттеп, лирикалық шегініске жол бермегенде, немесе, Момышұлының жан дүниесі мен арман – мұратындағы ақ-адал, мөлдір сырлар ықшам да сыйымды түрде қамтылмағанда, бұл туындының адамгершілік-ұждандық нысанасы анықталмағандықтан, тәрбиелік, моральдық-тактикалық мәні жоғары болмас еді [15; 192 б].
Б.Момышұлы өмірдегі табиғи болмысымен көркем дүниеге де тұтас, қалтқысыз көшкен. Әдеттегі өткір, шыншыл адам шығармасында да шыншыл жазушы, батыр кейіпкер болуына автордың ерлігі мен қаламгерлік шеберлігі жетеді. Болғанды болған қалпында асырмай, жасырмай бейнелейтін әңгімеші жеке ерлігін тәптіштеуден қандай аулақ болса, кемшілігін, қателігін ұғып, түсінуге ұмтылған сәттерін де бүкпесіз жазады. Батальонды басқарған Момышұлы полк командирі дәрежесінде неғұрлым есейе, байсалдана түскен. Бұл кезеңде шұғыл шешім, қызуқандылық, асығыстық ұшыраспайды. Алайда батылдық, тапқырлық, қырағылық нышандары мол байқалады. Жауынгерлерді қорқытып ұстау орнына көңілін көтеру, жігін тасыту, ерлік қимылға дайындау ниетімен өнегелік нақыл, үлгілі оқиғаларды мысалға алар шақтары басым.
Тек жауынгерлері ғана емес, әріптестерін, командирлерін барлап, сынай қарау, нақты портреттік детальдарға қоса авторлық мінездеме беру – қаламгер стильіне етене белгілер. Осы ретте Б.Момышұлының генерал Чистяков туралы ой-тұжырымдары, қорытындылыры әділ, мейлінше жан-жақты. Автор қолбасшыны өз тұрғысынан ғана емес, өзгелердің көзімен де сарапқа салады, ол пікірлерінің ақиқаттығын іс жүзінде аңғарта суреттейді.
Бір Трошково селосын алудың орнына, жергілікті әскери –сртатегиялық жағжайлармен танысқан соң, түрлі «қулық» амалдар жасап, көршілес алты деревняға қатар басып кіру – полк командирі Бауыржан Момышұлы үшін нат тәуекелге бел байлау әрі тактикалық тың шешім, көзсіз батылдық. Чистяков ұрыс нәтижесін көріп, бұйрықтың басқаша орындалғанына шамданбайды. Соғыс ахуалындағы кездейсоқтық пен өжет қадамдардың төтенше роліне көзі қанық, тәжірибелі генерал кіші командирлердің творчестволық бастамасын да тиісті жерінде қолдап, көтере біледі.
Қолға түскен бекіністерді жаудың негізгі күші орналасқан Соколоводағы гарнизонның қарсы шабуылынан қорғауда қақаған аязда ұйқысыз түн қатқан совет жауынгерлерінің ерекше қаһармандығы, жанкештілігі, күндізгі шабуылдарды тойтаруда айрықша қажыр-қайрат танытқан Мәлік Ғабдуллин ротасы, Төлеген Тоқтаров бастаған алты батыр автоматшының айтусыз ерлігі қаламгер тарапынан қуатты жан тебіренісімен суреттеледі.
«Дүние ынтығынан ентіге булығып дем алғандай, жел тынысын ішіне тартып, боран жас жауынгердің қабырын қаба құшақтай, боздай соғып үдеген тәрізді. Жел Алтайдағы ананың арманды жоқтауын алсытан аңыратып алып келіп тұрғандай...» Ер Төлегенді жерлеу рәсіміне қабаттас туған осынау өзекжарды толғаныс бүкіл соғыстың рухани-моральдық зардабын символикалық ыңғайда жинақтай көрсететін романтикалық сарынға ұласқан. Шындық оқиға, табиғат тарпандығы, тағдыр қатыгездігі, ана зары терең үйлесім тауып, автор сезім дүниесіндегі қуатты бұрқаныс толымды өрнектеледі [16; 61 б].
Шығармада жазушы өз көзімен көрген, өз басынан өткен оқиғаларды баяндайды. Барлық оқиғаның жуан ортасында өзі болғандықтан автор әңгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы. Сондықтан бұл шығарманың айрықша бір ерекшелігі – авторымен кейіпкерінің бір жерден шығуы. Бұл жазушыға қиындық туғызады, жауапкершілігі шек пен шеңберді ұстауына байланысты. Міне, бұл ретте Бауыржан өз ролін шындық мөлшерінен асырмай, тасытпай дұрыс көрсете алған. Тіпті бұл ретте автор-кейіпкер өзінің қателерін де ағат, жаңсақ кеткен өкініштерін де тайсақтамай батыл мойындап отырады.
Кітапта Бауыржан мынадай сөздерді эпиграф етіп алыпты: «Бұл запискаларда мен тәжірибелерімді әңгімелеп қана қоймай, өз басымнан өткен қателерді де баяндамақпын». Сондай-ақ ол бір күні подполковник кургановтың өзіне қатал мінезі үшін байсалды ескерту жасағанын да жасырмай жазады.
-Айқайлаудың жөні бар, жолдас аға лейтенант. Телефонның тұтқасын лақтырып, көз алдыңыздағының бәрін асамын, шабамын деп жазықсыздан жазықсыз құр ұрса бермес болар, жолдас ағалейтенант. Ашуыңмен емес ақылыңмен билеген жөн болар. –Мұның өзі даңқты комбаттың өткен оқиғаларға өз ролін асыра бағалау көімен емес, мейлінше кішіпейілдікпен, тіпті әділ сын көзімен қарағандығына айғақ. Л.Н.Толстойдың «Севастополь» әңгімелері мен С.Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ кешуінде» осылай болатын. Өзінің осындай реалистік ыстық қанымен немқұрайды баяндамайды, жүректің ыстық қанымен суреттейді. Сондықтан оқушы ратор мен кейіпкерлердің бұл секілді тұтасқан образынан (лирикалық кейіпкерден) жазушы Бауыржан мен командир Бауыржанды қатар сүйеді, қатар сыйлайды. Бауыржан жалпы әскери өмірді жақсы білумен қатар соғыстың стратегиясы мен тактикасын, ұрыстың айла-тәсілдерін де жақсы біледі. Командирі, генерал Панфиловтың соғыс өнерінің теоретигі, шебері екенін көрсете алар ма еді? Істің осы бір жағын жетік білгендіктен де мәңгі өлмес Панфилов образы өзінің екі жақ қырынан да айқын көрінген ғой. Біріншіден, ол солдатты жақсы білетін және жанындай жақсы көретін кішіпейіл, қарапайым адам бейнесінде көрінсе, екіншіден, ол соғыстың философиясы мен өнерін білетін де керемет іске асыратын командир-теоретик ролінде көрінеді.
«Тактика дегеніңіз арифметика емес қой, -дейді генерал Панфилов, -тактикада екіде –екі өне бойы төрт бола бермейді, үште –үш тоғыз бола бермейді, тактиканың өз заңы бар – ол өнер заңы».
Осы заңды еркін біліп меңгерген де игерген жазушы қан майдандағы жауынгердің бейнесі мен характерін көзге елестететін қызық кітап жазып шықты. «Ұшқан ұяда» белгі берген қасиеттер мен сипаттар жазушының әскери мемуарлық туындыларында берік ірге тепкенін аңғару қиын емес. Мұнда жазушының шебер әңгімешілдік, суреткерлік, ақиқатшылық қасиеттерінің жаңадан бой көрсеткен атап айтуға болады. Әсіресе Бауыржанның бір ғана эпизодпен, бір ғана көріністен ұмытылмас образ, айқын характер жасай қоятын новеллистік қабілеті керемет. Мысалы повесті оқығаныңызда көп адамдармен танысасыз [17;12 б].
Кейіпкерлер бірінен кейін бірі тізбектеліп өтіп жатады, көбіне бір кездескен соң қайтып соқпайды. Соның өзінде олардың әрқайсысы өз кескінімен, өз әрекет, ой-пікірімен, өз мінез құлқымен мықтап есте сақталады. Бауыржанның майданда қатар жүрген жазушы жолдастарына қалай көрінетіні өздері білсін, онда болмаған біздердің өзіміз Момышұлының кітаптарында кездесетін жауынгерлер мен командирлермен бірге жүріп білгендей жақсы көріп, ерлігіне сүйсінеміз, ажалына күйінеміз.
Соның бірі – генерал панфилов. Орыс халқының ізгі жанды адал ұлы, үш срғысты басынан кешірген солдат, соңғы соғыста сүйікті генерал-майор, дивизия командирі. Оның қазан жемісін жауға тірі тұрып бермейміз деген серті, жауынгерлерге деген берік сенімі, әкелік жылы шырайы – осының бәрі еш уақытта ұмытылмайды. Панфиловтың кішіпейіл, ақ жарқын, әкелік бейнесін Бауыржан «Капитан Лысенко» деген тарауында мынадай бір детальмен жақсы келтірілген:
«Соңғы бес күн, бес түн бойы мен осындай қатал да болса, генерал менің алдымнан шығып рапорт айтуыма да мұршамды келтірмей, шапшаң басып қасыма келіп, қолымды қос қолдап қазақша алып қиғаштау қара көзімен маған тебірене, қуанышты жүзі жайдарлана қарап, көпке дейін қолымды өз қолынан босатпай тұрды». Сондай-ақ бөрі кимегенде Чапаевтан айнымайтын капитан Лысенко, бұрынғы педагог, алғашқы кезде әскери киімді қалай киюді білмейтін, адамға жекіріп сөйлей алмайтын татар жігіті Қайым Гарипов, «Россия байтақ ел, шегінетін жер қалған жоқ, артымызда – «Москва», деген сөздері жүрегімізге мәңгі жазылған политрук Василий Клучков, аю сықылды, мосқал, дөң, бірақ ақкөңіл адам артиллерия капитаны Кирсанов, күні бүгін араласқандай жақын жанды, жарқын образдар, Толстунов, Исламқұлов, Угрюмов, Краев, Бозжанов, Рахимов, Капаров, Курганов, тағы басқа солар сықылды әр ұлттан шығып, ұлы бір мақсатта достасқан ардақты совет адамдары туралы да осыны айту керек.
Бұлардың әрқайсысының ішінде Бауыржан да қандай қиын, ауыр кезеңде болсын, ерліктің ғажап үлгісін көрсетуге бар. Бұл ерліктің нәр алатын қайнар бұлақ көзі не десек, Отанға деген сүйіспендік пен жеңіске деген шексіз сенім екен. Жауынгерлердің осы бір құрыштай сезімін ешқандай күш әлсірете алмайды. Өлім екеш өлім де оның алдында дәрменсіз. Бұл армия шегініп келе жатқан жағжайда кейбір бөлімшелер қоршауда қалып, кейбір батальон, роталар тұтасынан апатқа ұшырап жатқан кезде де жауынгерлеріміз жеңіске сенуін қойған жоқ. Олар өлімнің өзін жеңетіндікті дәлелдеді [18; 299 б].
Бауыржан кітабында осындай бір қасиеттерді тамаша бейнелеген. Бұл қасиетті кез —келген жауынгер ұл — қыздарымыздың басынан табамыз. Олар нанымды фактілерімен алынып, бір жағынан типтік дәрежеге көтерілген, екінші жағынан әр адамның характеріне сиымды, лайық қалыпта дараланып бейнеленген. Бауыржанның бір ерекшелігі — жеке бір жалқы адамдардың дара ерлігін ғана емес, совет жауынгерлерінің жаппай ерлігін де жақсы бейнелей алуында, ерліктің қайнар бұлақ көзі -Отанды сүю, жеңіске шексіз сену сезімі екенін айқындай білуінде. Кітаптың үлкен тәрбиелік мәні де осында. Ерлік туралы жазушы бір жерінде өзі де түйіп айтыпты: "геройдың бәрін бірдей біле бермейміз және ұрыста бәрін бірдей байқай да алмаймыз. Аты әйгілі геройлардан аты белгісіз геройлар ылғи да көп. Алдыңғы айтқандар соңғыларға көптен —көп қарыздар, өйткені қарапайым адамдардың жанқиярлық ерлік қимылдары болмаса, аты әйгілі геройлардың ісі мен есімінің қаншалықты құны болар еді".
"Москва үшін шайқас" нағыз оптимистік және патриоттық кітап. Бұл жауынгерлеріміздің ең бір қиын кезеңде, қатігез жау Мәскеуге айрықша ерлігін, мойымас рухы мен қажымас қайратын, сол тұстағы олардың толғанған ойы мен сезімін көзге елестеткен көрнекті кітап.
Өмірден алынып, жүректе қорытылған шынайы шыншылдық, публицистикалық өткірлік, әңгімесінің нақтылығы, дәлдігі кітаптың негізгі сипаты.
Кітаптың тағы да бір ерекше сипатын өз алдына айту керек сияқты. Ол оның стиліндегі ұлттық өзгешелігі. Бұл әриене, өзекті мәселе. Әдебиет тану ғылымында бұдан бірнеше жыл бұрын ұлттық өзгешелікті тек тілден іздейтін. Ол принцип бойынша, біз Бауыржанды орыс тілінде жазатын болғандықтан орыс жазушысы деп қарап, оның творчествосынан қазаққа тән ешқандай ұлттық сипат іздемес едік. Істің байыбына барып көрсек, мәселе ондай емес, басқаша.
Бауыржанның шығармаларында аңғарған кісіге қазақ халқының ұлттық характерінің нышаны мен қазақ тілінің рухы, құрылысы, кестесі байқалып —ақ тұрады. Жазушы Дмитрий Снегин Б.Момышұлының осы бір жазу ерекшелігін жақсы аңдаған: "Оның шығармаларының барлық образдық құрылысы авторының қазақ екеніне айқын айғақ болып тұрады. Және аударма емес, туынды екендігі де анық көрінеді" дейді ол. Шынында да қазақ тілінен орыс тіліне аударылған көп төмен қол кітаптардан тура орыс тілінде жазған Бауыржан шығармаларының түп нұсқалық, ұлттық белгі, қасиеттері басымырақ екені даусыз ғой.
Әңгіме Момышұлының қазақтың психологиясын терең біліп жазатындығында ғана емес, қазақтың мақал — мәтелдерін яки Абай поэзиясы мен халық поэзиясынан көп өлең үлгілерін пайдалануында да емес. Әңгіме жазушының суреттеп отырған өмір шындығына қазақ топырағында туып, өскен байырғы адамның көзімен қарап, барлық суретке өз бейнесінің бедерін салған ерекшелігінде. Мысалы, Панфиловтың образын жасарда Бауыржан туған әкесін еске алады, оның әкелік жарқын бейнесін, мейрімді жылы шырайын көзіне елестетеді, өзінің подполковник Кургановпен қақтығысып қалған әңгімесін еске түсіріп былай дейді: "Кургановтың соңғы жекуі маған оңай тиген жоқ, бірақ кейін әңгіме үстінде "жігіттер", "сен", "хал, мынадай Момышка" деген жақын да жылы сөздерін естігенде егіліп кеттік. Егер дәл осы заманда менің өлген әкем тіріліп, мына әңгіменің басы —қасында болса, баласын орыс подполковнигінің "Момышка" дегенін өз құлағымен естісе, ол маған өзі сыбырлап : "Балам, мына орыс жігіті қызу сөйлейтін кісі екен, бірақ жақсы, адал жігіт көрінеді. Өзінің туған ағаңдай көр", деген болар еді.
Командир Момышұлының тіпті ұрыс майданының ертеңі туралы мынадай бір жоспарының өзінде нағыз қазақша ойлап топшылаудың қалпы көрінбей ме: "Бізде екі жол бар дейді Бауыржан, — бірі жақын жол, бірақ жақын да болса алыс жол -жарлық бойынша жалғыз Трошкованы алу керек екен, мұнымен біз мақсатқа жетпейміз. Екінші жол алыс, бірақ алыс та болса жақын жол алты деревнияның алтауын да алып, жол біткеннің бәрін қолға түсіру жолы".
Айнала дүниеге, өмір құбылыстарына өстіп өзіндік тұрғыдан қарап, туған халқының ұлттық характерінен өткізе тану — Бауыржан творчествосының айқын сипатының бірі.
Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша. Ол бірінші бой көрсеткен әскери жазушы. Оның қызық ерекшелігі — әрі даңқты командир, әрі белгілі жазушы, әрі өз шығармаларының авторы мен кейіпкері, әрі басқа жазушылардың да басты кейіпкері. Бауыржанның екінші ерекшелігі - ол екі тілде жазады, және орыс тілінде жазғанда да өзінің ұлттық ойлау, сезіну, сөйлеу өзгешеліктерін сақтайды. Үшінші ерекшелігі — әдебиетке кеш келгендіктен, жазушының жаратылысындағы суреткерлік дарын өзінің барлық қабілеті үмкіндіктерін - әлі көрсетіп үлгірген.
1958 жылы қазақ әдебиеті мен көркем өнерінің Москвада болған он күндігіне барған жазушыларды қарсы алған Николай Тихонов: "Біз ескі досымыз, Ұлы Отан соғысының геройы Бауыржан Момышұлының "За нами Москва" атты кітабын оқимыз" деп жылы сезім білдірсе, әскери жазушылардың Москвада болған кеңесінде сөз сөйлеген армия генералы Филипп Иванович Голиков мынадай жоғары баға берген: "Момышұлының запискалары мемуар болғанмен басқа мемуарлардан көп айырмасы бар, ол көркемдік дәрежеге көтерілген, онда артық эпизод, кейіпкерлер деген жоқ. Нағыз маңызды эпизодтар мен образдарды іріктеп алған".



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет